Оқу әдістемелік кешені 13 мамыр 2016 года №292 жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мемлекеттік білім беру стандарты және типтік оқу жоспары негізінде профессор Е. С

Loading...


бет24/36
Дата04.05.2021
өлшемі0.6 Mb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36
Дәріс №9

Тақырып: Әлем.Метагалактика. Галактикалар.

Қысқаша мазмұны. Әлем: анықтамасы. Қазіргі Әлемнің негізгі сипаттамалары. Әлемнің кеңеюі. Әлемдегі заттың тығыздығы. Әлемдегі заттың химиялық құрамы. Реликті сәулелену. Әлемнің біртектігі, изотроптығы және құрылымдығы.

Космостық станциялар, астрофизикалық бақылаулар мәліметтері. Әлем анықтамасы. Біздің Галактика. Әлем – біздің бақылауымызға тиімді және біздің мүмкіндігіміздің шегінен ары жататын бізді қоршаған материалдық дүние жүзі. Бұл айтылғанның эксперименттік дәлелдемесі жоқ, мұндай Әлемнің болуы біздің дүние танымызға негізделген, оның эксперименттік және теориялық ғылыми зерттеу пәні Метагалактика болады. Метагалак­тика –қазіргі астрономиялық бақылауларға тиімді Әлемнің бөлігі, онда бірнеше миллиардатаған галактикалар бар. Метагалак­тикада байқалатын барлық құбылыстар кеңістік пен уақыттың Планк масштабтарынадейін Жердегі лабораторияларда табылған және тексерілген табиғаттың фундаменталды заңдары арқылы түсіндіріледі. Осы масштабтар шегінен тыс жағдайларда кеңістік пен уақытқа классикалық қөзқарастарды қолдануға болмайды, қазіргі физикада гравитацияны кванттауды ескері керек делінеді. Метагалак­тиканың қазіргі жаратылыс теорияларында, ол «жоқтан жаралған», виртуалды бөлшектер сияқты. Сондықтан Метагалактиканың қосынды энергиясы мен электр заряды нолге тең деп есептеледі.Бізге белгілі физика заңдары негізінде Метагалактиканың даму моделдері жасалады, мысалы Әлемнің көпірту моделі, онда басқа дүниелер (Метагалактикалар) пайда болуы мұмкін, оларда тіпті басқа физикалықзаңдар орындалуы мүмкін (Линде, 1990). Айта кету керек, барлық қазіргі көзқарастардың негізінде космологиялық принцип жатыр: Метагалактикада белгіленген бақылаушылар, яғни көзге айқын түсерлік бақылаушылар болуы мүмкін емес, демек біз оған қай жағынан қарасақта, Метагалактиканың қасиеттері бұған тәуелсіз. Қазіргі кезде бақылаушы космологияда революция байқалады. Қызыл ығысуға тәуелді өте алыстағы объектілердің қасиеттері Метагалактиканың ұлғаю жылдамдығы үдемелі екенін көрсетеді. Мұндай үдеу материяның гравитациялық өзінің тартылысын жеңіп алатын энергия түрі болуын талап етеді. Осы энергияны «жасырын әнергиясы» немесе «қараңғы энергия» дейді. Барлық тұңғиық сыр жұлдыздар арасындағы қараңғы кеңістікте жатыр. Метагалактиканың ірімасштабты құрылымын галактикалар айқындайды. Галактикалар бөлек жүйелер түрінде өмір сүреді, бірақ олар оқшауланған жүйелер емес, гравитация күші бір-бірін тартады, сондықтан нәтижесінде галактика шоғырлары – кластерлерді құрастырады. Бөлек кластерде мыңдаған Галактикалар болуы мүмкін. Кластер кеңістікте миллиондаған күн жылына созылуы мүмкін, күн жылы жарықтың бір жылда жүрген жолына тең, яғни 1 кж = 9,461-Ю15 м. Біздің Галактика Құс жолы деп аталады. Біздің Галактика қатты қабысып қалған, барлық жүйе айналмалы қозғалыста, түрі шиыршықты (спиральды), Галактика ортасынан Күн 10 кпс (парсек астрономиядағы ұзындықтың өлшем бірлігі, 1 пс = 3,0857 · 1016 м) қашықта, негізгі жұлдыздардың тобынан алшақ тармақ шетінде орналасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
бағалауға арналған
Әдістемелік кешені
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
білім беретін
республикасы білім
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
оқыту әдістемесі
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
қызмет регламенті
болып табылады
пәнінен тоқсан

Loading...