Оқу әдістемелік кешені 13 мамыр 2016 года №292 жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мемлекеттік білім беру стандарты және типтік оқу жоспары негізінде профессор Е. С

Loading...


бет17/36
Дата04.05.2021
өлшемі0.6 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36

Негізгі жаратылыстану-ғылыми үғымдар мен көзқарастарды жалпылау және жинақтау нәтижесінде табиғаттың жалпы қасиеттері мен заңдылықтары туралы түтас түсініктер жүйесінің пайда болуы әлемнің ғылыми бейнесі деп аталады. Қазіргі жаратылыстану-ғылыми танымда басшы орынды әлемнің физикалық бейнесі алады. Әлемнің физикалық бейнесі 17-19 ғ.ғ. классикалық физика негізінде қалыптасты, ал қазіргі бейнесі кванттық механика мен арнайы және жалпы салыстырмалылық теорияларына негізделеді. Алғашқы іргелі физикалық теория болып классикалық механика қарастырылады. Оның негізін қалаушы И.Ньютон (1687 ж.). Мұнда дифференцивлдық және интегралдық есептеу әдістерін қолдану механиканың аналитикалық әдістерін дамытты, механикалық жүйенің қозғалыс теңдеулерін жалпыланған координаттар арқылы құрастыруға Лагранжға мүмкіндік тудырды. Бұл жолда Галилейдің 1636 ж. тағайындаған салыстырмалыпық принципінің маңызы зор.


Физиканың жаңа даму дәуірі ХХ ғасырдың басынан басталады. Броундық қозғалысты зерттеу нєтижелерінен молекулалардың нақтылығы дєлелденеді. Эксперименттік зерттеулерге зор үлес қосқан Ж.Б.Перрен мен Т.Сведберг, ал теориялық жағынан А.Эйнштейн мен М.Смолуховскийдің зерттеулері жатады. Сонымен заттың құрылысы туралы заңдардың фундаменті (іргесі) кванттық механика заңдарымен сипатталады. Қатты дене, сұйықтар құрылымы жєне олардың фазалық ауысу кезіндегі қасиеттері рентгенқұрылымдық талдау, электронграфия, нейтронграфия әдістерімен ХХ ғ. жете тексерілді. Кванттық механика негізінде молекулааралық өзара әрекеттесулер ілімі М.Борн, Ф.Лондон, В.Гейтнер, П.Дебай деген ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты. Кванттық механика (толқындық механика) –физикалық жүйелердің қозғалысын бейнелейтін тәсілдер мен заңдарын тағайындайтын теория, оларда жүйені сипаттайтын шамалар әрекеттік өлшемдігіне ие, h Планк тұрақтысымен шамалас болады. Әрекеттік кванты деп дәл сол Планк тұрақтысы аталады, осы тұрақты арқылы классикалық пен кванттық механиканың арақатысы анықталады. h = 6,62 ·10-34Дж·с, егер қарастырылған мәселелер шартында физикалық шамалардың өлшеулері әрекеттік өлшемдігінен едәуір үлкен болса, онда классикалық механика пайдаланады. Қазіргі физикада өрістің кванттық теориясы іргелі орын алады, бұл теория элементар бөлшектердің әрекеттесу табиғатын түсіндіреді және барлық өзара әрекеттесулер бірігуіне мүмкіндік тудырады.

Ғылымның әдіснамасында парадигма (гректің – тәлім, өнеге, үлгі, мысал) - белгілі уақыт аралығында тұрақталған ғылыми дәстүрі шеңберінде ғылым қоғамында қабылданған құндылықтар, әдіс-тәсілдер, техникалық құралдар мен еңбек дағдылар жиынтығы. Ғылымның тарихы сызықты процесс емес (Кун), ол ғылыми парадигмалардың алмасуы болады. Мысалы, Аристотельдің физикасы Орта ғасырға дейін ғылыми зерттеу ізденістеріне әсер етті. 16 және 17 ғ.ғ. Галилей, Декарт және Ньютонның физикалық және математикалық зерттеулеріндегі жаңалықтар мен табыстар ғылыми революцияны тудырды, ескі парадигма жаңа ғылым парадигмасымен қақтығысты. Ньютонның классикалық физикасы 18-19 ғ.ғ. ғылыми зерттеулердің негізін қалаған, ал 20 ғ.басында релятивистік физика, салыстырмалылық теория орын алды және кванттық механика дамыды. Ғылымның дамуы кумулятивтік (латынның – жиналу) қасиеттеріне ие болады, ол әр тарихи даму кезеңінде бұрыңғы жетістіктерді қосады және нәтижелерін сұрыпталады, келесі зерттеулерге үлесін қосады. Физиканың зерттеу объектілері, құбылыстары, қозғалыс түрлері әр алуандық, сондықтан физика ғылымы бірнеше пәндерге бөлінеді, демек дифференциациясы байқалады, олар өзара тығыз байланысты. Физика бөлімдері белгілі фундаменталді ғылыми теорияға негізделеді, Қазіргі әлемнің физикалық бейнесі кванттық механика, алпы және салыстырмалылық теориясы негізінде ғылымның барлық жетістіктері мен көзқарастараын жинақтаған, демек интеграциялаған. Кванттық механика 20 ғ. жаңа ғылыми-техникалық революцияға әкелді, атом ядросының құрылымын түсіндірді, элементар бөлшектер теориясын жасады, кванттық электроника, нанотехнология және т.б. қазіргі техника мен технологияларды дамытты.


3 дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...