Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы Акушерия және гинекология курсымен амсж кафедрасы



бет1/3
Дата11.04.2022
өлшемі88.5 Kb.
#220156
  1   2   3
Байланысты:
Лек-акуш-кан-кету-1

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы


ДӘРІС


Тақырыбы: «Жүктілік және босану кезіндегі қан кету»

Пәні: Акушерия және гинекологиядағы мейірбике ісі

Мамандығы: 0302000 мейірбике ісі

Курс: 4

Уақыты (ұзақтығы): 2 сағат


Құрастырған: Абдукасымова Э,А.

Шымкент, 2013



Кафедраның әдістемелік отырысында бекітілді

«_08__» _06___ 2013 ж №_11_ хаттама


Кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доц.м.а. ________________ Т.Р.Тлеужан

1. Тақырыбы: «Жүктілік және босану кезіндегі қан кету»

2. Мақсаты: Босануға дейінгі акушерлік қан кетулер, әсіресе шарананың алда жатуы мен

мерзімінен ерте сыдырылуы кезінде болатын қан кетулерді анықтап, шұғыл көмек көрсетуді үйрету.

3. Дәріс тезистері

Дәріс жоспары:


  1. Акушерлік қан кетулердің маңыздылығы

  2. Қан кетулердің даму патогенезі мен оның компенсациясы

  3. Босанудан кейінгі қан кетулер

  4. Шұғыл көмек көрсету және емдеу

  5. Реабилитация

Әдетте жүктіліктің қалыпты жағдайында, босанудың бірінші, екінші кезеңдерінде ешқандай қан шығыны болмайды. Жүктіліктіқ екінші жартысында және босану кезеңдеріндегі қан кету себептері: плацентаның төмен орналасуы; қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз белінуі; қабыққа жабысқан кіндік тамырларының үзілуі; жатыр мойнының аурулары (қатерлі ісік, мойын жарасы), қынап қабырғасындағы варикоз түйіндерінің жарылуы.

Плацентаның төмен орналасуы

Плацентаның төмен орналасуы — жүктіліктің ең жиі және ең қауіпті асқынуларының бірі, оның жиілігі 0,4— 0,6% аралығында. Әдетте плацента ткані жатырдың алдыңғы немесе артқы кабырғасына, ішкі жатыр мойын тесігінен 5—7 см жоғары орналасады. Плацентаның төмен орналасуы деп плацента тканінің жатырдың төменгі сегментіне жапсырылып, оның ішкі мойын тесігін тұтас немесе жартылай жауып жатуын айтады. Плацентаның төмен орналасуының екі түрі бар.


  1. Толық темен орналасу.

  2. Жартылай төмен орналасу.

Толық төмен орналасуында, плацента ткані жатырдың ішкі мойын тесігін түгелімен жауып жатады, бұл плацентаның орталық орналасуы деп аталады.

Плацентаның жартылай төмен орналасуында, жатырдың ішкі мойын тесігі жартылай жабылып, тек қана бір іргелес жағынан плацента ткані анықталады.

Плацента тканінің төмен орналасуының тағы бір сирек кездесетін түрі — оныц төмсн орналасуы (низкая плацентация). Мүнда плацента жатырдың төменгі сегментіне, жатыр мойныньщ ішкі тесігіне 5— 7 см жетпей орналасады. Себептері: бұл асқынудың пайда болуының негізгі себебі, жатырдың шырышты қабатының қабынуының салдарынан дегенеративтік езге-рістердіқ болуы. Осыған байланысты ұрық өзіне ыңғайлы орын іздеп, жатырдың теменгі бөлігіне қарай жыл-жып жабысады. Белгілері: жатырдан қанның кетуі, бүл көбінесе жүктіліктің екінші жартысында, әсіресе 27—28-ші апталарында кездеседі. Жүктіліктің соңғы айларында жатырдың төменгі сегменті пайда болады. Жүктілік өскен сайын теменгі сегмент ұлғая береді де, плацента жатыр қабырғасынан біртіндеп ажырап бөлінеді, сейтіп сол жерден қан кете-ді. Егер қан тамыры түйіліп, тромб пайда болса қан тоқ-тайды, бірақ біршамадан кейін тағы қайталануы мүмкін. Аққан қанның мөлшері әртүрлі болады, аз уақыттың ішінде 1—2 л-ге дейін жетеді немесе шамалы етеккір сияқты болады. Қанның мөлшері әрқашан тканьнің ор-наласу түріне байланысты емес, бірақ көп қан кету көбіне плацентаның толығымен төмен орналасқан түрінде кездеседі. Толғақ басталған кезде, қағанақ суы кеткен-нен кейін, қан ағуы бірден тиылуы мүмкін, себебі нәрес-тенің басы төмен жылжып, қан аққан тамырларды бітейді.

Плацентанын, төмен орналасуының келесі бір белгісі — жүктіліктің үзілу қаупі, нәрестенщ жүрек соғысының нашарлауы, онық жатырда дұрыс жатпауы (көлденең, не қиғаш, не болмаса құйрығымен жатуы). Оның себебі нәресте басының темен қарай жылжып, дұрыс орналасуына плацента ткані кедергі жасайды.

Сонымен қатар төмендегідей қосымша белгілерге де көңіл бөлген жөн:

1. Нәресте басының жамбастың кіре-беріс жазықтығынан жоғары тұруы.


  1. Қасаға сүйегінен жоғары жұмсақтау томпақшаны қолмен сипап анықтау.

  2. Қынаптық зерттеу де жатыр мойны ашылған жағдайда плацента тканін анықтау.

Есте сақтайтын бір жағдай, қынаптық зерттеуді тек перзентханада операция бөлмесінде жүргізеді.

4. Ультрадыбысты қолданып нақты мәлімет алуга болады.

Емдеу және дәрігерлік амал

Егер жүкті әйел, қан кетіп әйелдер кеңес орнына кел-се, оны тездетіп перзентханаға жатқызу керек. Онда бір-ден жатыр мойнын арнаулы айнамен қарап, онын, ауруларынан ажыратады. Егер әйелдің босанатын мерзімі жақын болса, қан шығыны шамалы болса, ойда операцияға дайындай отырып, қынаптық зерттеу жасайды. Егер жатыр мойнының ашылуы жеткілікті, қан шығыны аз, әйелдің жалпы жағдайы жақсы болса, қағанақ су-ын ағызады. Осыдан кейін нәресте басы төмен түсіп плацентанын, қан тамырларын қысып, қан тоқтауы мүмкін. Ал жатыр мойнының ашылуы жеткізіксіз болып, қан шығыны артса тез арада әйелді кесар тілігі арқылы босандырып, қан құю керек. Егер әйелдің босанатын мерзімі жақын болмаса, жатырдағы нәресте әлі өсіп — жетілмесе, әйелдің жағдайы өзгермесе, қан шығыны аз болса, жүкті әйелді перзентханаға жатқызып босанғанға дейін дәрігер бақылауға алады.

Дәрігерлік амалдар. 1. Қатаң төсектік тәртіп.2. Жатыр қозуын бәсеңдететін дәрі-дәрмектер: маг- незияны, но-шпа, папаверин, дексаметазон (нәресте өк- песінің жетілуі үшін). 3 Бөлшектеп қан құю. 4. «С», «В» тобындағы витаминдерді тағайындау. Содан кейін лабораториялық анализ жасап, ана мен баланың жағдайын жақсартатын емдерді қолданып, жүктілік мерзімі жеткен кезде босандырып алады. Ем-деу тәсілдері әйелдің жалпы жағдайына (қан шығыны, қан қысымына), жүктілік мерзіміне, плацентаның төмен орналасуының түріне байланысты. Егер қан кетуі күшейіп, әйелдің жалпы жағдайы нашарласа, онда оны бірден кесар тілігі арқылы босанды-рады. Ал плацентаның төмен орналасуының толық түрінде, әйелді тек кесар тілігі арқылы босандырады, егер жатыр жиырылуы төмендеп, қан кетуі артса, онда операция жасап жатырды түгелімен алып тастайды (ампутация, экстирпация).

Плацентаның темен орналасуының алдын алу — жасанды түсік тастаумен күресу, босану кезеңдерін дұрыс жүргізу.

Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуі

Әдетте плацента нәресте туғаннан кейін бөлінеді, кейбір жағдайларда жүктілік босану кезеңдерінде пла-цента жатыр қабырғасынан бөлініп, ана мен баланың еміріне қауіп төндіреді. Жүктіліктің осындай асқынуын қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуі дейді. Жиілігі — 0,1—0,5% аралығында.

Негізгі себептері: 1. Жатыр қабаттарының аурулары—(ұзаққа созылған қабыну, ісік, жатыр тыртығы).

2. Жатыр қабырғасының, созылуы (қаранақ суы көбейгенде, егіз жүктілікте). 3. Плацентаның дегенеративтік өзгерістері (ұзаққа созылған жүктілікте). 4. Жүрек-қан тамыр аурулары және гестоздар. Жатырдың жарақат-тануы, бала кіндігінің қысқа болуы да плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуіне тікелей себепкер болады, плацента ең алдымен бір азғантай жерден, шетінен не орталық жағынан бөліне бастайды. Плацента мен жатыр қабырғасының арасынан қан ағып, ұйиды, бұл ұйыған қан плацентаның ары қарай бөлінуіне әсер етеді. «Кувелер» жатыры тромбопластин сияқты қанның ұюын жоғарылататын заттарға өте бай. Сол себепті тромбоге-моррагиялық синдром пайда болып, босану кезеңі қатты асқынуы мүмкін. Үйыған қан жатырдың қуысына жиналып, қуыстың қысымын ұлғайтады, жатыр қатайып, ауыраТын болады. Плацента бөлінген кезде ана қанына көптеген тромбопластиндік заттар еніп, қанның ұю жүйесін бұзады, қаннық тамыр ішіндегі шашыранды үюы деп аталатын синдром басталады (ДВС).

Қлиникалық белгілері: іш ауырып жатыр қуысына қан құйылады. Бұл белгілердің айқындалуы қан кетуі мен плацентаның бөліну дәрежесіне байланысты. Әйелдің кенеттен іші қатты ауыра бастайды, басы айналып, әлсірейді, денесін тер басады. Өңі, еріндері бозарады, қан қысымы төмендеп, тамыр соғуы жиілейді. Жүкті әйелді қараған кезде жатыры қатайып, оның барлық жері не болмаса бір ғана бөлігі ауырып, пішіні езгереді, көбінде қан сыртқа ақпайды. Жатырдағы нәрестенің жағдайы нашарлап, оның жүрек соғысы езгереді. Плацентаның 50%-тейі мезгілінен бұрын бөлінген жағдайда, жатырдағы нәресте түншығып, шетінеуі мүмкін.

Клиникалық белгілеріне байланысты бұл асқыну үш түрлі болады:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан