Тез салмақ жоғалту. Организмнің ұзақ уақыт бойы ашығуы және тез салмақ
жоғалту кезінде майлардың жаппай ыдырауы жүреді, бұл кезде бауыр өтке
түсетін холестериннің артық көлемін өндіре бастайды. Тез салмақ жоғалту да өт
қабының босатылуының бұзылысына апаруы мүмкін. Төмен калориялы емдәмдер
және бариатриялық операциялар –желінетін тағамның көлемін азайтуға немесе
қоректік заттектердің сіңірілуін төмендететін операциялар – тез салмақ жоғалтуға
апарады және өт тастарының түзілу қаупін арттырады.
Емдәм. Зерттеулерге сай, калориялар және тазартылған көмірсулардың мөлшері
жоғары және талшықтың мөлшері төмен болатын емдәмдер өт тастарының түзілу
қаупін арттырады. Тазартылған көмірсулар – бұл өңделіп, қоректік заттектері
және талшығы болатын ұрығынан тазартылған дәндер.
Тазартылған көмірсулардың мысалдары – ақ нан мен ақ күріш.
Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы
044-57 /16 ( )
60 беттің 48 беті
Әдістемелік өңдеу
Достарыңызбен бөлісу: |