Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі негіздері


Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 25 мин(15%)

Loading...


Pdf көрінісі
бет54/79
Дата27.02.2021
өлшемі0.89 Mb.
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   79
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 25 мин(15%) 

10. Жаңа сабақты түсіндіру:                                                             65 мин (30%) 

- Созылмалы гепатиттер  

- Бауыр циррозы 

- Созылмалы бауыр жетіспеушілігі 

- Медбикелік үрдісті ұйымдастыру 

Созылмалы  гепатит  (СГ)  –  этиологиясы  әртүрлі,  6  айдан  ұзақ  бауырдың  созылмалы 

диффузды  қабыну-дистрофиялық  ауруы.  СГ  этиологиялық  факторлары:  1.  Вирус.  СГ 

вирусты  гепатиттің  А  түрімен  ауырғаннан  соң  1-2%  жағдайда,  ал  вирусты  гепатиттің  В 

түрінен  соң  20%  жағдайда  туындайды.  Кейде  дельта-вирус,  вирус  С,  Е  түрлерімен 

ауырады,  яғни  олардан  кейін  бауыр  ауруларымен  белсенді  ауырғаннан  кейін  80%  кем 

емес  жағдайда  туындайды.  2.  Алкоголь,  ол  бауырдың  майлы  дистрофиясымен  қатар 

созылмалы  алкогольды  және  жіті  гепатитті  тудырады.  3.  Созылмалы  өндірістік 

интоксикациялар  (хлорланған  көмірсутегілер,  бензол  және  оның  гомологтары,  қорғасын, 

фосфор, сынап, марганец және т.б.) 4. Бауырдың гепатотоксикалық әсері бар дәрілермен 

зақымдалулары  (туберкулезге  қарсы  препараттар,  антибиотиктер,  сульфаниламидтер, 

аспирин, аминазин, анаболикалық стероидтар, метатрексат және т.б.). негізінде кез-келген 

дәріні  ұзақ  уақыт  немесе  оны  үлкен  дозада  қолданса,  бауырдың  қызметіне  және 

құрылымына  қолайсыз  әсер  етеді.  5.  Аутоиммунды  (люпоидты)  СГ  –  ағзаның  иммунды 

реакциясының  өзгеруі  нәтижесінде  дамиды.  6.  Метаболикалық  СГ  -  альфа  1-трипсин 

жеткіліксіз өндіруінен, Вильсона-Коновалова нәтиджесінде дамиды. 7. Бейспецификалық 

реактивті гепатит – АІТ аурулары вирусты гепатиттің ағымына қолайсыз әсер етуінде. 8. 

Холестатикалық  гепатит  –  бауырдың  экскреторлы  функциясының  бұзылуында  дамиды. 

Патогенезі:  СГ  кезінде  ағзаның  иммундық  жүйесінің  қалыптаспауында,  әсіресе 

генетикалық бейімділігі бар адамдарда дамиды. Нәтижесінде вирусқа қарсы антиденелер 

жеткіліксіз  бөлінеді,  гепатоциттер  Т-жасушалармен  және  антиденелермен  бұзылады, 

содан  гепатоцит  элементтеріне  аутоантиденелер  түзіледі.  Содан  соң  жасушалық 

лимфоцитарлы  инфильтрация,  порталды  жолдардың  фиброзы  дамиды.  Созылмалы  А 

гепатитінде  гепатоциттер  сатылы  түрде  некрозданады.  Клиникасы:  әртүрлі,  негізінен:  1. 

Оң  жақ  қабырға  астының  тұрақты  түрде,  сыздап  ауыруы.  Физикалық  жүктеме  және 

салқындағанда күшейеді. Сирек иррадиация береді, егер берсе, онда оң жақ жауырынға. 2. 

Диспепсиялық  синдром  жүрек  айну,  тәбеттің  жоғалуы,  эпигастрийдегі  ауырлық  сезімі, 

кекіру, ас дәмінің бұрмаланып сезілуі, ауыздағы ащы дәм, іштің ұлғаюы, іш қату. Жүрек 

айну  тағам  және  дәрілер  қабылдаған  соң  күшейеді.  3.  Астеновегетативті  синдром  - 

әлсіздік, шаршағыштық, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, жиі  «бауырлық жалқаулық»  - 

күндіз  сағат  5-6-ға  дейін  төсектен  тұрмай  жатуы,  невроздылық,  ипохондрия,  дене 

салмағының  төмендеуі,  ұмытшақтық.  4.  Кіші  бауырлық  жеткіліксіздік  түріндегі 

симптомдар:  қызыл  иектің  қанталауы,  мұрыннан  қан  кету,  терінің  қышуы,  несептің 

қараюы,  нәжістің  ақшылдануы,  меноррагия,  сарғаю,  тамырлық  жұлдызшалар, 

тырнақтардың бұзылуы. 5. Бауырдан тыс симптомдар – кезеңді түрде немесе ұзақ қызба, 



 

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы 

044-57 /16  (   ) 

60  беттің 43 беті

 

Әдістемелік өңдеу 



 

 

буындардың 



ауырсынуы, 

деформациясыз 

және 

қозғалысының 



шектелуімен, 

спленомегалия,  бұлшықеттердің  ауырсынуы.  Объективті:  қарағанда  терінің  түсі  сұр-

қоңыр  түсті,  дене,  мойын,  бетте  жиі  терілік  бөртпелер,  тамырлық  жасушалар,  терілік 

телеангиоэктазиялар,  тырналған  орындар,  ерлерде  гинекомастия,  бауырлық  алақан 

(алқызыл-қызыл  тері),  бауырлық  тіл,  түктердің  артуы,  тырнақтардың  өзгеруі.  Васкулит 

көріністері  –  қанның  ұю  қызметінің  бұзылуы  және  тромбоцитопенияға  байланысты. 

Бауырдың 2см-ден жоғары ұлғаюы және оның тығыздалуы – гепатомегалия деп аталады. 

СГ кезіндегі спленомегалия көбіне порталды гипертензияға байланысты болады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   79
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
Қазақстан республикасы
бағалауға арналған
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
білім беретін
республикасы білім
әкімінің аппараты
Қазақстан республикасының
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
мерзімді жоспар
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...