Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі негіздері

Loading...


Pdf көрінісі
бет49/79
Дата27.02.2021
өлшемі0.89 Mb.
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   79
  

Асқазан, 12-елі ішек жарасы

Асқазан және 12-елі ішектің шырышты қабатында жараның пайда болуымен 

сипатталатын ,рецидивті өтетін созылмалы ауру. Этиологиясы: тамақтанудың режимінің 

және сапасының бұзылыстары, стресстік ситуациялар, тұқым қуалаушылық, инфекциялық 

фактор-хеликобактерлер. 

Клиникалық формалары: 

І. Жараның орнына байланысты: 

1. Асқазан жарасы 

2. 12-елі ішек жарасы. 

3. Асқазан, 12-елі ішек жарасы. 

ІІ. Асқазанның секреторлық қызметіне байланысты: 

1.      Қышқылдығы қалыпты 

2.      Қышқылдығы жоғары 

3.      Қышқылдығы төмен 

ІІІ. 1. Асқынған    2. Асқынбаған. 

Диагностикалық критерийлері: диспепсиялық бұзылыстар, лоқсу, құсу, кекіру, қыжылдау, 

аш қарында ауырсынулар /түнгі/. 

Емі: Микробқа  қарсы-Де-нол, фуразолидон, ампициллин, т.б. гастросидин, қызылмай, 

итмұрын майы, алмагель, викалин, Физиоем-инемен емдеу, электроұйқы. 

Диспансерлік бақылау: 1-ші жылы — ай сайын бақылау, жылына 3 рет 1 айдан рецидивке 

қарсы ем, денешынықтырудан босату. 



 

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы 

044-57 /16  (   ) 

60  беттің 38 беті

 

Әдістемелік өңдеу 



 

 

2-3ші жылы-квартал сайын бақылау, жылына 2 рет рецидивке қарсы ем, дайындық 



тобында дене шынықтыру. 

Ойықжара ауруы — бұл кезде адамның асқазанының және/немесе ұлтабарының 

(қақпадан кейін келетін аш ішектің бастапқы бөлігі) қабырғасында терең ақаулар мен 

ойық жаралар пайда болады. Көбінесе, ойық жаралар асқазанның немесе ұлтабардың 

сілемей қабатында пайда болады, яғни, асақазан қабырғасының беткері қабатында. 

Алайда, ойық жаралар тереңірек қабатта да пайда болуы мүмкін (бұлшық еттік 

және/немесе сірнелік). 

Асқазандағы немесе ұлтабардағы ойық жара ауруы – асқазанның немесе аш ішектің 

жоғарғы бөлігінің (ұлтабар) сілемей қабатындағы терең ақауы.

 

Ойық жара – асқазан 



қабырғасының сілемей қабатының қабынған терең ақауы. Қабыну, инфекциялық немесе 

қатерлі жағдайлардан туындайды. Асқазанның немесе ұлтабардың ойық жара ауруының 

дамуының басты себебі - Helicobacter pylori (H.pylori) бактериясы. Асқазанның ойық 

жарасынан зардап шегетін адамдардың көпшілігінде бұл бактериялар асқазан-ішек 

жолдарында өмір сүреді. Дегенмен, асқазанында H.pylori. бактериясы табылған 

адамдардың барлығында ойық жара ауруы дами бермейді. Асқазанның немесе ұлтабардың 

ойық жара ауруының пайда болуының және дамуының қаупін арттыратын факторларды 

әсер етуге болатын және әсер етуге болмайтын түрге бөлуге болады. Әсер  етуге болатын 

факторларға жататындар: Жүйкелік-психикалық факторлар (күйзелістер). Асқазанда тұз 

қышқылының өндірілуі, сондай-ақ, оның қимылдау қабілеті жүйке жүйесінің жағдайымен 

өзара байланыста. Ойық жара ауруына шалдыққан науқастардың 50-60 пайызында 

невроздар мен депрессиялар байқалады. Алкогольді шамадан артық тұтыну. 

Ацетилсалицил қышқылын (аспиринді), ибупрофенді, напроксенді, немесе басқа 

стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды (НПВП) ұдайы қабылдау. Аспиринді 

немесе басқа НПВП кейде қабылдау қауіпсіз.

  

Асқазанның немесе ұлтабардың ойық жарасын анықтау ойық жараның өлшемі мен 



орналасқан жерін анықтауға, сондай-ақ,  хеликобактериозды (Helicobacter pylori 

қоздырғышын),  асқазанның қышқылдығын анықтауға негізделеді.  Арнайы диагностика 

әдісі - фиброгастродуоденоскопия (ФГДС). Әдіс асқазан қабырғасының немесе 

ұлтабардың беткері қабатын (сілемей қабығы) өңеш арқылы асқазанға енгізілетін зондпен 

қарау. Фиброгастродуоденоскопия (ФГДС) – ақау іздеу үшін асқазан мен ұлтабарға өңеш 

арқылы эндоскопты (шағын иілгіш түтік, ұшында камера мен шамы бар) енгізу. Бұл кезде 

көптеген ойық жара ауруларының негізгі себебі - Helicobacter Pylori бактерияларын 

анықтау үшін арнайы биопсиялық қысқыш арқылы тін үлгілері де алынады. Эндоскопия 

процедурасы кезінде ойықжарадан күшті қан кетуі болса, ауырсынуды басатын укол 

салынуы мүмкін. Бұл әдіс асқазанның немесе ұлтабардың сілемей қабығының беткері 

қабынуы болатын гастрит пен гастродуодениттен ойықжараны ажыратуға көмектеседі. 

 Асқазанның немесе ұлтабардың сілемей қабатындағы қабыну үрдісі әдетте, шағын 

(диаметрі бірнеше см) дөңгелек түзіліс, шеттері көтеріңкі, бұл қарқынды қабынуды 

білдіреді (қабыну белі). 

 Хеликобактериозды анықтау үшін екі негізгі әдіс қолданылады: 

 



Микроскоптың  көмегімен  асқазанның  сілемей  қабаты  тіндерінде  бактерияларды 

анықтау 


 

Науқастың  қанындағы  Helicobacter  pylori  қарсы  антиденелерді  анықтау  (бөгде 



организмдерді, мысалы, бактериялар мен вирустарды анықтап, жоятын қандағы ақуызды 

қосылыстар). Дұрыс және тиімді емдеуді тағайындау үшін ФГДС кезінде асқазанның рН-




 

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы 

044-57 /16  (   ) 

60  беттің 39 беті

 

Әдістемелік өңдеу 



 

 

метриясын жүргізеді (қышқылдық деңгейін анықтау). Емдеу. Ойық жара ауруын емдеудің 



негізгі  бөліктері:  хеликобактер  инфекциясын  жоюға  бағытталған  емдеу,  асқазанның 

қышқылдығын  азайтуға  және  ойық  жараға  өң  бітіруді  ынталандыруға  бағытталған 

емдеу,емдәм  ұстану.Ойық  жара  ауруын  емдеу  оның  ауырлық  дәрежесіне  байланысты 

және  консервативті  (науқастың  ауру  тәртібін  оңтайландыру,  емдәмдік  ұсыныстарды 

қадағалау,  антибиотиктерді  және  сөлденуге  қарсы  препараттарды  қолдану)  немесе 

хирургиялық (аурудың асқынған түрлерінде) жолдары болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   79
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...