Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі негіздері


Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.        25 мин(15%)

Loading...


Pdf көрінісі
бет42/79
Дата27.02.2021
өлшемі0.89 Mb.
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   79
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.        25 мин(15%) 

10. Жаңа сабақты түсіндіру:                                                                    65 мин (30%) 

- Аритмиялар 

- жедел, созылмалы жедел жүрек жетіспеушілігі 

- жедел қан тамыр жетіспеушілігі 



Аритмия  – жүрек ырғағының бұзылуы  немесе жүрек соғуы жиілігінің (пульстің) 

бұзылуы. Жүрек тым тез (тахикардия), тым баяу (брадикардия) немесе ұдайы емес соғуы 

мүмкін. Қалыпты жағдайда жүрек өкпеге және дененің басқа бөліктеріне қан келуіне 

ықпал ететін насос тәрізді жұмыс істейді. Бұл механизмді іске қосу үшін жүректе оның 

дұрыс ырғақпен жиырылуы үшін жауапты өткізуші жүйе бар. Жүрекке жиырылу 

қажеттігіне белгі беретін электр импульсі синоатриалдық түйінде туындайды (синустық 

түйін немесе СА түйіні). Ол жүректің табиғи кардио-ынталандырғышы.Импульс синустық 

түйіннен шығады және көптеген өткізуші жолдардың бойымен жүрекке тарайды.Түрлі 

нерв импульстерінің әсер етуімен жүрек баяу немесе тезірек жиырылады.

  

Аритмия жүректің өткізу жүйесінде мәселелер болса, пайда болады. 



·         Ақаулы (қосымша) сигналдар болуы мүмкін. 

·         Электр  импульстері бәсеңдеуі немесе тежелуі мүмкін. 

·         Электр  импульстері жүректің жаңа немесе түрлі өткізуші жолдары бойымен 

таралуы мүмкін.

 

Жүрек ырғағының бұзылуының жиі себептері: 



·         Организмдегі калий мен басқа заттектердің ақаулы деңгейі 

 

·         



Бұрын  жүрек талмасы немесе жүрек бұлшық етінің зақымдануы   

·         Жүректің туа біткен аурулары 

·         Жүрек жеткіліксіздігі және жүректің ұлғаюы 

·         Қалқанша бездің гиперфункциясы. 

Аритмия кейбір заттектер мен дәрілік препараттарды қабылдаудан туындауы мүмкін, 

мысалы: 


·         Алкоголь, кофеин немесе басқа ынталандырғыштар 

·         Артериалдық қысымның деңгейін бақылауға арналған дәрілік препараттар 

·         Темекі шегу (никотин) 

·         Жүйке жүйесінің белсенділігін басатын препараттар 

·         Депрессияны немесе психозды бақылауға арналған дәрілік препараттар. 

Жедел жүрек жетіспеушілігі синдромы сол қарыншалық жетіспеушілік – жүрек астмасы 

сол жақ қарыншаның жиырылу қызметінің кенет төмендеуіне байлынысты дамиды (оң 

жақ қарынша қызметі сақталады). Бұл кезде өкпе тамырлары қанға толып, тыныс 




 

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы 

044-57 /16  (   ) 

60  беттің 33 беті

 

Әдістемелік өңдеу 



 

 

орталығы тітіркеніп – тұншығу пайда болады. Кенет тұншығу – негізгі белгісі. Науқас 



ортопноэ қалпында болады, жөтел, цианоз, салқын тер басады. Пульс жиі, әлсіз, ырғақсыз 

болуы мүмкін. Жүрек тондары тынық, «шоқырақ» ырғағы анықталады. Өкпе үстінен ұсақ 

көпіршікті ылғалды сырыл естіледі. Қан плазмасының альвеолаларға өтуіне байланысты 

тұншығу және жөтел күшейеді, тыныс бүлкілдейді, көп мөлшерде қызғылт-күлгін (қан 

араласуына байланысты) қақырық бөлінеді. Өкпе үстінен әр түрлі калибрлі ылғалды 

сырылдар көбейеді. Бұл жағдай өкпе шемені деп аталады. 

Оң жақ қарыншалық жетіспеушілік. 

Этиологиясыөкпе артериясының тромбоэмболиясы, ауыр пневмония. 

Кенеттен демікпе, цианоз пайда болып, салқын тер басады, төс арты басып ауырады, қан 

қақыру болады. Пульс жиі, бос, АҚҚ төмендейді, ВҚҚ жоғарылайды. Үлкен қан айналым 

шеңберінде қан іркілуіне әкеледі. Мойын веналары шығып кетеді, бауыры ұлғаяды. 

Бұл жағдайлар жедел көмек қажет етеді. 

Созылмалы жүрек жетіспеушілігі синдромы  

Созылмалы жүрек жетіспеушілігі сол қарыншалық және оң қарыншалық болып бөлінеді. 

Сол қарыншалық жетіспеушілік – миокардтың жиырылу қызметінің төмендеуіне 

байланысты дамиды. Этиологиясыұзақ гипертензия, коронарлық қан айналымының 

бұзылуы, ауыр уланулар, инфекциялар, нервтік – трофикалық және гормональды 

бұзылулар. Жүректің екпінді көлемі төмендейді, өан ағысы баяулайды, айналымдағы қан 

массасы жоғарылайды, венозды қан іркілісі пайда болады, токсикалық заттар көбейіп, 

ішкі мүшелерде дистрофия дамуына әкеліп соқтырады.  

Демікпе бастапқы кезде физикалық күш түскенде байқалады, кейін тыныш күйінде де 

әсіресе күннің екінші жартысында болады. Одан кейін демікпе үнемі мазалайды, түнде де 

пайда болуы мүмкін. Кейде түнде тұншығу ұстамасы – жүрек астмасы дамиды. Жүрек 

жетіспеушілігінің ерте белгісі – акроцианоз - еріндердің, бет ұштарының, тырнақтарының 

көгеруі. Созылмалы жүрек жетіспеушілігінде ісіктерде бейімділік пайда болады. Бастапқы 

кезде ісіктер жасырын түрде дамиды (дене салмағының үлкеюі, диурездің азаюы, 

шөлдеу). Кейін ісіктер аяқтарында, сегіз көз аймағында пайда болады, бүкіл денені 

қамтиды (анасарка). Қуыстарда сұйықтықтың пайда болуы – асцит, гидроторакс, 

гидроперикард деп аталады. Ішкі мүшелерде қан іркілу белгілері байқалады. 

Оң қарыншалық жетіспеушілікБауырда венозды қан іркілісі дамиды. Оң жақ қабырға 

астында ауырлық сезім пайда болады. Сипау кезінде ауырғандық анықталады. Ұзақ іркіліс 

бауырдың дистрофиялық өзгерістеріне әкеледі, кейін дәнекер тін өрбіп өсіп – кардиальды 

цирроз дамиды.

 

Қан айналым жетіспеушілігі кезінде ішкі мүшелер мен ұлпаларды қажетті коректік 



заттармен қамтамасыз ету және метоболизмнің заттарын сыртқа шығару функциясы 

төмендеуі. Қан айналым жетіспеушілігі миокардтың жиырылуы күшінің төмендеуі мен 

тамырдың бұлшық ет қабатының тонусының төмендеуіне байланысты болады. Жүрек 

және тамыр компоненттері әр ауруда әр түрлі түрде бұзылады. Кей науқаста тамыр 

компоненті басым болады. Кейде жүрек тамыр жетіспеушілігі қатар кездесуі мүмкін 

.Тамыр жетіспеушілігі жедел және созылмалы болады. Созылмалы тамыр жетіспеушілігі 

гипотониямен байқалады. Жедел тамыр жетіспеушілігін клиникада алатын орны зор . 

Жедел тамыр жетіспеушілігі :1.Естен тану.  2. Коллапс.3. Шок

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   79
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
республикасы білім
Қазақстан республикасының
білім беретін
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
әкімінің аппараты
жиынтық бағалауға
туралы анықтама
мамандығына арналған
бағалау тапсырмалары
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
арналған тапсырмалар
мерзімді жоспар
жалпы конкурс
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
конкурс қатысушыларына

Loading...