Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі негіздері

Loading...


Pdf көрінісі
бет37/79
Дата27.02.2021
өлшемі0.89 Mb.
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   79
Атеросклероз (atherosclerosіs; гр. athrа — ботқа және sklrsіs — қатаю) — қан 

тамырларының ішкі бетіне холестериннің сіңіп, жиналып, түйін тәрізді шоғырланып 

қалуы. Холестерин сіңіп қалған орын бастапқы кезде сары жолақ дақ түрінде болса, келе-

келе қатайған түйінге айналады. Бұл түйіндер бір-біріне қосылады. Соның салдарынан 

тамырдың ішкі қабатында жаралар пайда болады, кальций тұздары шөгіп, тамыры 

қатаяды, қан өтуі қиындайды. Атеросклероз денедегі ең ірі қан тамыры — қолқада жиі 

пайда болады. Атеросклероз салдарынан қолқаның жұқарған жерлері қалталанып кеңиді 

(аневризма) де, басқа органдардың қан тамырларын бекітіп тастайды. Соның әсерінен 

кейде науқастың бірнеше минут ішінде өліп кетуі мүмкін. Шажырқай артериясының 

атеросклерозы ішектің өлі еттенуіне, аяқ атеросклерозы аяқтың гангренасына соқтырады. 

Атеросклероз жүрек қыспасы (стенокардия), жүректің созылмалы ишемиялық ауруы

жүрек инфарктінің негізгі себебі болып есептеледі. Негізінен қарт кісілерде кездеседі. 

Атеросклероздың пайда болу себептеріне қан қысымының жоғары болуы, эндокриндік 

аурулар және семіру жатады. Атеросклероздың асқынған түрі хирургиялық емдеуді талап 

етеді. Атеросклероздан сақтану үшін дұрыс тамақтану, әсіресе, өсімдік майын пайдалану, 

спортпен шұғылдану керек. 

  

Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) – бұл жүрекке қан мен оттегіні жеткізетін 



шағын қан тамырларының (коронар тамырлары) тарылуынан пайда болатын ауру.

 

Жүректің ишемиялық ауруы ерлер мен әйелдер арасындағы өлімнің жетекші себебі болып 



табылады. Жүректің ишемиялық ауруының себебі болып коронар тамырланың 

атеросклерозы табылады. Бұл процесс коронарлы тамырларының қабырғаларының 

қатаюына алып келеді. Процесстің басында майлардан тұратын түйіншектер пайда 

болады. Олардың кесірінен қан тамырлары тарыла бастайды. Тарылған коронарлы 

тамырлар қажетті деңгейде жүрекке қанды жеткізе алмайды. Жүрек-қан тамырлар 

ауруларының қауіп қатер факторлары деп осы аурулардың даму қауіпін жоғарлататын 

факторларды атаймыз. Олар модификацияға бағынатын және бағынбайтын факторларға 

бөлінеді. Жүрек ұстамасынемесе жедел миокард инфарктісі жүректің бұлшық етіне қан 

жеткізетін артерияның зақымдануынан пайда болады. Бұл процесс артериялардың спазм 

немесе атеросклерозынан дамиды. Нәтижесінде, миокардтың тіні зақымданып, оның 

жиырылғыш қызметі жоғалады. 



 

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы 

044-57 /16  (   ) 

60  беттің 29 беті

 

Әдістемелік өңдеу 



 

 

Стенокардияның алғашқы симптомы (көкірек қыспасы) әдетте жүрек тұсының ауруы 



болып табылады. Көптеген жағдайларда стенокардия ұстамаларына денеге түсетін күш 

немесе жүктеме түрткі болады. Стенокардия жүрек тұсында ұстама тәрізді ауру түрінде 

білінеді, оның себебі жүрек бұлшықетінің оттегіні қажет етуі мен оның миокард 

жасушаларына нақты түсуі арасындағы сәйкессіздік болады (жүректің ишемиялық ауруы). 

Аурудың өзіне тән симптомдары: Стенокардияның жетекші симптомы көкіректі қысатын 

ауру ұстамасы болып табылады. Ол таралуы мүмкін, яғни ауру сол жаққа қолға беріліп, 

жүректің айнуы, ентігу және түйілулер қатар жүреді, науқасты суық тер басады. Алайда 

кейбір адамдарда жүректің ишемиялық ауруының көріністері классикалық симптомдардан 

алшақтау. Көкірек тұсының ауруы әлсіз немесе тіпті болмауы мүмкін, ал басым 

симптомдары ентігу және түйілулер болады. Басқа жағдайларда ауру бір немесе екі қолда 

да, мойын түсында сезілуі мүмкін, ол жақ пен тістерге жетеді. Осы кезде ауруға нақ 

стенокардия себеп екендігін анықтау қиын болады, сондықтан диагнозды нақтылау үшін 

қосымша медициналық бақылау қажет болады. Стенокардияның негізгі себебі — жүректің 

қанмен жабдықталуының жеткіліксіздігі. Жүрек бұлшықетінде оттегінің жеткіліксіз 

болуы ауру ұстамаларына себеп болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   79
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
Қазақстан республикасы
бағалауға арналған
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
білім беретін
республикасы білім
әкімінің аппараты
Қазақстан республикасының
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
мерзімді жоспар
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...