Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі негіздері


Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.      25 мин(15%)

Loading...


Pdf көрінісі
бет26/79
Дата27.02.2021
өлшемі0.89 Mb.
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   79
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.      25 мин(15%) 

10. Жаңа сабақты түсіндіру:                                                                   65 мин (30%) 

-Ревматизм- 

- Эндокардит  

- миокрадит  

- перикардит  

-жүрек ақаулары 

- медбикелік үрдісті ұйымдастыру. 

Ревматизм (грек. rheumatіsmos — өту) — дәнекер тіндерді, негізінен жүрек-

қантамыр жүйесі мен буындарды зақымдайтын жұқпалы-аллергиялық ауру. Бұл аурудың 

клиникасын зерттеген француз дәрігері Ж.Б. Буйо (1796 — 1881) мен орыс терапевті Г.И. 

Сокольский (1807 — 1886) болды, сондықтан Ревматизмді Сокольский-Буйо ауруы деп те 

атайды. Аурудың пайда болуы, өршуі А тобына жататын бетагемолитик. стрептококк 

бактериясына және организмнің тұқым қуалайтын ауруларға бейімділігіне байланысты. 

Ревматизммен негізінен жасөспірімдер (7 — 15 жас аралығындағылар) ауырады. Аурудың 

белең алуы баспа, скарлатина, фарингит ауруларынан кейін 1 — 2 апта өткесін басталады; 

аяқ астынан дене қызуы көтеріліп, тізе, білезік, шынтақ, иықтың буындары қызарып, 

ісінеді. Табан, балтыр буындарының ісінуін — полиартрит деп атайды. 10 — 12 күннен 

кейін буын ісігі басылып, дене қызуы қайтады. Егер ауру асқынса, жүректі және оның 

барлық қабаттарын (эндокард, миокард, сондай-ақ клапандар және перикард

зақымдайды. Мұны ревмокардит деп атайды. Бұл кезде науқастың жүрек соғысы жиілеп, 

ентігеді, әлсіздік пайда болады, дене темп-расының көтерілуі мүмкін. Ревматизм бірте-

бірте басқа органдар мен тіндерді, әсіресе, жүйке жүйесін (қ. Хорея.) зақымдайды. 

Ревматизм әлеум. тұрғыдан да өте қауіпті, себебі ауру асқынып, созылмалы түріне ауысса, 

науқас мүгедек те болып қалуы мүмкін. Бұл жасөспірімдер мен жұмысқа қабілетті 

адамдар арасында еңбекке жарамсыздықты көбейтеді.  

• 

Ауруды толық дәрігерлік тексерістен өткеннен кейін анықтайды; 




 

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы 

044-57 /16  (   ) 

60  беттің 21 беті

 

Әдістемелік өңдеу 



 

 

• 



алдын ала сақтандыру үшін баспа, тонзиллит, тіс ауруларын асқындырмай, 

дер кезінде емдету, организмді шынықтыру керек. 

Емі: қозғалмай жату, диета сақтау. Глюкокортикоидтық гормондар (преднизолон, 

триамсинолон), стероидтық емес қабынуды басатын препараттар (вольтарен, 

индолитацин) және холин туындыларын (делагил, плаквенил) қабылдау; курорт, 

санаторийлерде емделу қажет. Ревматизмнің қайталануын тоқтату үшін бициллинмен 

емдейді, суықтан сақтану керек. Инфекциялық эндокардит (ИЭ) – микроб вегетациясы 

жүрек қақпақтарының жармалары мен жүректің бос қабырғасының эндокардында 

орналасып, жүректің клапанды аппаратының қызметі мен құрылымын бұзатын 

эндокардтың микробты қабынуы; инфекциялы процеспен артерия – вена шунты немесе ірі 

тамырлардың бөлікшелері зақымданса, оны инфекциялық эндоартериит деп атайды. ИЭ 1 

млн тұрғынның 14-62 кездеседі. Көбіне 20-50 жастағы адамдар, әйелдерге қарағанда 

еркектер жиірек (2-3 есе) ауырады. Этиологиясы және патогенезі. Қазіргі кезде 

инфекциялық эндокардитті 120 жуық микроорганизм түрлері тудыра алады. Олардың 

ішінде бактериялар (соларға байланысты аталатын ИЭ-тің тағы бір аты – бактериялық 

эндокардит), саңырауқұлақтар, риккетсиялар, хламидиялар т.б. бар. Микроорганизмдер 

ішінен стрептококтар мен стафилококтар ИЭ барлық себебінің 80% құрайды. 

Стрептококтардың ішіндегі ИЭ ең жиі себептері Strep.viridans(-гемолитикалық 

стрептококтер), олар науқас адамдардың 35-40% табылады.Strept.viridansжеделше 

(ұзарған) ИЭ басты себебі болып табылады, бұл микроб ауыз қуысы мен ауыз – 

жұтқыншақ аймағында көп кездеседі. Стрептококтік эндокардиттің жиілігі жағынан 

екінші орын алатын себебі – асқорыту жолының төменгі жағында және несеп – жыныс 

жолында жиі кездесетін Д тобының стрептокогі.Strept.pneumoniaeсирек кездеседі, бірақ 

өте жоғары вируленттігіне байланысты жедел ИЭ себебі бола алады. Стафилококтердің 

ішінде жиі кездесетіні Staph.aureus(ИЭ 20-30%), өте вирулентті қоздырғыш, нашақорлар 

мен жүрек клапандарының протезі бар адамдардағы жедел ИЭ жиі себебі (50% жағдайда) 

болып табылады.Staph. еpidermialisпротезді клапандардың ИЭ себебі ролін атқарады

оның әсерінен ерте де, кеш те дамитын эндокардит көрініс береді.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   79
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...