Өтебаева Салтанат Бауыржанқызы «Менің білім берудегі философиям»



Дата19.05.2023
өлшемі14.38 Kb.
#577652
Байланысты:
мақала 2023
Бастауышпен қоштасу (1), Жаратылыстану тжб 2 тоқсан 4ғ

«Алматы Ұстазы» байқауының


Ұйымдастыру комитетіне
Алматы қаласы
«№132 гимназия» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Өтебаева Салтанат Бауыржанқызы
«Менің білім берудегі философиям»

Ұстаз.... бұл сөзде үлкен мән - мағына жатыр. Әрбір ұстаз өзінің жүрегінен балаларға орын беріп, олардың болашағына жол көрсетіп игі істердің куәсі болып жүргенін біреуі білсе, біреуі білмес. Мен қазір жас маманмын менің өзімнің кішкентай балапандарым бар. Мен әрбір баланың болашақта өз жолын тауып, мықты маман, мықты жан болуларын қалаймын. Менің қазіргі мақсатым: балаларыма білім беріп, тәрбие беріп, дұрыс жол көрсетіп, олардың ең жақсы тұлға болуына көмек көрсетіп, бағдар беру.


Кейде ойлана қарап, қасыңдағы отырған әр баланың саған қарап, үміт отын күтіп отырғанын сезінетініміз хақ. Себебі біз мұғалім, балаға тек қана білім мен тәрбие ғана беріп қоймай, олардың шынайы достары бола білуіміз керек. Бала қашан өз ойын жеткізе алады? Бала өзі сенген жанға ғана еш бүкпесіз бар сырын айта алады. Біз кейде жұмыс-жұмыс деп, кей балаларды назардан тыс қалдырып қоямыз. Бірақ, сол назардан тыс қалған бала мұғалімнен ерекше бір жылу күтеді екен. Бала сол үшінде саған қарай ұмтылғанымен біз оның кеудесінен итерсек, баланың кішкентай жүрегі қатая бастайды екен. Әр бала сый, әр бала кіршіксіз таза. Ал бала өзі сенген, өзі құрмет тұтқан жанға ғана ұмтылады.
Менің қазіргі таңда 35 оқушым бар. Әрқайсысы бір төбе, бір бөлек. Олардың күнделікті іс-әрекеті күндегінен өзгеше. Баланы қаншалықты жаұсы көріп тұрсаң, оған деген махаббатың ерекше болып, оған сабақ берудегі әдіс-тәсілдеріңді де көбейтіп, сапалы білім беруге ұмтыласың. Балаға бастауыш мұғалімі - ең керекті жан. Себебі бастауыш балаға көп дүниені үйретеді. Алғашқы әріп, алғашқы дыбыс, алғашқы сан, алғашқы амалдарды орындау. Міне, бастауыш ең алғашқы үйдің қалануындағы қадамдар деп айтсам қате емес. Бастауыш баланың кішкентай қадамдарын, үлкен белестерге жетелейтін ең керекті білім қалануы.
Баланың жүрегінен әрбір мұғалім орын ала алмауы мүмкін. Бірақ баланың көңілі нәзік, шынайы. Олар барлығын әділ болуын қалайды. Оның кішкентай нәзік жүрегін жаулау үшін – ұстаз шынайы дос бола білуі керек. Олар өзінің досын қорыққан емес, жақсы көріп сыйлауды біледі. Баланың кішкентай жүрегі – бір қамалды алатындай күшке ие. Сондықтан да, педагог қай пәннен білім бермесін балаға шынайы қарап, оны түсіне қарап, онымен дос бола білуі керек. Сонда ғана бала мұғалімге де шынайы бола алады.
Қасымыздағы көзі мөлдіреп қарап отырған балапандармен дос бола білейік. Олардың болашағына жағымды дұрыс жол көрсетейік. Олар біздің болашағымыз, ертеңіміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
ғылым министрлігі
оқыту мақсаттары
Сабақ жоспары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
Зертханалық жұмыс
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
арналған әдістемелік
Қысқа мерзімді
болып табылады
бекіту туралы
Қазақ әдебиеті
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақстан республикасының
Жалпы ережелер
Инклюзивті білім
білім берудің
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
рсетілетін қызмет
әдістемелік ұсыныстар
пайда болуы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
пәнінен тоқсан
Суммативное оценивание
мемлекеттік мекемесі