Отбасы және қазіргі заман Отбасының әлеуметтік қызметтері



Дата27.09.2021
өлшемі14.94 Kb.

Отбасы және қазіргі заман

1.Отбасының әлеуметтік қызметтері.

Отбасы некеге қарағанда күрделі жүйе, себебі ол жұбайларды ғана емес, олардың балаларын, басқа туыстарын да біріктіреді. Оның тұрақтылығы мен беріктігі де әр кезде өзгеріп отырады.Отбасының мемлекеттің бір бөлшегі ретінде жеке адамның ие болуында алатын орны орасан зор. Сондықтан отбасы қазіргі кезеңде де, кейінгі ұрпақта да жас жұбайлардың некелік өмірін қалыптастырудың, дүниеге бала әкеліп тәрбиелеудің, ондағы мәдени құндылықтардың, адамгершіліктің материалдық қажеттіліктің ұрпақтан-ұрпаққа берілу ортасы болып қалады. Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтар әсерімен бүгінгі отбасының дағдарысқа ұшырап отырғаны белгілі. Атап айтсақ, отбасының табысқа жетуі күрделеніп, бұқара халықтың әлеуметтік тұрмыстық әл-ауқатының төмендеуі, жоқшылыққа ұшырауы, отбасы өмірінің ыдырауы тереңдеп, некенің тұрақсыздығының артуы, қалыптасқан өнегелі-этикалық нормалар мен салт-дәстүрдің бұзылуы, жұбайлар арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастарды, жанжалдың күшеюі, отбасының жеткілікті түрде материалдық қамтамасыз етілмеуі және кедейленуі, ата-аналардың жұмыс бастылық деңгейінің жоғарылануы олардың бала тәрбиесі мен дамуына өнегелік адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына және физиологиялық-психологиялық денсаулықтарының дұрыс жетілуіне кері әсер етуі, төмендеуі, некесіз баланың дүниеге келуі, әкесіз, жетім, тастанды балалар санының өсуі, жалғыз басты аналар мен ажырасқандар санының көбеюіне әкеліп отыр. А.С. Макаренко жастар тәрбиесінің қиындығын айта келіп, былай деп жазды: «Балалар тәрбиесі — біздің өміріміздің ең маңызды бөлігі. Біздің балаларымыз — біздің еліміздің келешек азаматтары және әлем азаматтары. Бұлар келешек әкелер мен аналар, олар да өз балаларын тэрбиелейді. Біздің балаларымыз тамаша азамат, жақсы әке, жақсы ана болып өсуі қажет. Біздің балаларымыз -бұл біздің ар-ұжданымыз, біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие — бұл біздің бақытты қарттығымыз, нашар тәрбие — бұл біздің келешек қайғымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдар алдындағы, барлық ел алдындағы айыбымыз».

2.Неке мен отбасының альтернативті формалары.



Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады (қараңыз азаматтық неке). Егер кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы. Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар- отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік, өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).

Отбасының өмір сүріп, дамуының ерекше жағдайлары да бар. Олар: әлеуметтік, таптық, ұлттық сипаты, өмір сүру ортасы материалдық жағдайы, отбасы мүшелерінің білім дәрежесін сақтайтын әдет-ғұрыптар, әрбір жаңа отбасының адамдық динамикалық негізі. Бұлар отбасы мүшелерінің, адамгершілігін, жауапкершілігін сезінуіне байланысты. Отбасының маңызы оның атқартын қызметі арқылы анықталады. Екінші сөзбен айтқанда, отбасының мазмұны мен қатынасы тікелей байланысты. Отбасының қызметі деген түсінік оның жүйесімен қатынасының жүйесін көрсетеді. Отбасы адамның бастапқы ұясы,қоғамдық-әлеуметтік негізігі компонеттерінің бірі бола отырып,көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде