Қостанай облысы Аманкелді ауданы Байғабыл ауылы «А. Нұрманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» кмм қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Дата10.09.2017
өлшемі26.05 Kb.
#20102
Қостанай облысы Аманкелді ауданы Байғабыл ауылы

«А. Нұрманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

5-сынып .Сабақтың тақырыбы: І.Жансүгіров «Күй» поэмасы.

Мақсаты:

А) Поэманың сюжеттік негізіне алынған күй аңызының мазмұнын, қобызшы тартқан «Бозінген» күйі, оның күй тарту шеберлігін тереңірек ұғындыру.

Ә)Талдау арқылы оқушының білім дағдыларын дамыту.

Б)Өнер құдіретін бағалауға, қазақтың күй өнері мен күйшілігіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.



Түрі: жаңа сабақты меңгерту

Пәнаралық байланыс: ән сабағы

Әдістері: жинақтау, талдау, анықтау, салыстыру.

Көрнекіліктері: үнтаспа,

Барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларға түрлі түсті топшамалар таңдатып,артындағы сұрақтарға жауап алу.Сол арқылы төрт топқа бөлу.



1. Сәкен Сейфуллин қай жылы,қай жерде дүниеге келген?

2. Сәкен Сейфуллиннің анасы мен әкесі кім?

3. Сәкен қай жерден білім алған?

4.Сәкеннің шын есімі?

5. Сәкеннің поэмаларын ата.

6. Сәкен Сейфуллинің романын ата.

7. «Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы мен идеясы

8. «Ақсақ киік» өлеңінде ақын киіктің сұлу, әрі мүскін халін қалай бейнелейді?

9. «Ақсақ киік» өлеңі қанша буынды, қандай ұйқасқа құрылған?

10.Сандалып келе жатты ақсақ киік,

Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып...?

Ақ бөкен сахараның ботакөзі,

Атты екен қандай мерген көзі қиып?

-деген жолдардан метафораны табыңыз.

11.Қиырсыз, Бетпақдала...қураған шөл...

Жалғыз-ақ сырғаңдайды қоңылтақ жел.

Меңіреу...тірі жан жоқ...жып-жылмағай...

Ел қайда?Ел –алыста-шулаған ел?

-деген жолдардан эпитеттерді табыңыз.

12. «Ақсақ киік» өлеңінен үзінді оқыңыз.

13. Сәке өз шығармаларында ерлікті, сұлулықты, адалдықты жырлады. Оның шығармаларындағы

сұлулықтың символы нелер?



І .Қызығушылықты ояту

«Ой қозғау» стратегиясы.

-Балалар, Сәкенді біз сыршыл ақын деп танимыз. Оның сезімтел болып өсуіне туған жерінің тамаша табиғаты әсер етпей қоймаған екен.Оның елінде көптеген әнші-ақындар болған екен.Сәкеннің алғаш тыңдап, мол әсер алған жайлары ауыл- аймағындағы ақын, әнші-домбырашылардың өлең айту, күй тарту өнерлері ақынның поэзияға, ән-күйге құмарлығын ерте сергітті.

-Шын мәнінде барлығымыз да ән-жыр тыңдағанды жақсы көреміз, солай емес пе?.

-Күйден қандай әсер алдық?

.

ІІ .Мағынаны тану

-Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз да осы күй өнері туралы болмақ.

Жаңа тақырып І.Жансүгіров «Күй» поэмасы.



1.Ақынның өмір жолына шолу

1894 жылы бұрынғы Қапал уезі,Ақсу болысында(қазіргі Алматы облысы Ақсу ауылында) туған.Анасынан ерте қалған Ілияс әкесі Жансүгірдің тәрбиесінде өседі.Жансүгір хат танитын, шағатай тіліндегі кітаптарды жинайтын , аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, жақсы білетін, әңгімеші, домбырашы болған.

Халқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, даналық мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас кезінен бастап ән мен жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары ұялаған.

Алғашқыда әкесінен хат таныған, одан соң молда алдын көрген Ілияс кейін Қарағаш деген жердегі мектепте оқиды.1925 жылы Мәскеудегі журналистика институтына түсіп, оны 1928 ж бітіріп шығады. Елге келіп “Еңбекші қазақ” газетінде еңбегін жалғастырады. Қазақ өнеріің сері ақыны Ақан жайында “Құлагер” поэмасын, қазақ өнері, күйін аспандатқан “Күй”, “Күйші” поэмасын жазады. Туған даласы, Отан туралы сүйіспеншілігін “Дала” поэмасында ақтарады.

Ілияс лирикасының асқар шыңы атақты “Күй” поэмасы. “Күй” поэмасында ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасасып, атадан балаға мирас болып, уақыт сынынан сүрінбей келген, бір ғасырлық шежіренің куәсі болған, титтейінен Ілиястың құлағына сіңісті, жүрегінің төрінен орын алған, жазуға түрткі болған қасиетті қобызшылық дәстүр жайлы сыр толғап, күйшілік өнерді дәріптейді.

2. Өлеңді мәнерлеп оқу (баяу күй әуені ойналады)

3. Сөздік жұмысы

  • Бақайшақ - аяқтың башпай тұсы.


  • Қорда- заттың үйіндісі.


  • Ақшам – іңір, апақ-сапақ кез.


  • Селеулер – селдіреу.


  • Өліара – ескі ай мен жаңа айдың аралығындағы мезгіл, уақыт.


  • Тақым – тізенің астыңғы, ішкі жағы.


  • Бұйда - түйенің не өгіздің мұрындығына тағылған ұзындығы 2-3 құлаштай бас жіп, бау.


  • Үргенші- Ежелгі қала, ортағасырлық Хорезм мемлекетінің астанасы.


  • Саңғыраған – айқайлаған дыбыс.


  • Дабырауын – айқай –шу, даурықпа сөз.




Поэма - (грекше poiema - туынды) өмірде болған, не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттеу.

«Кубизм» стратегиясы.



І. Жоспарлау (шығармаға жоспар құру)

Қобызшы бейнесі, «Бозінген» тарихы, «Күй күшті, тауды-тасты бұзатұғын»



ІІ. Анықтау (ақын қолданған бейнелі сөздерді, теңеу, эпитеттерді табу)


Теңеу


Эпитет


Кейіптеу

Екі көз жасты өзендей сорғалатып


Күл көрпе, қорда төсек, қара тас, алтын басты, құба құм, қоңыр түн, әсем күй, жүйрік үн, зарлы қобыз, алтын күн, мұңды дауыс


Кейде күй, талмаураған, талықсыған,

Кейде өжет, кейде долы албыртсынған,

Сыр суы көңілі босап, сыңқылдаған,

Тұнжырап,жейде, жыңғыл дым үндемей,

Күйініп көкте жұлдыз жел жылаған.

Селеулер жел оятқан билеген би.



ІІІ. Зерттеу (күйге тән сипаттарды жинақтау)

ІҮ.Салыстыру ( С.Сейфуллиннің “Ақсақ киік” өлеңі мен І.Жансүгіровтің “Күй” поэмасын салыстыру, ортақ қасиетін табу)


С.Сейфуллиннің “Ақсақ киік” өлеңі


Ортақ қасиеті


І.Жансүгіровтің “Күй” поэмасы

1. Бетпақ дала көрінісі, киіктің сұлулығын,мерген қолынан жаралануы сипатталады.

2.Жазықсыз киіктің мұңы.

3.Өлең

Екі ақын да жануарлар басндағы зар мен мұңды шебер, көркем бейнелейді.

Сыршыл ақындар.


1.Қобызшы Молықбай шалдың ерекше орындайтын күй, Бозінген зары, күй құдіреті сипатталады.

2.Ұры қолына түскен інген зары.

3.Поэма




Y.Толғаныс

Эссе «Боздаған бозінген»
YІ.«Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы.

Бүгінгі сабақтан не түйгенін ауызша айтып өту.



Үй тапсырмасы:
  • Поэмадан үзінді жатқа оқу.


  • Белгілі бір күйдің шығу тарихын жинақтап келу.


  • Қазіргі замандағы күйшілер туралы пікір алмасуға дайындық.




Бағалау.


реті

оқушылар

жоспарлау

анықтау

зерттеу

салыстыру

толғаныс

Соңғы сөзді мен айтайын

Түйін баға

1

Ырысты






















2

Заңғар






















3

Әли






















4

Бибінұр






















5

Олжас






















6

Арайым






















7

Ясин
























реті

оқушылар

жоспарлау

анықтау

зерттеу

салыстыру

толғаныс

Соңғы сөзді мен айтайын

Түйін баға

1

Гулдерай






















2

Мерей






















3

Олжас






















4

Дамира






















5

Архат






















6

Аяжан






















7

Серікболсын
























реті

оқушылар

жоспарлау

анықтау

зерттеу

салыстыру

толғаныс

Соңғы сөзді мен айтайын

Түйін баға

1

Гүлсая






















2

Нұрислам






















3

Нұрхан






















4

Қанағат






















5

Қадыргүл






















6

Әмина






















7

Арман






















Каталог: uploads -> doc
doc -> Сабақтың тақырыбы Сырммен Малайсарының шешендік сөздері
doc -> 11 сынып. Тест жұмысы 1-тоқсан. 1 – нұсқа Іздеу жүйесін құрайтын бөліктерді көрсетіңдер
doc -> Тест 9 сынып, қазақ әдебиеті
doc -> Книга-Book Кітап-книга-Book Бет- страница Ұяшық- ячейка Диаграмма-диаграмма Кесте-таблица Формула-формула
doc -> 1. Microsoft Excel – электрондық кестесін қалай ашамыз?
doc -> Тақырыбы: 10-сыныпта өткенді қайталау
doc -> Деңгейлік тапсырмалар беру
doc -> Оқушылардың зерттеу қызметінің түрлерін, әдістері мен тәсілдерін анықтау; -сәттілік кезеңдері мен рефлексия қалыптастыру
doc -> Өтетін орны: Мектептің спорт залы. Өтетін уақыты: 01. 12. 15. Жабдықталуы
doc -> Педагогикалық технологияны жобалау-дың әдіснамасы. Ақпараттық, инновация-лық, оқыту, педагогикалық технология-лар


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді