Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Балалар шығармашылық Үйі» мм



бет1/5
Дата02.01.2023
өлшемі32.5 Kb.
#405480
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
тоғызқұмалақ
04.12.2020 ж. Педпрактика тапсырма

Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің
«Балалар шығармашылық Үйі» ММ
Бекітемін:
Балалар шығармашылық Үйінің
директоры
______________Исмагулова К.С.
« »______________20___ жыл
Бағдарлама
Әдістемелік кеңесі мәжілісінде қаралған
« »______________20___ жыл №____хаттама
Тоғызқұмалақ үйірмесінің
қосымша білім
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарлама бағыты Ұлттық ойын


7 -15 жас аралығындағы балаларға арналған
Іске асырылу мерзімі 3 жыл
Қосымша білім педагогы
Кубенов Еркебулан Жаксылыкович
Жданов ауылы
2022- 2023 оқу жылы
Тоғызқұмалақ үйірмесіне жалпы сипаттама


Тоғызқұмалаққа тосырқамай қараңыз,
Ата-дәстүр, салтымыз деп санаңыз.
Өзіңді-өзің қазақпын деп ойлама,
Бұл өнерді үйренбесе балаңыз.
Спорттың таңдап алар түрі көп. Бір түрі - күштің толысуына әкелсе, екіншісі - жылдамдыққа, үшіншісі табандылыққа тәрбиелейді. Ал енді бірі жас адамды ойлылыққа шыңдайды. Мұндай спорт түрлерінің қатарына шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ сынды ойындар жатады.
Тоғызқұмалақ - әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік (интеллектуалдық) ойын, логикалық ойлау өнері. Зияткерлік ойын дегеніміз - ой шығармашылығын дамытатын спорт түрі. Археолог - ғылымдарының пайымдауынша ойынның пайда болу мерзімі 4000 жыл шамасын қамтиды. Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл-ойының дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зерделік және зияткерлік даму құралы ретінде қолданған.
Тоғызқұмалақ ойыны республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия, Ресейде, Алтай мен Қарачай-Черкесия елдерінде ойналады. Қытай және Европа елдерінде ойынды ақпараттық жағынан насихаттап отырған көптеген жанашырлар бар. Американың Нью-Йорк қаласындағы Аляска Университеті Тоғызқұмалақ ойынын зеріттеумен айналысып отыр. Қазақстан Республикасында қазір спорт түрі ретінде тоғызқұмалақ қанатын кеңге жайып, танымал ойын болып дамуда.
Зияткерлік ойындар дегеніміз ой шығармашылығын дамытатын спорт түрі. Оның тағлымдық, тәрбиелік, танымдық құндылықтарының сипаты қаншама. Тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, го, овари секілді ойындар жастардың бойында салмақтылық, сабырлық, төзімділік, ойшылдық қасиеттерін шыңдайды.
Қазақстан Республикасының Тоғызқұмалақ ойынын жекелей чемпионаты ресми түрде 1974 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министірлігі жыл сайын ересектер ардагерлер арасында чемпионаттар өткізуде.
Қазіргі таңда тоғызқұмалақ ойынын тек ұлттық ойын ғана емес, спорттық ойындар қатарына еніп, спорттық дәрежелер беріледі. Қалалық, республикалық, халықаралық Тоғызқұмалақ Қауымдастықтары құрылып, осы спорт түрін кеңінен таратумен айналысуда. Елімізде тоғызқұмалақтан әр түрлі жарыстар көптеп өткізіліп жатыр. Алға қойған міндеттеріміздің бірі сондай жарыстарға үйірме мүшелерін де қатыстырып, спорттық шеберліктерін шыңдау.


Өзектілігі: Тоғызқұмалақ әуесқой ойыншыларының Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Федерациясы 2001 жылы құрылды.
Басты мақсаты-адамға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру.
Мәні кез-келген жанның ақыл-ойын шыңдап, ми қызыметін дамытып, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру.
Тоғызқұмалақ- бабаларымыздың баға жетпес сыйы. Бұл ойын-ең жетілген спорт түрінің бірі ретінде адамзатты жаңа шыңдарға жетелейтін, ойы кең, рухы биік, саналы тұлғалар тәрбиелеудің қуатты құралы бола алады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет