Материалдық-тұрмыстық қиындықтар
Қызметкерлердің арасында осындай себеппен болатын өзіне-өзі қол жұмсау жағдайлары сирек кездесетіні ресми есептелінген. Осындай кезде өзіне-өзі қол жұмсаушылардың үй-тұрмыстық жағдайлары мен материалдық жағынан жақсы, қанағаттанарлық қамтылған деп бағаланады. Егер де осындай себеп негізгі деп дәлелденсе, мамандар қызметкерлердің қанағаттандырылмаған жоғарылаған дәмеленуді кейбір себептердің (жеткіліксіз қасиеттер, білім деңгейі, маскүнемдікке шалу және т.б.) байланысын бақылап шығаратын.
Қазіргі кезде өзіне-өзі қол жұмсаудың көрініс-бопсалық әрекеттерінің саны көбейді. Бұл құтқару есебімен, өзін өлтіруге ешқандай ниеті жоқ, өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерінің көріністерімен театрлық сахналарды ойнауы болып табылады. Барлық әрекеттері өзіне назар аудару, махаббатын қайтару, аяушылық етуге, жанашырлықты шақыру мақсатында, сескендіретін жағымсыздықтардан құтылу немесе айналадағылардың көңілін аударып жәбірлеушіні жазалауға, оған салмақты ренішті жеткізу («адамды өз жармасуымен өлімге жеткізді», «күйеуінің мазасын алды» және т.б.) үшін жасалынады.
Әдетте «көріністің» өткізілетін жері кімге арналғанын дәлелдейді: қызмет барысында – әріптестерге, басшыларға, үйде – отбасына, жақын адамдарға, сүйіктілеріне, жастарына. Көрініс мінез-құлықта жиі тамырларын кесуі, улы нәрселермен улану, сирек – өзін-өзі асып өлтіру және өзін-өзі атып жаралаушы әрекеттер қолданылады. Абайсыз болған, дұрыс манипуляция жасамаудан немесе кездейсоқтықтан болған көрініс-бопсалы әрекеттері «тым ойнап кетуге» апаратынын және қиын зардап шегуге болатынын есепке алу керек.
Басшылық және тәжірибелік психолог жағынан көрініс сияқты әрекеттердің бағалануы оның барлық мән-жайды мұқият талдауды қажет етеді. Өзіне-өзі қол жұмсаудың қандай болса әрекеттерін назарсыз қалдыруға болмайды. Өзіне-өзі қол жұмсаудың негізінде, оны ұғыну немесе ұғынбау әрекеттерінде жақын адамдарға, басшылыққа, әріптестеріне немесе қоғамдық пікіріне шағым берулер бар, осындай парадоксалдық тәсіл бойынша айналадағылардан көмек пен қолдауды алуға талаптануы көрсетіледі. Соңғы уақытта суицидалдық әрекеттердің санының өсу себептерінің бірі жасырылған.
Өзіне-өзі қол жұмсау мүмкіндік себептері:
көмек іздеу – өзіне-өзі қол жұмсауды ойлайтын адамдардың көбісі өлуді қаламайды. Өзіне-өзі қол жұмсау бір нәрсені алу тәсілі болып табылады (мысалы, назар аудару, махаббат, мәселелерден, үмітсіздік сезімнен құтылуы);
Достарыңызбен бөлісу: |