Осөж зоология-жануарлар дүниесі туралы ғылым. Бір клеткалы жәндіктер Protozoa патшалық тармағы Мәнжазба



бет1/2
Дата20.05.2022
өлшемі102.35 Kb.
#256423
  1   2
Байланысты:
зоология


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

ОСӨЖ
Зоология-жануарлар дүниесі туралы ғылым. Бір клеткалы жәндіктер Protozoa патшалық тармағы
Мәнжазба

Орындаған: Алимжанова Д


Тобы:ХБ-201
Тексерген: Абдукаримов А

Ақтөбе 2022

Зоология-жануарлар дүниесі туралы ғылым. Бір клеткалы жәндіктер Protozoa патшалық тармағы

Жоспар
1. Жануарлар жүйесі.


2. Жануарларды зерттеу тарихы, зерттеу әдістері. Планетада таралу заңдылықтары.
3. Жануарлардың эволюциясы
4. Зоология салалары.
5. Зоолог-ғалымдар.
6. Жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы.
7. Зоологияның медицинамен, ауылшаруашылығымен байланысы.
8. Қарапайымдылардың биологиясы, тіршілік әрекеті, тіршілік формалары, тіршілік ортасы. Экологиялық топтары.
9. Қарапайымдылардың ашылу тарихы. Әртүрлі тіршілік ортаға адаптациясы.
Таксондар арасындағы туыстыкты анықтайтындықтан эволюциялық дәлелдемелерге жүйелеу деректері пайдаланылады.Жердегі тіршілік эволюциясы микро және макроэволюциялық процестер бірлігінде жүзеге асады. Эволюциядағы жеке түрлердің ролі солардан бастама алған жоғары жүйелеу топтарының пайда болуында тарихи айкындала түседі.
Жануарлар әлемінің әр түрлілігіне байланысты олардың ұқсастық
белгісіне не арасындағы айырмашылығына қарай систематика жануарларды
таксондарға бөледі: тип, класс, отряд, тұқымдас, туыс, түрге. Ең кіші таксон
"түр" (species). Әрбір түрге екі сөзден тұратын латынша аты берілген. Бірінші
сөз зат есімі - туыстың аты, екінші сөз сын есімі - түрдің аты. Туыс аты түр
атының алдынан үлкен әріппен жазылады. Осылай атау қосарлы немесе
бинарлы номенклатура делінеді. Бинарлы номенклатураны швед ғалымы
Карл Линней "Табиғат системасы" (1735) деген еңбегінде ұсынған. Қазіргі
кезге дейін түрлерді қос атпен атау сақталынып келеді. Мысалы, Euglena
viridis - жасыл эвглена, Fasciola hepatica - бауыр сорғыш, Locusta migratoria -
көкқасқа шегіртке, Musca domestica - үй шыбыны.
Бір-біріне өзара жақын түрлердің тобы - туысқа (genus) жіктелінеді,
жақын туыстар тобы - түқымдасқа (familia), жақын келетін тұқымдастар -
отрядқа (ordo), отрядтар - класка (classis), кластар - типке (phylum)
біріктіріледі.Осындай жүйелеу топтарына аралық таксондар да қосылады.
Мысалы, типке - тип тармағы, класқа - класс тармағы, отрядқа - отряд
тармағы, тұқымдаска - тұқымдас тармағы, туысқа - туыс тармағы және түрге
- түр тармағы. Бұдан басқа класс үсті, отряд үсті, тұқымдас үсті, т. б.
таксондар қосылады.

Жануарларды зерттейтін ғылым - зоология (Zoon - грек тілінде жануар,


logos – ғылым, ілім). Зоология – жануарлар әлемінің алуан түрлілігін,
олардың сыртқы және ішкі құрылысын, зат алмасу процесін, тіршілік ету
ортасы мен өзара қарым-қатынасын, таралуын, дамуын, шығу тегін, тарихи
даму зандылықтарын, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын зерттейтін
ғылым.
Зоология басқа да биологиялық ғылымдармен тығыз байланысты:
морфологиямен және анатомиямен (организмдердің сыртқы және ішкі
құрылысын зерттейтін ғылым); гистологиямен (тканьдердің микроскопиялық
құрылысынзерттейтінғылым);физиологияжәнебиохимиямен
(организмдердің және олардың мүшелерінің функциональдық қасиеттерін,
құрамының химиялық өзгеріске ұшырау процестерін зерттейтін ғылым);
цитологиямен (клеткалардың құрылысын, атқаратын қызметін, дамуын
зерттейтін ғылым); эмбриологиямен (адамның, жануарлардың, өсімдіктердің
ұрықтықдамузандылықтарынзерттейтінғылым);генетикамен
(организмдердің тұқым қуалауы және өзгергіштігі туралы ғылым);
экологиямен (организмдердің қоршаған ортасымен қарым-қатынастық
заңдылықтарын зерттейтін ғылым); палеонтологиямен (құрып кеткен қазба
организмдерді зерттейтін ғылым); систематикамен (организмдерді туыстық
топтарға жіктеу және олардың эволюциялық, дамуының тарихи тізбегін
анықтау туралы ғылым). Әрбір тірі организм біртұтас, оның жүйелері, бөліктері мен мүшелерібір-бірімен тығыз байланысты. "Корреляция" немесе мүшелердің бір-біріне қатысты даму заңдылығын Ж. Кювье (1812) ашты. Жануарлар топтары арасындағы туыстық байланыстарды анықтауға биогенетикалық заң маңызды қызмет атқарады (Мюллер, 1864, Геккель, 1866, Северцев, 1939). Органикалық дүниенің тарихи дамуының эволюциялық процестің жолдарын, бағыттарын және қозғаушы күштерін, ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин "Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы өскен тұқымдардың сақталып қалуы" (1859) деген классикалық еңбегінде дәлелдеп берді.

Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетіндегі тірі организмдердің дамуы сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасады. Эволюциялық өзгерістер әрқашанда сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Бейімделушілік организмнің әр түрлі орта жағдайларында өмір сүруіне мүмкіндік бере отырып, сонымен қатар дене құрылысының өзгермелілігін қамтамасыз етіп отырады. Мұндай өзгермелілік А. Н. Северцевтің айтқанындай ароморфоз, яғни организмнің негізгі мүшелерінің құрылысын жаппай күрделілендіруге апаратын, тіршілік әрекетін жеделдете түсетін эволюциялық процесс, организмдердің тіршілік қабілетін арттырады. Ж. Кювье (1812) ашты. Жануарлардың эволюциялық дамуында белгілі бір мүшенің қызметі (функциясы) және құрылысы өзгерсе, соған сәйкес коррелятивті өзгерістер басқа мүшелерде де байқалады. Мысалы, буынаяқтыларда эволюциялық дамуының нәтижесіндегі прогрессивті өзгерістерінің бірі - хитинді кутикулярлы сыртқы қаңқасының пайда болуы. Хитинді қатты кутикуланың пайда болуы басқа мүшелерге әсер етпей қоймады. Органикалық дүниенің тарихи дамуының заңдылықтарын, эволюциялық процестің жолдарын, бағыттарын және қозғаушы күштерін, ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин "Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы өскен тұқымдардың сақталып қалуы" (1859) деген классикалық еңбегінде дәлелдеп берді. К. Бэр түрлі жануарлардың ұрықтарының даму жолдарын зерттеп, оларды төрт типке бөлді (Ж. Кювьенің бөлген типтеріне сәйкес). К. Бэр эволюция туралы алғашқы айтылған "түр өзгеріске ұшырайды және тұрақты болмайды" деген пікірді қолдамады. А. Н. Северцов эволюцияның негізгі бағыттары ароморфоз, идиоадаптация және дегенерациядан құралатынын анықтап берді. А. Н. Северцов "Морфология эволюциясының заңдылықтары" (1939) деген еңбегінде филэмбриогенез теориясын ұсынды.


Жануарлардың алуан түрлерін зерттей отырып, олардың ерекшеліктеріне және әр түрлі зерттеу мақсаттарына, әдістеріне қарай зоология - бірнеше салаларға бөлінеді: протистология немесе протозоология - қарапайымдыларды зерттейтін ғылым; гельминтология - құрттарды (паразиттік тіршілік ететін); карцинология – шаянтәрізділерді; арахнология - өрмекшітәрізділерді; акарология - кенелерді; энтомология - насекомдарды (бунақ денелілерді); малакология - моллюскаларды (жұмсақ денелілерді); ихтиология - балықтарды; герпетология - қос мекенділер мен бауырымен жорғалаушыларды; орнитология - құстарды; териология (мамма-логия) – сүт қоректілерді зерттейтін ғылым.
Зоологияны дамытуда үлкен үлес қосқан голланд ғалымы Антон ван Левенгук (1632-1723) және ағылшын ғалымы Роберт Гук (1635-1703). А. Левенгук қарапайым құрылысты микроскоптарды жасап, тұңғыш рет бір клеткалы тірі жәндіктерді ашты, ал Р. Гук өсімдік тозағашының құрылысын зерттеп, оның клеткадан тұратынын анықтады. Р. Гук "Микрография немесе үлкейтетін шыны арқылы ұсақ денелілердің физиологиясын бейнелеу" (1665) деген еңбегінде тұңғыш рет "клетка" ұғымын қолданды. XVIII ғасырда швед ғалымы Карл Линнейдің (1707-1778) жасаған системасын жұртшылық мойындады. Ол өзінің "Табиғат системасы" (Systema naturae, 1735) деген үлкен еңбегінде өсімдіктер мен жануарлардың негізгі ұқсастықтары мен айырмашылықтарына сүйене отырып, ең кіші бірлікті түр деп атап, ұқсас түрлерді - туысқа, туыстарды - отрядтарға, ал отрядтарды класқа біріктірді. . Француз ғалымы Жорж Луи Бюффон (1707-1788) өзінің "Табиғат тарихы" (1749) деген еңбегінде үй жануарларының өзгеріске ұшырайтындығын дәлелдеген. Эволюцияны қолдаушылардың бірі француз ғалымы Жан Батист Ламарк (1744-1829) болған. Ол өзінің "Зоология философиясы" (1809) деген еңбегінде, жер тарихының ұзақ жылдар бойында сыртқы ортаның әсерінен организмдердің үздіксіз өзгеріп отыратындығын көрсеткен. Ж. Кювье, Линней сияқты, түр өзгермейді деді. Типтердің өзгермейтіндігі және тұрақтылығы туралы метафизикалық ұғымды қолдады. Ж. Кювьемен қатар орыс ғалымы К. Бэр (1729-1876) салыстырмалы эмбриологияның дамуына жол ашты. Ол жеке организмдердің ұрықтарының дамуына арнап "Жануарлардың даму тарихы" (1834) деген екі томдық кітап жазды, мұнда ол жануарлардың дамуы бір клеткадан басталатындығын анықтады, эмбриональдық даму бірнеше жеке процестерге бөлінетіндігін көрсетті және ұрық күрделі организмге бірте-бірте даму процесінің нәтижесінде айналатынын көрсетті. Орыстың көрнекті эволюционисі К. Ф. Рулье (1814-1858) органикалық дүниенің тарихи даму жолдарын зерттеді. XIX ғасырда ілімді толық дәлелдеп, оған материалистік түсінік берген атақты ағылшын ғалымы Чарлз Дарвин (1809-1882) болды. Ол өзінің эволюциялық теориясын "Түрлердің табиғи сұрыпталу жолы мен пайда болуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы жағдайға ұшыраған тұқымдардың сақталуы" (1859) деген еңбегінде жариялады. Осыған орай биология ілімінің бір саласы - эволюциялык теория деген атқа ие болдыXIX ғасырда ботаник Матиас ІІІлейден (1804-1881) және зоолог Теодор Шванн (1810-1882) клетка теориясын жасап жарыққа шығарды.
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор және алуан түрлі. Олардың бірқатары пайдалы жануарлар болып табылады. Азықтүлік, әр түрлі өнеркәсіп шикізат өнімдерін: ет, май, CYT, тері, жүн, бал, балауыз, жібек, мүйіз, бақалшақ және т. б. береді. Жануарлардың пайдасы мұнымен бітпейді. Олардың көпшілігі ауыл шаруашылық дақылдарын тозаңдатушылар, топырақ түзушілер, басқа жануарларға азықтық қорлары мен органикалық заттардың ыдыратушылары болып келеді.
Жануарлардың осындай пайдасымен қатар ауыл шаруашылығына көптеген зиян келтіретін түрлері де бар: шегірткелер, кейбір көбелектер, қоңыздар, кенелер, бауыраяқты моллюскалар, кемірушілер отрядына жататын тышқандар. Сонымен қатар жануарлардың кейбір түрлері адамға және басқа жануарларға ауруларды таратушылар, ауруларды қоздырушылар және тікелей паразиттері болып табылады (масалар, соналар, кенелер, дизентериялық амебалар, лейшманиялар, бауыр сорғыштар, аскаридалар).

Қарапайымдылардың 70 000-нан астам түрлері белгілі, тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда кең тараған және жануарлар мен адамның денесінде паразиттік тіршілік етеді. бір клеткалы, өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетін жәндіктер. Морфологиялық жағынан қарағанда қарапайымдылар бір клеткалы формалар, ал тіршілік қасиеттері жағынан алғанда дербес өмір сүретін жеке организм, тірі организмге тән зат алмасу, қозғалу, тітіркену, ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, даму т. б. қызметтерін атқарады. Қарапайымдылардың клеткасының пішіні және мөлшері алуан түрлі болады. Олардың мөлшері 3-4 микроннан бірнеше миллиметр шамасында болады. Мысалы, инфузория стентордың ұзындығы - 1,5 мм. Қоректену тәсіліне қарай карапайымдылар екі топқа бөлінеді: автотрофты және гетеротрофты. Автотрофты қарапайымдылар (жасыл эвглена, вольвокс т. б.) органикалық заттарды хлорофилл дәндерінің жәрдемінен синтездеу арқылы алады, немесе фотосинтез арқылы қоректенеді. Гетеротрофты қарапайымдылар дайын органикалық заттармен қоректенеді (бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен, ұсақ қарапайымдылармен).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы