Өскемен 2015 ӘОЖ. 811. 512. 122: 37. 09


Көп мағыналы сөз бен омонимді ажырату



бет3/3
Дата16.01.2017
өлшемі0.62 Mb.
#243
1   2   3

Көп мағыналы сөз бен омонимді ажырату. Мысалы, көз- адамның көзі, күннің көзі. Барлық тіркесте де көзі - зат есім, тіркескен сөзінің соңынан жазылады. Ал омонимдерде әр түрлі сөз таптары болып келеді. Мысалы: биік жар, ағашты жар, жар таптым. Зат есім - етістік - зат есім.

Фонетика тарауын меңгертуде математикалық амалды пайдаланамын. 42 - 2 (ь, ъ)= 40. 40 – 3 (Ë, Ю, Я)=37, 37 – 12 (дауысты дыбыс) = 25 + (у) дауыссыз дыбыс.

Дауыссыз дыбыстарды түріне қарай ажырату тәсілі:

Қатаң дауыссыздарды дыбысталу ұқсастығына қарай топтастыру: П-Ф, К-Қ-Х-Һ, С-Т-Ц, Ч-Ш-Щ.

Үнді: «Арайлымның уы». Дауысты дыбыстарды сызғызамыз. Қалған дыбыстар үнді дауыссыздарға жатады. Р,л,й,м,н,ң,у.

Ұяң: Б-В, Г-Ғ, Д-Ж-З.



«Жалған жауап» тәсілі. Берілген мысалдағы кеткен қателерді оқушыларға тапқызу қажет. Мысалы:

  1. Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар дейміз.

  2. Дауысты дыбыстар жақтың ашылуына қарай жуан және жіңішке болып бөлінеді.

  3. Дыбыс - әріптің жазудағы таңбасы.

  4. Қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән 12 дыбыс бар.

  5. Қазақ тілінде 42 дыбыс бар.

  6. Тілдің қатысына қарай дауыстылар ашық және қысаң деп бөлінеді.

  7. “У” тек қана жуан дауысты дыбыс.

  8. Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және жабық деп бөлінеді.

  9. Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыс езудік деп аталады.

  10. Езулік дауыстыларға алдында жазылған еріндік дауыстылар әсер етпейді.

«Артығы қайсы?» әдісі.

  1. Еріндік дауыстылар: о,ө,и,ұ,ү,у,е,й.

  2. Ашық дауыстылар: а,и, у, ә, е, э, ү, ц, о, ө.

  3. Жуан дауыстылар: ө,ү,ұ,о,а,ы,и.

  4. Езулік дауыстылар: о,ы,и,ұ,ү,у,е,й, а.

  5. Қысаң дауыстылар: ы,і,о,и,а,у,ұ,п,ү.

  6. Жіңішке дауыстылар: ә,ө,ү,а,ы,ұ,і,е,и,г,у. d:\documents and settings\user\рабочий стол\рисунок1.png

Оқушылардың фонетика тарауы бойынша қиналатындары - буындарды ажырату. Оны төмендегі мысал арқылы түсіндіремін. «Кең даладан үйге енгенде тұйық, үйдің ішінде есікті құлыптап алсаң – бітеу, үйден шыққанда - ашық. Шыққаныңа қуанып, «а-а-а» деп ән сал».

Ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпалды меңгерту. Қатар тұрған дыбыстарды А,Б деп белгілетіңіз де, көлік суреттерімен маршрут жасатыңыз.d:\program files\microsoft office\media\cagcat10\j0212957.wmfd:\program files\microsoft office\media\cagcat10\j0212957.wmfd:\program files\microsoft office\media\cagcat10\j0212957.wmfd:\program files\microsoft office\media\cagcat10\j0212957.wmf

А Б – ілгерінді ықпал, А Б – кейінді ықпал, А Б – тоғыспалы ықпал.d:\program files\microsoft office\media\cagcat10\j0212957.wmfd:\program files\microsoft office\media\cagcat10\j0212957.wmfd:\program files\microsoft office\media\cagcat10\j0212957.wmfd:\program files\microsoft office\media\cagcat10\j0212957.wmf

Мысалы: Бота гөз, ақ лақ, Найман ғазы

«Баламалы тестілеу» де оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімін тексеруге және жадыда сақтауына көмектеседі.


Буынды дауыссыз дыбыстар құрайды.

Иә

Жоқ

Өрт тұйық буын

Иә

Жоқ

Қызғалдақ сөзі бірыңғай бітеу буындардан тұрады

Иә

Жоқ

Ашық буын жалаң дауыстыдан құралады немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталады.

Иә

Жоқ

Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталатын буынды бітеу буын дейміз

Иә

Жоқ

Ұсыныспен, оқушылар, ақпарат сөздеріндегі буындар: а+а+б+б, а+а+а+б, т+а+б сәйкес келеді

Иә

Жоқ

Ашық буынның өз алдына сөз болуы сирек.

Иә

Жоқ


Морфология. Жіктік жалғауы мен жедел өткен шақ жұрнағын айырмашылығын меңгерту. Жіктік жалғауы араға жұрнақ жалғанып барып жалғанады, ал жедел өткен шақ жұрнағы бірден түбірге жалғанады. Мысалы: көрді-жедел өткен шақ, көреді – ІІІ жақ жіктік жалғауы.

Септік жалғауларын меңгерту.

А.с. Өз есімдерін айтқызу. Мысалы: Ақмарал.

І.с. Университеттің студенті.

Б.с. Ауылға бармақшы.

Т.с. Автобусты тапты.

Ж.с. Ауылда рахаттанып жатты.

Ш.с. Ауылдан қайтты.

К.с. Автобуспен қайтты.

Сөз таптары. Есімше мен көсемшені ажырату үшін «оқушы» сөзін есімшеден соң тіркестіріп көреміз. Мысалы: Келген оқушы, айтпақ оқушы, жазбас оқушы, санар оқушы. Ал көсемшені ажырату үшін «оқушы» сөзін көсемшенің алдына жазамыз. Мысалы: Оқушы айтқалы отыр, оқушы жазып жүр, оқушы айта берді.

Сөз таптарын оқытуда жиі пайдаланатын әдіс «Сызықпен бір-бірімен байланысты ұғымдарды біріктір» деп аталады. Арасына міндетті түрде бөтен ұғымды қатыстырыңыз. Ол оқушының логикалық ойлауын дамытады.

Зат есім

Деректі

жалқы

жалпы


етіс

қатыстық


Сын есім

дерексіз


сапалық

салыстырмалы


«Шылау» тақырыбын синкуэйн әдісімен түсіндіру.

  1. Мағынасыз, көмекші

  2. Байланыстырады, үстейді, көмектеседі

  3. Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады

  4. Кішкентай сәби. (Себебі ол анасының етегіне шыланып қана жүреді. Өздігінен өмір сүре алмайды, ананың жетегінде жүреді, т.с.с)

Ереже, емлеге байланысты әдейі қате жіберілген тапсырмалармен жұмыстар оқушылардың қызығушылығын арттырады.

Мысалы: Есептік сан есімдер бірден жетіге дейінгі реттік сан есімдерге -ау(-еу)  жұрнақтары жалғануы арқылы жасалады. Бұндай сөздердің негізгі мағынасы абстракт сан мөлшерін білдіргендіктен, олар үнемі заттанып жеке қолданылады. Мысалы: Беретін мүлкің нешеу? Түйе біреу, ат екіеу, қасқыр бесеу. 


« 5 санын түрлендір» тапсырмасы.

Шарты: сан есімнің мағыналық түрлерін жаса.



Өздік пен ырықсыз етістің –ын,-і,-ін жұрнақтарын шатастырмас үшін мынадай жұмыс жасатамын.

Оқушы киінді. Кім киінді? Бастауышы жанды, адамға қатысты.

Киім ілінді. Не ілінді? Бастауышы жансыз, затқа қатысты.

Синтаксис тарауы.

Сөйлем мүшелерін және байланысу түрлерін меңгерту.

Атау септік. Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімі? Несі? Кімім? Нем? – бастауыш пен баяндауыш. Қиысу.

Ілік септік. Кімнің? Ненің?(Қанша? Неше?- сан есім, Қандай? Қай? – сын есім) - анықтауыш. Қабысу.

Барыс септік. Кімге? Неге?

Табыс септік. Кімді? Нені?

Жатыс септік. Кімде? Неде? Толықтауыш. Меңгеру.

Шығыс септік. Кімнен? Неден?

Көмектес септік. Кіммен? Немен?

Қалай? Қайтіп? Қайдан? Қайда? Қашан? Не үшін? Қандай мақсатпен? Қалайша? Қаншалықты? – пысықтауыш. Жанасу.

«Сәйкестендір» тапсырмасы арқылы сөйлем түрлерін оқыту.



Баяндауыштың бір өзі негіз болатын жай сөйлем

Толымды сөйлем

Бастауышы қатысқан жай сөйлем

Толымсыз сөйлем

Тұрлаусыз мүше қатыспаған

Жақты сөйлем

Тұрлаусыз мүше қатысқан

Жайылма сөйлем

Ойға қатысты мүшелері толық қатысқан жай сөйлем

Жалаң сөйлем

Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің бірі түсіп қалған сөйлем

Жақсыз сөйлем


«Жалғастыр, толықтыр» әдісі ережелерді жатқа білуге себін тигізеді. Мысалы:

  1. Бастауышы да, баяндауышы да зат есімнен .................

  2. Бастауыш та, баяндауыш та бір сөздің .............

  3. Сызықша-..........................

  4. Оңашаланған айқындауыш өз ішінде.......................

  5. Жалғаулықтары түсіріліп айтылған..............

  6. Тыныс белгілерін қойып, сөйлемді толықтырып жазыңдар.

Бақанас Байқоңыр бұл өңірдегі тобықтының ең үлкен өзені.

Алпамыс Қобыланды Ер Сайын бәрі де байдың жалғыз балалары.

Тек бір ғана балалау жігіт күндізгі жылқышы бар.

Елеңдеп мойнын бұрып жан-жағына қарап еді ештеңе көрінбеді.

Ойпырма-а-а-ай осындай да болады екен-ау деп Мағыш бетін шымшыды.

Тарауларды қорытындылау тәсілдері.

Әр тарауды қайталаған соң оқушылармен бірлесіп «Тұжырымдамалық карта» жасау қажет. Ол ағылшын тілінде «Mind map» деп аталады. Флипчарт бетіне тірек сөзді жазып, сол сөзге байланысты оқушылар ережелерді, емлені, тірек сөздерді, мысалдарды жаза береді. d:\documents and settings\user\local settings\temporary internet files\content.word\20150224_110409.jpgd:\documents and settings\user\local settings\temporary internet files\content.word\20150224_110510.jpg

Тағы бір тәсіл «Балық қаңқасы» деп аталады. Балықтың басына тірек сөзді, қаңқаларына ұғымдарды, құйрығына ережені толтырып жазғызасыз. Бұл әдістер оқушылардың ойын бір жүйеге келтіріп, тұжырымдауға қол жеткізеді. Әрі көлемді тақырыптарды толығымен меңгергендігін тексеруге мүмкіндік береді. d:\documents and settings\user\мои документы\20150224_112604.jpg

Қорытындылай келе, ҰБТ-ге даярлау барысында осындай шығармашылық жұмыстар жасау мұғалім үшін де, оқушы үшін де абырой әкелері сөзсіз.

Бұл жерде мұғалімнің жеке бас қасиеттері, оның іскерлігі мен біліктілігі де үлкен рөл атқарады. Пажарес (1992) оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі, ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Мұғалімнің сыныптағы іс-әрекеттеріне әдістемелік құралдар мен оқулықтардан гөрі, пәннің қалай оқытылуы керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді» делінген.[2] Ендеше жаңа заман мұғалімдері қалыптасып, қатып қалған қағидадан тың жол тауып, әрекет етуі керек деп ойлаймын.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 1-деңгей. Назарбаев мектебі ДББҰ, 2012 жыл.

  2. «ТРИЗ-теория решения изобретательских задач». / В. В. Аглодина /, 2003 год.



ДЮСЕБАЕВА К. М.,

Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан Облыстық

дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.
ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Қазақстан Респуликасының «Білім туралы» Заңында , «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында » білім берудің сапасына айқын басымдылық беріліп отыр.

Білім сапасын арттыруда тестік тапсырмалардың көмегі бар .Оны оқушылардың жыл сайынғы білім көрсеткіштері дәлелдеп отыр.

Тест тапсырмалары оқушының есте сақтау қабілетін дамытуға зейінін арттыруға да көмегі зор деп айтуға болады.

Күнделікті сабақта әр тақырыпты өткен соң оқушың білімін тест арқылы тексеру қолайлы тәсілдердің бірі.(уақыт үнемдеу әрі баға қорын көбейту) Оқушының тақырыпты қаншалықты меңгергенін білуге болады. Әрине , тест алмас бұрын тақырыпты ауызша тақырыпқа байланысты сөйлем талдату арқылы да тексеріп алған дұрыс. Ауызша ереже сұрау арқылы, диалогтік әдіспен баланың қаншалықты тақырыпты меңгергенін біле аламыз. Оқушы әр сыныпта оқылған материалдарды жүйелі,саналы түрде тақырыпты түсініп шешіп отырса,11-сыныпқа келгенде ұлттық бірыңғай тестілеуге толық дайын болады.

Тест тапсырмаларын шешу арқылы оқушы өзінің білімін нақтылайды. Алған білімдерін жүйелі түрде қайталап, нығайтуларына көмектеседі. Тестік жүйе бойынша сынақ тапсыру –бүгінгі заманымыздың талабы.

Болашақ ұрпақтарымыздың дарынды, жан-жақты жеке тұлға болуы үшін әлемде болып жатқан жаңа әдіс –тәсілдерді орынды қолдану-әр ұстаздың міндеті.


Апта ішінде 11-сыныптарды қазақ тілі пәні бойынша ҰБТ-ға дайындауға арналған күнделікті бір жауапты тест үлгісі.

(5-6-7-8-9- сынып тақырыптарынан)


Тест сұрақтары

1. Сөздің ең кішкентай бөлшегі қалай аталады? жауабы 1 -с

А)сөз

В) буын


С)дыбыс

Д) әліпби

Е) дифтонг

2. Еріндік дауыстылардың қатарын табыңыз. жауабы 2- а



А) о,ө, ұ, ү, у

В) а,ә,ы, и, е

С) а,ә,е,ү,ұ

Д) а,о ы, ұ, ү

Е) ы,і,ыо,е

3. Жұп болып келетін қатаң, ұяң дауыссыздарды табыңыз. жауабы 3- в

А)д-т

В) п-б

С)ф- в


Д) х-һ

Е)қ-к


4 Сөздің басында кездеспейтін дыбыстарды табыңыз.жауабы 4-в

А) м,ң


В)Һ,ң

С) в, с


Д) в, ж

Е) с, т


5Дифтонг дыбыстарды көрсетіңіз. жауабы 5-а

А) я,ю,ё

В) а, о, і

С) ь, ы, і

Д) ұ,ү,і


Е и, і, у

6. Қай сөзге қосымша жалғанғанда ,соңғы дыбыс түсіп қалады?Жауабы6-в

А) акт

В)металл

С) штампылау

Д) Кузбасс

Е)киоск


7. Бірыңғай буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды табыңыз

А)–дікі, -кеш-, хана,- кер

В) –ды,-ты,- ны,-ні жауабы 7-а

С) -нан,-нен,- ға,-ге

Д) лар,-лер,-дар, дер

Е)-бей,- паз,- ның,- дікі

8.Тоғыспалы ықпал дегеніміз не? жауабы 8-в

А) дауысты дыбыстардың араласып келуі.



В)қатар тұрған екі дыбыстың бір-біріне әсері.

С) соңғы дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсері.

Д) дауысты дыбыстардың тек жуан түрде келуі.

Е) алдыңғы дыбыстың соңғы дыбысқа әсері.

9.Тасымал неге негізделеді? жауабы 9-д

А) әріп


В) ықпал

С) дыбыс


Д) буын

Е) екпін


10.Тасымалданбайтын сөзді табыңыз. жауабы10-а

А) ана

В) қала


С)қиын

Д)мәре


Е) қияр

11. «повесть», « ұйқас» , «терме» терминдері қай ғылым саласында қолданылады? Жауабы 11-в

А)тіл білімі

В) музыка

С) әдебиет

Д) география

Е )этимология

12. Мақалдың мағынасын анықтаңыз. Жауабы 12-е

Оқу –білім бұлағы,

Білім –өмір шырағы.

А) ақыл-парасат туралы

В) тәлім-тәрбие туралы

С) үлкенді құрметтеу туралы

Д) ынтымақ –бірлік туралы

Е) білім туралы

13. Тура мағыналы сөзді табыңыз. жауабы13—а

А) таза бұлақ

В) ашық мінез

С) алтын қол

Д) қолы ашық

Е) терең әңгіме

14.Қайталама қос сөзді табыңыз.



А)Бара-бара жауабы 14-а

В) оңды-солды

С) арық- тұрық

Д) көрші –қолаң

Е) анда-санда

15.Көптік ұғымынсыз көптік мағына беретін сөзді табыңыз.



А) шекер, қымыз жауабы 15-а

В) кітап, қалам

С)барша, көл

Д) кесе, қасық

Е жазушы, қаламақы

16.Зат есім қандай қызмет атқарып тұр? Жауабы16-с

Өлең оқыдық.

А) баяндауыш

В) бастауыш,

С) толықтауыш

Д) пысықтауыш

Е) анықтауыш

17.Қатыстық сын есімді табыңыз. жауабы 17-с

А) биік

В) көктеу



С) өнерлі

Д) қара сұр

Е) таңертең

18.Бөлшектік сан есімді табыңыз. жауабы 18-в

А) бесеу

В) үштен бір

С) сегізінші

Д) төрт-төрттен

Е) екі

19.Есімдікті басқаша қалай атауға болады? Жауабы19-а



А) орынбасар сөз

В) көмекші есім

С) көмекші сөз

Д) көсемше

Е) есімше

20.Негізгі түбір етістікті табыңыз. жауабы 20-а



А) дала

В) ойла


С) қина

Д) ақта


Е) жақта

21.Әрі үстеу, әрі етістік болатын етістік түрін табыңыз. 21 жауабы-а

А)көсемше

В) есімше

С) етістіктің шағы

Д) тұйық етістік

Е) етістіктің райы

22.Дефис арқылы жазылатын үстеуді табыңыз. жауабы 22- е

А) жаздыгүні

В) ала жаздай

С) биыл

Д) алагеуім



Е)әрең әрең

23 Көңіл –күй одағайын табыңыз. жауабы 23- с

А)тәйт

В) жә


С) мәссаған

Д) қош-қош

Е)шөре-шөре

24.Тіркес түрін анықтаңыз. Жауабы 24-е

Ит өлген жер

А) естістікті тіркес

В) күрделі сөз

С) мәтел


Д) есімді тіркес

Е) тұрақты тіркес

25.Меңгеруді табыңыз. жауабы25- а



А) үйге енді

В) сәлем беру

С) бәрі үндемеді

Д) мұғалімнің жұмысы

Е) асыра сілтеу

26.Жайылма сөйлемді көрсетіңіз. жауабы 26- е

А)Алия –студент.

В) Егін даласы.

С) Кең зал.

Д) Егін орылды.



Е) Ол кеше келген.

27.Сенушілікті, мақұлдауды білдіретін қыстырма сөзді көрсетіңіз.

жауабы 27-е

А) меніңше, сірә

В) олай болса, сөйтіп,

С) біріншіден, ақырында

Д) бағымызға қарай, абырой болғанда

Е) сөз жоқ, рас

28.Төл сөздің тыныс белгісінің дұрыс қойылуын табыңыз.Жауабы28-а

А) «Дені сау кісіге қарап отыру қиын ғой»,- деп Жамал дауысын солғындау шығарды.

В)Дені сау кісіге қарап отыру қиын ғой, -деп Жамал дауысын солғындау шығарды.

С) «Дені сау кісіге қарап отыру қиын ғой» -деп Жамал дауысын солғындау шығарды.

Д) «Дені сау кісіге қарап отыру қиын –ғой» ,-деп Жамал дауысын солғындау шығарды.

Е) «Дені сау кісіге қарап отыру қиын ғой»,- Жамал ,дауысын солғындау шығарды.деп

29.Сабақтастың қай түріне жатады?Жауабы-29-в

Ер Төстік жалмауыздың қолында қалды деп , елі мүлде күдер үзіп қойды.

А)мақсат бағыныңқы сабақтас



В) себеп бағыныңқы сабақтас

С)қимыл-сын бағыныңқы сабақтас

Д) шартты бағыныңқы сабақтас

Е) мезгіл бағыныңқы сабақтас

30.Көп нүкте қойылатын жерді табыңыз.жауабы 30- в

А)төл сөзден кейін.



В) айтылуға тиісті ойдың аяқталмай қалғанын білдіру үшін көп нүкте қойылады.

С) хабарлы сөйлемнен кейін.

Д) сөйлем соңында

Е)тілек , өтініш әр алуан көңіл –күйді білдіру үшін қойылады.




    1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 1-деңгей. Назарбаев мектебі ДББҰ, 2012 жыл.



ИСАХАНОВА Г.М.,

Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп –

гимназия-интернатының қазақ тілі және

әдебиеті пәнінің мұғалімі

ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ БОЙЫНША ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДАУ ЖОЛДАРЫ

ХХІ ғасыр күллі адамзат баласына сапалы білімге жол нұсқап, түбегейлі өзгерістер мен жаһанданудың салдарынан туған өзгерістер мен міндеттерді жүктеп отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халқына Жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек»-дейді [1,5].

Осы орайда өркениетті елдер қатарына жетудің басты белгісі экономиканың дамуы ғана емес, білімді, ғылыми ізденістегі, жан-жақты дамыған, сауатты адамдарына да тікелей байланысты.

«Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, оның мүмкіндігін, өмірдегі мәнін көрсету арқылы білімге тереңірек ұмтылуына, сондай-ақ ізденісіне, бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу және оған өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру – білім берудің түпкілікті мақсаты» [2,5] екендігі айқындалынып отыр.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев : «Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде»,-деп тұжырымдады. Ал, қазақ тілінің келешегі –бүгінгі мектеп оқушыларында. Бүгінгі білім сапасын көтерудің басты бағыты ұлттық бірыңғай тестілеу болып табылады. ҰБТ арқылы оқушылардың қорытынды білім сапасын анықтаймыз.ҰБТ-ны жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Ол үшін оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет. ҰБТ-ға дайындауда басты міндет мұғалімге жүктеледі. Сол себептен өз басым төмендегі талаптарды қойып отырмын:

- Оқушылардың білім алу себептерін айқындау. Ол үшін диагностика сараптама жасау;


- Бақылау жұмыстарын өткізу арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтау;
-Өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқылы қиындық тудыратын мәселелерді анықтау;
- Пәндік оқытуды ұйымдастыру;

-Тест тапсырмаларымен жұмыс;


-Деңгейлік тапсырмалар құрастыру;
- Тақырыптар бойынша тестік бақылау жұмысын алу;

- Тиімді технологияларды қолдану.

- Кең көлемді оқу материалын қамтитын тестік бақылау түрлерін құрастыру;
-Оқушыларды есте сақтау, қайталау, белгілі уақытқа оқып, үлгеру қасиеттеріне түрткі жасау;

-Жылдық жоспар құру.

Соның ішінде, жылдық жоспарды келесідей құрып отырмын:

1.Фонетика. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Буын. Тасымал.Екпін.


2.Үндестік заңы. Дыбыс үндестігі.
3.Лексика. Синоним, антоним, омоним сөздер; мақал-мәтелдер; фразеологизмдер; сөз құрамы; сөзжасам; қос сөздер.
3.Морфология. Көмекші есімдер.
4.Етістердің түрлері.
5.Септеулік шылаулардың қолданылу ерекшеліктері.
6.Етістіктің шақтары,грамматикалық формалары.
7.Түбір мен қосымша. Сөз тудырушы жұрнақтармен сөз түрлендіруші жұрнақтардың айырмашылығы.
8.Синтаксис. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.
9.Сөйлемнің бірыңғай мүшелері , тыныс белгілері.

10.Салалас құрмалас сөйлем,тыныс белгілері.


11.Сабақтас құрмалас сөйлем,тыныс белгілері.
12.Стиль түрлері, тілдік норма, ерекшеліктері т.б.

13.Шешендік өнердің түрлері, тәсілдері.


Мен 11 «Б» сыныбында жұмыс істеймін. Жалпы оқушылардың саны -14.
Алдын-ала өзім кіріспе тест өткіздім. Сыныпқа жеке папка дайындадым. Оның ішінде: ҰБТ нәтижелерінің жеке парағы, қателерді талдау парағы , сонымен қатар әр оқушының жеке ереже дәптері бар.
Әр оқушы тест нәтижелерін белгілегеннен соң қатемен жұмыс жасайды.

Мысалы:
-грамматикалық ережелерді жаттау;


-ережелерін еске түсіріп жазу;
-мысалдар келтіру;
-бірін-бірі тексеру;
-өзін тексеру.
Мектепішілік байқау –тестілеу нәтижелерінің мониторингі өткізіледі. Оқушылардың ұпайлары салыстырылып отырады.
Біріншіден, 11-сынып бағдарламасы бойынша әр тарауды қамтыған 25 сұрақтан тест құрастырылады;

Екіншіден, әр тарауды оқып бітіргеннен кейін тест өткізіледі;

Үшіншіден, жіберілген кемшіліктер, меңгермеген тақырыптар бойынша қосымша жұмыстар жүргізіледі.
Күрделі сұрақтарды орындаудың тиімді жолдары:
-Сұрақты асықпай, түсіне оқу
-Сұраққа қатысты грамматикалық материалды еске түсіндіру.
Мысалы: «Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз» деген тапсырма берілсе , дұрыс жауапты қалай тез табуға болады?
1) Жалғаулық шылауы бар сөйлемді іздеу;
2) Жалғаулық шылауы бар сөйлем жоқ болса , бірінші жай сөйлемнің баяндауышына қараймыз, ол тиянақты формада тұру керек.
«Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз » деген тапсырма берілсе, дұрыс жауапты қалай тез табуға болады?
1) Жай сөйлемдерді алып тастаймыз;
2) Баяндауышы тиянақты сөйлемдерді алып тастаймыз, себебеі бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз формада тұрады.
Қорытындылай келе, ел болашағы-білімді жастардың қолында. Сол себепті білімді ұрпақ қалыптастыру-біздің мақсатымыз болсын!
 Пайдаланған әдебиеттер

Начало формы

Конец формы


    1. З Қабдолов. Алматы, 1997, 142б «Қазақ тілін оқытудың тиімді

әдістері». Алматы, 2007 ж, 15б.

    1. Тесттер жинағы-2014


Мазұмыны


АЛҒЫ СӨЗ


3

АЛИМГАЗИНА А.Т.,

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫ ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС – ТӘСІЛДЕРІ


4

БАЯХМЕТОВА Ш.О.,

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ САПАЛЫ ДАЙЫНДАУ - ӨРЕЛІ МІНДЕТ




10

ЖАҚСЫБАЕВА Э.А.,

ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ



12

НИЯЗБАЕВА Д.А.,

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДАУ ЖОЛДАРЫ



19

ДЮСЕБАЕВА К. М.,

ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ



25

ИСАХАНОВА Г.М.,

ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ БОЙЫНША ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДАУ ЖОЛДАРЫ



30




Каталог: assets -> images -> files -> ENT
ENT -> Региональный центр «Шығыс» управления образования вко жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбы бойынша биология
ENT -> Ұбт-ға даярлаудағы тиімді әдістері өскемен 2015
images -> Практикум по решению заданий международных исследований Астана
ENT -> ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы Региональный центр «Шығыс» управления образования вко
ENT -> Өскемен 2015 Әож 811. 512. 122: 37. 09
files -> Егемен Қазақстан
ENT -> Өскемен 2015 Әож 37. 01: 94


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы