Өскемен 2015 ӘОЖ. 811. 512. 122: 37. 09



бет2/3
Дата16.01.2017
өлшемі0.62 Mb.
#243
1   2   3

Формативті (қалыптастырушы) тесті арқылы өзін-өзі бағалау

Оқушылар тоқсанның соңғы жартысы бойы өздері орындаған жұмыс бойынша тест орындайды. Олар өз жұмыстарын мұғалім ұсынған дайын шешімдер арқылы бағалайды. Оларға тестіде бар тақырыптар мен тақырыпшалар тізімі ұсынылады және олар төменде көрсетілгендей әрқайсысын белгілеу қажет:



  • Егер олар оны қалай орындауды түсінген болса, жасылмен.

  • Егер олар оны қалай орындауды түсінбеген болса, қызылмен.

  • Егер олар сенімсіз болса, сарымен.

Сұрақтар

Қызыл

Орындай алмаймын



Сары

Сенімді емеспін



Жасыл

Орындай аламын



"Оның" сөзінің түбірін табыңыз










"Пай-пай" атауыш сөз бе?










"Көшбасшы" біріккен сөзге жата ма?










"Бағала" сөзіндегі "ла" жұрнақ па, жалғау ма?










Берілген күрделі сөздер қатарынан кіріккен сөзді таба аласыз ба? Тоқсан, он үш, жеті.










Сіз тестіні орындай алдыңыз ба?

Өзіңіздің әлсіз жақтарыңызға іс-әрекеттер жоспарын жазыңыз.

Оқушылар өздерінің әлсіз жақтарына іс-әрекеттер жоспарын жазады. Мысалы, Мен кіріккен сөзді табуда қиналдым, олай болса, «Сөзжасам» тарауы бойынша «Біріккен сөздер» тақырыбын оқуым керек. Осындай іс-әрекет жоспарын оқытушы немесе топтасы тексеруі мүмкін (жақын досы болмағаны дұрыс). Тапсырманы орындамас бұрын сұрақтардың қай тақырып бойынша құрылғанын ажырату маңызды болмақ.

Сәйкестендіру


Жақты сөйлем

, - (үтір сызықша)

Сабақты етістік

Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік сұрақтарына жауап береді

Қосарлы айқындауыш

Табыс септігінде тұрған сөзбен байланысқан етістік

Жанама толықтауыш

Сөйлемде бастауышы бар немесе баяндауыш арқылы бастауышты тауып алуға болатын жай сөйлемнің түрі

Шылаусыз байланысқан қарсылықты бағыныңқыдан кейін қойылатын тыныс белгі

: (қос нүкте)

Жалпылауыш мүше бірыңғай мүшеден бұрын тұрғанда қойылатын тыныс белгі

Жиренше шешен

Оқушы сөздерді сәйкестендіреді. Бұндай тапсырма түрлерін көптеп беруге болады, бірақ оқушының тез есте сақтауына ерекше мән берілуі тиіс.
Сынақ тест

Мұғалім тек сұрақтарды оқиды,оқушы жауабын жазып үлгеруі керек.Бұл тестің түрін уақытқа шамалап алу керек.Тестің бұл түрі оқушыны шапшаңдыққа да үйретеді.Мысалы қазақ тілінен лексика тарауы бойынша,

1.Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімі саласы..............Лексика

2.Көп мағыналы сөздің терминдік атауы.......................Полисемия

3.Мұрап сөзінің мағынасы...............................................Егін суаратын адам

4.Атыз сөзінің синонимі..................................................Арық

5.Сараң сөзінің антонимі................................................Жомарт

Тест алынып болғаннан кейін,қатемен жұмыс бірден жүргізіледі,ортақ талдаулар, яғни түзету жұмыстары жүргізіледі.

Қорытындылай келе, ҰБТ тиімділігі мынада деп көрсеткім келеді:

1.Барлық мектеп бітірушілердің біліміне ортақ талап қояды.

2.Мектептердің білім сапсына нақты баға беріледі.

3.Адамның араласуынсыз білімді бағалауды әділетті жүргізуге жұртшылықтың көзін жеткізеді.

5.Тестілеу арқылы бағдарламадағы білім мазмұнын қамту жоғары деңгейге жетуде.

Сондықтан ұстаздар қауымы, қашанда үздіксіз білім бере алатынымызды жадымыздан шығармайық. Ел болашағы-білімді жастардың қолында, сол себепті білімді ұрпақ, дамыған тұлға қалыптастыру - біздің ең басты мақсатымыз болсын.


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Р.Сыздықова «Тіл табиғатын таза сақтайық десек...»

2.«Қазақстан мектебі» №5, 1995ж., 14 бет

3.Бейсембаев.Ғ «ҰБТ: көзқарас пен кедергі»

4. З Қабдолов. Алматы, 1997, 142б «Қазақ тілін оқытудың тиімді

әдістері». Алматы, 2007 ж, 15б.

5.Тест жинағы 2014 ж.



ЖАҚСЫБАЕВА Э.А.,

Семей қаласындағы

«Дарынды балаларға арналған

Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан»

арнайы ерлер мектеп- лицей- интернаты»

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Қазіргі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой-өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Осы орайда ұлы педагогУшинскийдің «Бала балқытылған алтын , оны қалыпқа құйып қандай мүсін жасаймын десе де мұғалімнің қолында» деген қанатты сөзі еске түседі. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олпрдың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру- жалпы білім беру жүйесіндегі басты мәселе Білім-теңіз, оның тереңіне бойлай білетін оқушы тәрбиелеу заман талабы. «Елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтып өткендей егеменді елдің ертеңі, тәуелсіздігіміздің тірегі болар білімді ұрпақ тәрбиелеу өте жауапты іс. Күнделікті сабақ барысында берген білім оқушының өміріне азық болу керек. Елімізге ҰБТ енгелі де бірнеше жылдың жүзі болды. ҰБТ-ке жүйелі түрде дайындалу-өз жемісін көрсетіп келеді. Бұл әрине бір күннің емес күнделікті сабақтың нәтижесі. ҰБТ-те жақсы нәтижеге жету өте күрделі жұмыс.11 жыл бойы алған білімін бір сағатқа жетер жетпес уақытта көрсету оқушыға да оңай емес. Ол үшін әрине тынымсыз еңбек, тыңғылықты дайындық, терең білім керек.
Қазақ тілі пәнінен соңғы үш жылдағы ҰБТ-дағы білім сапасының көрсеткіші төмендегідей:




2011-2012

2012-2013

2013-2014

1

85%

89%

87%

Осындай сапа көрсетуде көп жылдардағы іс-тәжірибе көмектеседі.

Білім ордасында толық қанды сапалы білім алған, мектеп бағдарламасын толық меңгерген оқушыдан болашақта жақсы маман, білімді азамат шығары анық. Өйткені, біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасыр жан- жақты дамыған, білімді, өз ісіне және өзгенің ісіні әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанының әлеуметтік – экономикалық жағынан дамуына үлесін қоса алатын азамат тәрбиелеуді талап етіп отыр.

«Ел боламын десең - бесігіңді түзе» - деп заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезов айтқандай, ел болашағы жасөспірімдердің сапалы білімі мен саналы тәрбиесіне тікелей байланысты. Егемен еліміздің тірегі- білімді ұрпақ. Баламен тіл табысып, оның бойына білім нәрін себетін басты тұлға- ұстаз. Ұлы Абай атамыз айтқандай, білімімен теңессе ғана ұлттар теңесе алады.

Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кірігуіне қатысты білім беру саласына қойылып отырған заман талабы- шығармашылықпен жұмыс істей алатын, қабілетті тұлға тәрбиелеп қалыптастыру.

Елімізде білім берудің сапасын арттыру мен сапалы білім беру жүйесін құру мақсатында республикамызда ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) енгізілгеніне де бірнеше жыл болды. Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) – жаңа технологияға негізделген мектеп бітірушілерді қорытынды мемлкеттік аттестациялау және жоғарғы оқу орнына түсу емтихандарын қоса атқаратын білім сапасын бағалаудың ерекше жүйесі екені баршамызға белгілі.

Қазір ғылым мен техниканың дамыған кезінде , алдымызда отырған шәкірттер білімді терең қажет етеді. Олар бізден көп нәрсені талап етеді. Біз бір пәнге дайындалғанда олар 5 – 6 пәнге дайындалады. Тақта мен бор ғана тұратын сабақтар оларға қызықты емес. Заман талабынан артта қалмай оқушы алдында барлық жақтан хабардар, өз біліміңді олардың бойына бере алатындай болуымыз керек.

ҰБТ – ға даярлауда мұғалімге көп ізденуді қажет етеді. Оқушылармен әрдайым зейін қоя отырып, жаңа тақырыпты меңгеру, әрбір өтілген тақырыпты тест сұрақтарымен байланыстыру, негізгі қажетті деген сөздерді түрлендіре отырып, сұрақтар қойдырта білу, әрбір сұраққа дұрыс жауап бере білуге, дұрыс жауапты есте сақтап қалуға үйрету негізгі міндет.

Негізгі міндеттер:

1 Қазақ тілінің салалары бойынша жоспар құру.

І бөлім : фонетика.

ІІ бөлім : лексика

ІІІ бөлім: морфология

ІҮ бөлім : синтаксис

Ү бөлім : пунктуация

2.Әр салаға байланысты тақырып бойынша түсіндіру жұмыстары.

3. Оқулық бойынша тапсырманың нақты орындалуы.

4. Әрбір сала бойынша тест сұрақтарын ұйымдастыру.

5. Тест сұрақтары арқылы оқушының қай тақырыпты дұрыс меңгере алмағандығын анықтау.

6. Мониторинг бойынша қорытынды шығарып отыру.

Мысалы, фонетика саласында:

1 – сабақта : Қазақ тіліндегі алфавиттік жүйе , дауысты , дауыссыз дыбыстар түрлерін өткенде өзім түсіндіріп өтемін.

2 – сабақта : Осы өтілген тақырып бойынша жаттығу жұмыстары .

Сөйлем ішіндегі сөздерге, дыбыстарға фонетикалық талдау.

3 – сабақта тест жұмыстары

4. Сұрақ – жауап ұйымдастыру.

Әр тақырыпқа арналған тесттер бойынша «Ең қиын сұрақ» деген сәт кезінде әрбір оқушы өзіне қиын сұрақты айтады. Мүмкін ол сұрақ бір оқушыға қиын болғанымен , екінші оқушыға оңай болуы мүмкін. «Мен» деп жауап берген оқушыға тақтаға сол сұрақты жазып , дәлелдеп түсіндіріп беруін айтамыз. Солай ол кемшілікті жоямыз. Оқушының әрбір жазған тест жұмыстарынан кейін сараптама жасалып,білім сапасы , үлгерім сапасы , орта балы есепке алынып отырады. Бұл оқушылардың алға қарай жылжуына негізгі жол болмақ.

Мектеп бітіруші түлектің алдында бір ғана мақсат қоятынын білеміз. Ол - оқу грантын жеңіп алу. Осы мақсаттың орындалуы үшін « не істеу керек?» деген сауал туындайды. Ол үшін ҰБТ тапсыруда кездесетін негізгі кедергілерді жоюға жұмыс жасау керек деп ойлаймын.


  1. Ең бастысы бала біліміндегі олқылықтарды жою. Ол олқылықтар қайдан пайда болады ? Ол баршамызға аян, мектеп қабырғасында білім алып жатқан баланың әр сыныпта меңгермеген оқу материалдары 11 – сыныптың соңында олқылыққа айналады.

2. Психологиялық кедергі. Белгілі бір тексерудің, емтиханның алдында әр адамға қорқыныш сезімі, үрейі басым болады. Мұндай бала білгенін ұмытады. Бұл әрине, ҰБТ-да көп ұпай жинауына үлкен кедергі жасайды.

3. Зейін қою, мұқият болу. Тапсырмаларға жауап бергенде немесе белгілегенде сұрақты толық оқымай жатып дұрыс жауапты іздеу , қателікке апарып ұрындырады. Сондықтан әр сұрақты зер сала отырып , түсініп оқығаны дұрыс.

4. Уақытты ұтымды пайдалана білу.

5. Техникалық ақау. Жауап парағындағы шеңберді немқұрайды бояйды. Жауап парағы мен тест кітапшасымен жұмыс жасай білмейді.

6. Оқушының әлеуметтік жағдайы . Бұған ата – ана тікелей жауапты. Отбасындағы түрлі стресс тудыратын жағдайлар баланың ұйқысының дұрыс қанбауы , кейбір аурулардың тест алдында сыр беруі кедергі жасайды.

7. Кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі жоғары , білімді , шебер , тәжірибелі маманның аздығы балаға білім беруде басты кедергі болмақ

Енді қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша айтар болсақ, Елбасы «Қазақ тілі – мәдениеттің бір бөлігі ретінде барлық қазақстандықтарды біріктірудің қосымша құралы болуға тиіс. Ол барлық ұлттар мен ұлыстарға қазақ халқының мәдениетін, дәстүрін, әдет – ғұрпын, тұрмыс – тіршілігін танып білудің негізі болып табылады» деген. Қазақ тілі пәнінің ҰБТ -ға енгізілуі - тіл мәртебесін көтеретін факторлардың бірі, мемлекеттік тілді қолдану мен дамытуды жүзеге асырудың сара жолы.

Ал халқымыздың сөздік қоры, тіл байлығы әдебиетімізден көрінеді. Тіл білімнің әрбір сала, тақырып бөліміне дейін іздене отырып, тест құрап, сол тестті меңгергеннен кейін жалпы тақырыптық тест шешіп отыру – оқушы білімін көтерудің бір жолы.

Өз тәжірибемде оқушылардың тест орындау жолдарын төрт түрлі жолмен аламын.


  1. Өзін - өзі бақылау.

  2. Өзін - өзі тексеру.

  3. Жылдамдыққа , шапшаңдыққа үйрету.

  4. Сынақ тест.

Бірнешне жылдық тәжірибеме сүйене отырып, қазақ тілі пәнінен ҰБТ – ға даярлауда болатын мынадай кедергілерді айтқым келеді.

  1. Тіл білімінің әр түрлі саласындағы белгілі бір тақырыптарды нашар білуі. (бұл орта буында кеткен кемшіліктер).

  2. Оқушылардың сөздік қорының аздығы. ( синонимін, омонимін ауыспалы мағына, көп мағыналық, тұрақты тіркес таба алмай жатады).

  3. Сөздің мағынасын терең түсінбеуі.

  4. Оқу техникасының темендігі. (ондай оқушылар сұрақты қате , баяу оқиды).

Осындай кедергілерді көрсете келіп, оқушылардың көп қате жіберетін және қиын деген тақырыптарын қарастырайық:

  1. Диалект сөз бен кәсіби сөзді шатастыру.

  2. Сұраулық шылаулар мен болымсыз етістік жұрнағын ажырата алмауы.

  3. Қабысу мен жанасуды ажырата алмау .

  4. Құрмалас сөйлем түрлерін шатастыру.

5. Сөз тіркесі мен күрделі сөздерді ұқсас деп ойлау.

6. Есімдіктің тәуелденуі, септелуі, жіктелуі.

7. Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын аша алмау.

8. Дыбыс үндестігі.

9. Орфография мен орпоэпия нормаларын сақтамауы.

(сөздің айтылуы бойынша жазылуын таба алмай жатады,

себебі қазіргі жастар орфография бойынша сөйлейді)

ҰБТ – ға даярлауда мұғалімнің орны ең басты назарда тұруы қажет . Әр мұғалім әрдайым жаңалықты бастаушы ретінде әрекет жасауы тиіс. Оқытудың әр түрлі технологиясы жасалып, мектеп өміріне енгізілгені бәрімізге белгілі. Сондықтан да мұғалімнің өзі жаңа технологиямен үздіксіз жұмыс жасайтын, жеке тұлғаны қалыптастыруда орны ерекше адам. Енді өз тәжірбиемнен қазақ тілі пәнінен тапсырма түрлері:

Мысалы, Лексика


  1. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білім саласы _______________ лексика.

  2. Көп мағыналы сөздің терминдік атауы................. полисемия

  3. Мұрап сөзінің мағынасы...................Егін суаратын адам.

  4. Атыз сөзінің синонимі ................ Арық

  5. Сараң сөзінің антонимі ......................... Жомарт

Тест алынып болғаннан кейін қатемен жұмыс бірден жүргізіледі, ортақ талдаулар , түзету жұмыстары жүргізіледі.

Қорыта келгенде, ұстаздар қауымының алдында тұрған ең үлкен жауапкершілік - мемлекетті, ғылымды, өнеркәсіпті,өндірісті нағыз басқаратын жастар қазір біздің алдымызда екенін, соларға өз дәрежесінде білім беру, тәлім-тәрбие беру, біліктілігін арттыру, санасын тәрбиелеу, болашаққа жол салу -біздің қолымызда тұрғанын сезіне отырып, тек ерінбей еңбек ету, іздену, шығармашылықпен жұмыс жасау деп түсінемін. Мен өзім еңбек еткен тәжірибемде біршама жемісті еңбектерім бар деп түсінемін. Оның басты айғағы-ҰБТ кезінде оқушыларымның білімінің жоғарғы деңгейде болып, мемлекеттік грант иегері болуы.

ҰБТ-ға дайындалу кезінде оқушыға отбасының, ата-ананың да әсері өте зор. Осы орайда ата-аналарға бірнеше кеңес беруді жөн көрдім.


  1. Балаңыздың емтиханда алған бағасына уайымдамаңыз және баланы сынамаңыз. Балаға алған балл оның мүмкіндігінің жете көрсету өлшемі еместігін сендіріңіз.

  2. Балаға емтихан қарсаңында мазасыздықты жоғарылатпаңыз – ол тестілеу нәтижесіне кері әсер етуі мүмкін. Балаға ана-анасының толқынысы әсер етеді, егер ересектер жауапты кезде өздерін ұстай алса, бала өз жас ерекшілігіне байланысты «шектен шығып кетуі» мүмкін.

  3. Балаларды рухтандырыңыз, жақсы істері үшін мақтаңыз.

  4. Бала сәтсіздіктен қорқатындықтан және қате жіберу қаупі болғандықтан олардың өздеріне деген сенімділіктерін арттырыңыз.

  5. Баланың өзін-өзі сезінуін қадағалаңыз, Сізден басқа ешкім баланың шаршауына байланысты әлсіреуін уақытында байқап, оның алдын ала алмайды.

  6. Баланың дайындық тәртібін бақылаңыз, шаршауына жол бермеңіз, оған оқуды демалумен кезектестіру керектігін түсіндіріңіз.

  7. Балаға үйде оқуға ыңғайлы орын қамтамасыз етіңіз, оған үйдегілердің кедергі жасамауын қадағалаңыз.

  8. Баланың тамақтануына назар аударыңыз: қарқынды ойлау кезінде дәмді де түрліше тамақтану, дәрумендердің кешенді жиынтығын пайдалану керек. Балық, ірімшік, жаңғақтар, кептірілген жемістер т.б. мидың жұмыс істеу қабілетін жақсартады.

  9. Балаға дайындық тақырыптарын бөлуге жәрдемдесіңіз.

  10. Баланы емтиханға дайындық әдістемесімен таныстырыңыз. Материалдың өзін ежіктемей-ақ, түйінді мәселелері мен айтар ойын түсіну, оқылған материалды жүйелеп, қысқаша схемалық жазулар мен сызбалар дайындау ыңғайлы. Егер ол жасай алмаса, тәжірибеде қалай жасау керектігін көрсетіңіз. Негізгі формулалары мен анықтамаларын қағазға жазып, жазу үстелінің, төсектің, ас бөлмесіндегі мұздатқышқа іліп қоюға болады.

  11. Пән бойынша тест тапсырмаларының түрлі нұсқаларын жасаңыз (қазірде тест тапсырмаларының түрліше жинақтары бар). Баланың тестіге дайындалуы аса маңызды рөл атқарады. Бұл тәсіл дәстүрлі жазба және ауызша емтихандардан өзгешеленеді.

  12. Тест тапсырмаларына жаттығуда баланы уақытпен бағдар алуға және тиімді пайдалануға үйретіңіз. Сонда балада барлық тестілеу кезінде болжам жасау дағдысы қалыптасады, оған сабыр береді және артық ширығуда болдырмайды. Егер бала сағат тақпаса, міндетті түрде емтиханда сағат беріңіз.

  13. Емтихан қарсаңында балаға толыққанды демалыс беріңіз, ол жақсы демалып, ұйқысын қандыруа қажет.

Және де естеріңізде болсын: ең негізгісі – ширығуды азайту мен баланың толқуын басу және оқуға лайықты жағдай жасау.

«Еңбегіне қарай, өнбегі» демекші баланың ҰБТ-дан жақсы қорытынды шығаруы үшін, білім сапасын арттыру үшін ең алдымен ол талапты өзімізге қойып, өзіміздің ізденуіміз керек. Шөліркеп шөл далада қалмайық десек, мөлдір бұлағымыздың маңайын қоқыстан тазартып, оның сылдырап үлкен сарқырамаға айналуына ар қайсымыз өз үлесімізді қосайық. Сонда біздің оқушыларымыздың қара қою бұлттың астынан жарқырап шыққан шуақты алтын күннен қай жері кем болмақ. Қаһарлы қатты сары аязды қыстан кейін, сыңғырлап бұлақ ағып, күлімдеп күндей көтеріліп, жер ана оянып, ел жайнап, бұлбұл сайрап, орман біткен жасыл желек жамылып, гүлдер гүлдеп, суретті пейзажға айналры хақ. Демек біздің көңіліміздің көктемі – ол оқушы. Біз, яғни оқытушы алдымыздағы оқушыдан жауап алмас бұрын, оның талабын орындауымыз шарт. Оқушыға білім беру алдында , оның сапасын дұрыс жолға қоюымыз қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Р.Сыздықова «Тіл табиғатын таза сақтайық десек...» «Қазақстан мектебі»

№5, 1995ж., 14 бет

2.Бейсембаев.Ғ «ҰБТ: көзқарас пен кедергі»

3. З Қабдолов. Алматы, 1997, 142б «Қазақ тілін оқытудың тиімді

әдістері». Алматы, 2007 ж, 15б.


НИЯЗБАЕВА Д.А.,

ШҚО Көкпекті ауданы

«Преображенка орта мектебі»кмм

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДАУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстан Республикасында Ұлттық бірыңғай тестілеу (ары қарай ҰБТ) 2004 жылдан бастап енгізілді. Биыл, міне, оқушыларымыздың осы сынақты тапсырғандарына 11 жыл болыпты. Осы уақыт ішінде қаншама жас түлек жоғары нәтиже көрсетіп, көздеген ЖОО-на түсіп жатса, қаншасының жинаған ұпайы сан соқтырып, 11 жылғы еңбектің есесі қайтпай қалғаны да бар.

Қазақ тілі - ҰБТ-дағы негізгі пән. Оқушыларымыз қазақ тілі пәнінен көбінесе ереже жаттайды, кейбіреуі тестілеу кезінде әрі түртіп, бері түртіп, «тисе терекке, тимесе бұтаққамен» белгілеп жүргендері де бар. Мұғалім ретінде дайындықты неден бастарын білмей, «5-сыныптан бастап өткенді қалай қайталатсам болар еді? Аз уақытта үлгермеймін ғой?!» деген қынжылыстар бой көтеретіндігі жасырын емес. Жылдық жоспар құрып, апта сайын кесте бойынша оқушыларымызды даярлағанмен, нәтиже төмен болып жататындығы тағы бар.

Қазақ тілі – басқа пәндерге қарағанда жеңілірек көрінеді. Дегенмен, төл тіліміз бола тұра, қазақ балаларының төмен ұпай алып жататындығы шынымен ойлантады. Мүмкін жалаң ереже жаттап, жаттығу жұмысын жасап, ағымдағы тестілеумен шектелу аз шығар?!

Төменде ұсынып отырған әдіс-тәсілдер ҰБТ-да оқушыларымның жоғары нәтиже көрсетуіне ықпал етті.

Қазақ тілін оқушыға түсінікті тілмен түсіндіру қажет. Өмірден алынған мысалдар, жадыны дамыту және логикаға құрылған, жеңіл меңгертуге бағытталған жұмыстар нәтиже берді.

ҰБТ-де тапсырма мемлекеттік стандартқа сай келетін болғандықтан, ең бірінші сүйенетініміз – пән оқулықтары. Барлық тапсырмаларды оқулыққа сүйеніп жасаңыз. Қыркүйек айының алғашқы аптасында 11-сынып оқушыларымен ашық әңгіме жүргізіп, психологпен бірлесіп жасырын сауалнама алыңыз. Ол сіздің болашақта қай оқушымен қалай дайындалу керек екендігіне жол ашып береді. Ашық әңгіме кезінде оқушылардың ҰБТ-ден не күтетіндерін сұраңыз. Кәсіби әңгімеңіз еркін жағдайда өтсін. Пәнге деген көзқарасын оңтайлап, ең бастысы - сізге деген сенімін жаулап алыңыз.

Енді жоспар бойынша дайындық сабақтарын өткізіңіз. Бұл кезде мұғалімге қажеті-өзіңіздің сыни тұрғыдан ойлау қабілетіңіз және ақпараттық құзыреттілігіңіз. Себебі, тапсырмалардың дені интерактивті тақта арқылы жасалады. Оның үстіне тапсырманы жасап болған соң, дұрыс жауап нұсқасын тақтадан көрсету өз кемшіліктерімен өздері жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Мұғалімнің қатені тауып, түзеткенінен гөрі, оқушының өз қатесін өзі жөндеудегі жұмысы жемісті болмақ.

Лексика тарауын бастамас бұрын сөз мағынасы, сыртқы қабық және ішкі мазмұн дегенге назар аудартыңыз.

Мысалы: Кітап- екі дауысты, үш дауыссыз дыбыстан құралған. Бұл сыртқы қабығы. Ішкі мазмұны – қағаздан жасалған, оқуға арналған, парақтары бар зат.

Немесе, «Фокальді нысандар» тәсілі арқылы тарауды қайталатуға болады. [1]

Балық

Ғалым

Дернәсіл

Жеңіл көлік

Атом

Қабыршығы бар

Жаны бар

Жаны бар

Дөңгелегі бар

Құрылымы бар

Суда жүзеді

Ғылыммен айналысады

Белгілі уақытқа дейін қалпын сақтайды

Адам басқарады

Заттарды құрайды

Құрлықта өмір сүре алмайды

Суда да, құрлықта да әмірін жүргізеді

Суда да, құрлықта да өмір сүреді

Суда жүре алмайды

Суда да, құрлықта да бар

Үн шығармайды

Сөйлеседі

Үн шығармайды

Үн шығарады

Үн шығармайды

Қазақтың төл сөзі

Кірме сөз

Жаңа сөз

Жаңа сөз

Термин сөз, кірме сөз


Каталог: assets -> images -> files -> ENT
ENT -> Региональный центр «Шығыс» управления образования вко жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбы бойынша биология
ENT -> Ұбт-ға даярлаудағы тиімді әдістері өскемен 2015
images -> Практикум по решению заданий международных исследований Астана
ENT -> ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы Региональный центр «Шығыс» управления образования вко
ENT -> Өскемен 2015 Әож 811. 512. 122: 37. 09
files -> Егемен Қазақстан
ENT -> Өскемен 2015 Әож 37. 01: 94


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан