«Қосалқы тарихи пәндер» 1 аралық бақылау тапсырмасы Орындаған



Дата10.06.2022
өлшемі31.55 Kb.
#267517
Байланысты:
оспанов Е. ДИЯ 101в Қосалқы тарихи пән 1 РК


«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» ҚеАҚ


Гуманитарлық-экономикалық факультет


Тарих және құқық кафедрасы

«Қосалқы тарихи пәндер»

1 аралық бақылау тапсырмасы


Орындаған: Оспанов Е.М.
ДИ-101 в
Тексерген: т.ғ.к. Тохметова Г.М.

Семей 2022


1 аралық бақылау тапсырмасы: 


Хронология. Хронология пәні мақсаты.

Хронология — уақыт өлшемі туралы ғылым. Ол өзінің атауын гректің «xpovos» — «уақыт» және «лоvоs» — «ғылым» деген сөздерінен алған. Бұл ғылым екі бөлімнен: аспан денелерінің қозғалысын есептеп шығару жолымен дәл астрономиялық уақытты табатын математикалық (астрономиялық) хронология және тарихи хронологиядан тұрады.


Тарихи хронология өз алдына екі міндетті — теориялық және қолданбалы міндетті қояды. Біріншісі уақытты есептеу жүйесін зерттегенде оларды тарихи дамуы үстінде қарастырады, олардың арасындағы өзара қатынасты анықтайды және даталарды бір хронологиялық жүйеден екіншісіне аудару принциптерін жасап шығарады. Екіншісі оқиғалардың датасын қазіргі эраға және жыл санаудың жалпы қабылданған жүйесіне аудару үшін, осыған байланысты тарихи оқиғалардың датасын анықтау және нақтылау үшін жоғарыда көрсетілген ережелерді жүзеге асыруды қамтиды.
«Қосалқы тарихи пәндердің ішінен хронология ең маңыздыларының бірі болып саналады, өйткені тарихтың қандай да болсын кесегін оқып үйренудің негізгі шарты оқиғалардық жүйелілігі мен датаны дұрыс қою болып табылады. Хронология методтарына сүйене отырып тарихшы тарихи документтер мен фактілердің дәл датасын қалпына келтіреді. Бұл міндеттерді дұрыс шешу үшін белгілі бір тарихи кезеңдегі белгілі бір халықтың қолданған уақыт өлшеуінің қалыптасуымен ерекшеліктерінің бүкіл тарихын жақсы білу қажет.
Уақыт есебі туралы мәселені бір мемлекет шеңберінде қарастыруға әрекеттену, әдетте, елеулі қиыншылықтарға кездестіретінін ескерген жөн. Халықтардың көп ғасырлық қатар өмір сүруі, экономикалық, саяси және мәдени байланыстар каленьдарлық жүйеде көптеген элементтердің араласып, өзара алмасуына алып келді. Бұның үстіне көп ұлтты мемлекеттерде уақыт есебі әр ұлттарда әр түрлі болуы мүмкін. Мәселен, біздің елімізде халық-тардың бірінің календарьлық жүйесі уақыттың Күн есебі дейтінмен жүргізілсе, ал екінші біреулері уақыт есебін Айға қарап жүргізді. Екі тәсіл де алғашқы ежелгі шығыс календарьларынан шыққан. Сондықтан да СССР тарихшысы бүкіл дүние жүзі халықтарының уақыт есебінің пайда болып, даму процесімен және ең ежелгі заманнан бастап осы уақытқа дейінгі календарьлардың негізгі жүйелерімен таныс болуға тиіс.
Уақыт ішінде белгілі бір жүйелілікпен тарихи оқиғаларды орналастыру принципін ежелгі дүниенің сонау алғашқы тарихшылары да білген. Осы принциптің өзі орта ғасырлар тарихи шығармалары — орыс жылнамалары мен Батыс Европа мемлекеттері хроникаларының негізіне алынды. Хронология проблемалары бойынша алғашқы ғылыми трактаттар да ерте пайда болды. Шежірелік оқиғаларға даталар қоюмен байланысты бірқатар мәселелерді шешудің қажеттілігінен ежелгі Русьте, XII ғасырдың өзінде-ақ, хронологиялық мәселелерге арналған новгородтық Кириктің еңбегі шықты
Бұдан былай да Орыс мемлекеттерінде православие шіркеуінің қажеті үшін календарьлық анықтағыштарды шығару жұмыстары талай рет жүргізілді. Бұл жұмыстар, әсіресе XV ғасырдың аяғынан бастап белсенді түрде жүргізіле басталды, өйткені «дүниенің жаралуынан» (бұдан былай «СМ» (сотворения мира) деп алынады) бастап есептелген жыл санауда жетінші мыңдық бітті (1492+5508), пасхалийді келесі мың жылдыққа құрастыру қажеттігі туды.
XVI—XVII ғасырларда хронология мәселелеріне ынта қою Россияда кейбір практикалық қажеттіктерге де байланысты болды. Бірақ тарихи хронология дербес ғылыми пән ретінде XVIII ғасырдың аяғында — XIX ғасырдың басында ғана қалыптаса бастады. Россияда хронологияға ғылыми тұрғыдан ынта қоюды дамытудағы маңызды кезең XX ғасырдың басына жатады. Ол (юлиан календары реформасын әзірлеуге байланысты болды.Бұл кезеңде орындалған тарихи хронология жөніндегі жұмыстардан, ең алдымен Н.В. Степанов пен Д.О. Святскийдің еңбектерін атауға болады.
Алайда Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейін хронология ғылым ретінде әлі де болса қалыптасу сатысынан шыға алмаған еді.Құнды бақылаулармен және қорытындылармен қатар көптеген еңбектерде хронологиялық ұғымдарды шатастырулар, оқиғаларға дата қоюда қателер жиі ұшырайды. Бұл ғылыми пән бойынша жинақталған еңбектер болмады.
Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін хронология қосалқы тарихи пән болып түпкілікті қалыптасты. 20-жылдары мұнымен А.М. Большаков, И.Ф. Полак, Г.П. Саар, С.Н. Быков­ский, ал 30-жылдары В.А. Россовская, В.К. Никольский және басқалар шұғылданады. 1939 жылы (қолжазба күйінде) хроно­логия жөнінде Н.В. Устюговтың лекциялар курсы, ал 1944 жы­лы Л.В. Черепиннің оқу құралы пайда болды.
Ұлы Отан соғысынан кейін тарихи ғылымның жалпы өрлеуімен байланысты хронологияға, оның ішінен тарихи хронологияғa ынта қою едәуір өсті. Жалпы хронология жөнінде С.И. Селешниковтың, жылнама жөнінде Н.Г. Бережковтың, А.Г. Кузьминнің еңбектері, сондай-ақ мұсылман, түрік-монғол және жыл санаудың басқа да жүйелері бойынша бірқатар жұмыстар жарияланды. 1967 жылы университеттердің студенттеріне арналған хронология жөніндегі Е.И. Каменцеваның оқу құралы басылып шықты.
Птоломейдің еңбегі. Э.Бикерманың хронологияға қосқан үлесі. Бируни, Баласағұн, қашқари еңбектеріндегі астрономиялық мағлұматтар. Ұлықбектің «Астрономиялық жаңа кестесі».
Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Қайдаров Э. Түркітануға кіріспе. А, 1992

  2. Каменцева Е.И. Русская сфрагистика и геральдикаМ, 1974

  3. Монтьева Г.А, Кобрин В.В. Ключи к тайнам. М, 1992


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру