Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптары үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы


- тарау. «Өзіне-өзі қызмет көрсету» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет4/4
Дата14.09.2022
өлшемі209 Kb.
#290167
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
100 Озине ози кызмет корсету
БЖБ әдебиет
5 - тарау. «Өзіне-өзі қызмет көрсету» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

44. «Өзіне-өзі қызмет көрсету» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:


1) 1-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 66 сағат;
2) 2-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында –68 сағат;
3) 3-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында –68 сағат;
4) 4-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында –68 сағат.
45. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру үшін оқу кабинеттері санитарлық-гигеналық нормалар ескеріле отырып жабдықталады.
46. Түрлі формадағы (жеке, жұп немесе топтық) және әртүрлі жұмыстарды (ойын және белсенді оқыту әдістерін қолдануды) ұйымдастыру үшін қозғалмалы жиһаз қарастырылады. Білім алушылардың жұмыстарын және көрнекілік құралдарды қоюға арналған стендтер, кітап сөрелерін орналастыратын орындарды қарастырылады.
47. Оқу пәнінің мазмұны:
1) оқу пәнінің мазмұны оқу бөліміне сәйкес ұйымдастырылған: «Денсаулық және оны сақтауға жолдары», «Киім және аяқ киім», «Тамақтану», «Менің үйім, мектеп», «Тұрғындарға қызмет көрсету саласы»;
2) бөлімдер өз кезегінде оқу мақсатын және білім, немесе түсінік, дағды немесе икем ретінде күтілетін нәтижелерді құрайтын бөлімшелерге бөлінген;
3) әр бөлімшенің ішінде кезегімен көрсетілген оқу мақсаты, оқытушыға өзінің жұмысын жоспарлауға және білім алушының жетістіктерін бағалауға мүмкіндік береді;
4) «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бағдарламасы ақыл-ой кемістігі бар әр білім алушыға оқу материалдарын дара қарқында және көлемде оқу, меңгеру құқығын жүзеге асыруға көмектеседі. Оқытушы әр білім алушыға оқу тақырыбын, бөлімін меңгеруге қажетті сағат санын өзі нақтылайды. Келесі тақырыпқа көшу үшін бағдарлама материалдарын меңгеру негіз болады.
48. «Өзіне-өзі қызмет көрсету» пәнінің мазмұны келесі бөлімдер мен бөлімшелерді қамтиды:
1-кесте



.№

Бөлімдер

Бөлімшелер

11

Денсаулық және оны сақтау жолдары

1.1 Адам дене мүшелері және оның функциясы

1.2 Жеке тазалық құралдары және заттары

1.3 Тәнді күту, денсаулықты сақтау

22

Киім және аяқ киім

2.1 Маусымдық киімдер және аяқ киімдер

2.2 Киімді күту

2.3 Аяқ киімді күту

2.4 Киініп шешіну дағдысы

33

Тамақтану

3.1 Азық-түлік

3.2 Тамақтану тәртібі

3.3 Ыдыс-аяқ және оны күту, асханалық киім

3.4 Асханалық жиһаз және оның күтімі

44

Менің үйім, мектеп



4.1 Мектеп, мектеп бөлмелері, мектеп жиһазы және оған күтім

4.2 Көп қабатты үйдегі пәтер, тұрғылықты ғимарат, жиһаз және оларға күтім

75

Тұрғындарға қызмет көрсету саласы

5.1 Дүкен

49. Оқу бағдарламасында оқыту мақсатттарын қолдану ыңғайлы болуы үшін кодпен белгілеу енгізілген. Кодтың бірінші саны сыныпты, екінші


саны – бөлімді, үшінші сан бөлімшені және төртінші саны оқыту мақсатының нөмірін білдіреді. Мысалы: 1.2.1.4 «1» - сынып, «2.1» - бөлімше,
«4» - оқыту мақсатының реттік нөмірі.
50. Оқу бағдарламасында әр бөлімнің оқу материалының мазмұнын және кезектілігін анықтауға негіз болатын оқыту мақсатының жүйесі қалыптастырылған.
51. Оқу мақсаттарының жүйесі мұғалімдерге білім алушылардың танымдық процесін басқаруға, материалдарды шетінен игеруін қадағалауға, оқу процесін жекелендіруге мүмкіндік береді.
52. Оқыту мақсаттарының жүйесі:
1) «Денсаулық және оны сақтау жолдары»:
2-кесте



Бөлімшелер

Оқыту мақсаттары

1- сынып

2- сынып

3- сынып

4- сынып

1.1 Адам дене мүшелері және оның функциясы



1.1.1.1 адамның дене мүшелерімен танысады
1.1.1.2 адам мүшелерін өзінен көрсетеді және атап береді



2.1.1.1 сюжеттік көріністерден мүшелерді анықтау
2.1.1.2 сюжеттік суреттерден мүшелерді көрсету

3.1.1.1 адамның негізгі дене мүшелерін тауып, атау
3.1.1.2 мұғалімнің сұрағы бойынша дене өзінің дене мүшелерін көрсету

4.1.1.1 үлгі бойынша кескіндеп бояу 4.1.1.2 сүреттегі дене мүшелерін қарап өзінен көрсету

1.2 Жеке тазалық құралдары және заттары

1.1.2.1
гигиеналық заттарды танып айту: тарақ, орамал, қайшы, айна, тіс щеткасы
1.1.2.2 гигиеналық заттарды танып айту: сабын, тіс пастасы, сусабын, крем, әтір

2.1.2.1 гигиеналық заттарды бір бірінен айыру 2.1.2.2 үлгі бойынша кескіндеп бояу

3.1.2.1 гигиеналық заттардың не үшін арналғанын ұғып, мұғалімнің көмегімен қолдану
3.1.2.2 гигиеналық заттардың не үшін арналғанын ұғып, мұғалімнің көмегімен қолдану

4.1.2.1 гигиеналық заттардың не үшін арналғанын ұғып, жеке қолдану
4.1.2.2 гигиеналық заттардың не үшін арналғанын ұғып, жеке қолдану

1.3 Тәнді күту, денсаулықты сақтау

1.1.3.1 мұғалімнің қадағалауымен қолды жуу



2.1.3.1 мұғалімнің қадағалауымен аяқты жуу

3.1.3.1 үлкендердің қадағалауымен су сабынды пайдаланып басты жуу

4.1.3.1 мұғалімнің қадағалауымен тісті жуу

2) «Киім және аяқ киім»:


3-кесте



Бөлімшелер

Оқыту мақсаттары

1- сынып

2- сынып

3- сынып

4- сынып

2.1 Маусымдық киімдер және аяқ киімдер

1.2.1.1 киімдерді және аяқ киімдерді маусым бойынша тану, атау
1.2.1.2 пәндік суреттерге қарап кіимдермен аяқ киімдерді мезгіл бойынша көрсету

2.2.1.1 киімдермен аяқ киімдерді маусым бойынша пайдалану мақсатын білу 2.2.1.2 үлгі бойынша сызып, киімдермен аяқ киімдерді бояу



3.2.1.1 мұғалімнің сұрағы бойынша киімдермен аяқ киімдерді көрсетіп, атау
3.2.1.2 мұғалімнің сұрағы бойынша киімдермен аяқ киімдерді айыра білу

4.2.1.1 мұғалімнің нұсқауымен киімдермен аяқ киімдердің суреттерін жинау
4.2.1.2 мұғалімнің нұсқауымен киімдермен аяқ киімдерді жинау

2.2 Киімді күту

1.2.2.1 киімдерді күтуге қажетті заттарды танып, айта білу
1.2.2.2 киімдерді күтуге қажетті заттарды танып, айта білу

2.2.2.1 киімді күту сәттер бейнеленген сюжеттік суреттерді
сұрақтар бойынша кезектілігіне сәйкес жинау

3.2.2.1 мұғалімнің сұрағы бойынша
киімдерді күтуді кезегімен орындау



4.2.2.1 мұғалімнің нұсқауына сәйкес киімді өз бетімен күту

2.3 Аяқ киімді күту

1.2.3.1 аяқ киімге күтімге қажетті заттарды тану, көрсету, атау.
1.2.3.2 аяқ киімге күтімге қажетті заттарды тану, көрсету, атау

2.2.3.1 сұрақ бойынша аяқ киімнің күтіміне қажетті заттардың сюжеттік суреттерін кезектілігімен жинау

3.2.3.1 мұғалімнің айтуы бойынша аяқ киімге кезегімен күтім жасау

4.2.3.1 мұғалімнің нұсқауымен аяқ киімге өз бетінше күтім жасау

2.4 Киініп-шешіну дағдысы

1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен үлгі ретінде түймелеу немесе түймені ағыту

2.2.4.1 мұғалімнің көмегімен киім үлгісінде түймелеу немесе түймені ағыту

3.2.4.1 мұғалімнің көмегімен киім үлгісінде түймелікті, сыдырманы түймелеу немесе түймені ағыту

4.2.4.1 өз бетімен түймелікті, сыдырманы түймелеу немесе түймені ағыту



3) «Тамақтану»:


4-кесте



Бөлімшелер

Оқыту мақсаттары

1-сынып

2 -сынып

3- сынып

4- сынып

3.1 Азық-түлік

1.3.1.1 сурет бойынша азық түлікті тану, көрсету, айту



2.3.1.1 азық түліктің суретін үлгімен сызу, бояу

3.3.1.1 мұғалімнің сұрағы бойынша азық түлікті тану, көрсету, айту
3.3.1.2 азық түліктің дәмін тату

4.3.1.1 шырындарды тану, көрсету, айту
4.3.1.2 шырындардың ыдысын ашу, құю, дәмін тату

3.2 Тамақтану тәртібі

1.3.2.1 тағамдану тәртібін білу



2.3.2.1 өзін тағамдану орнында қалай ұстау керектігін білу



3.3.2.1 тағамдану орында және уақытында өзін мәдениетті ұстау.

4.3.2.1 тағамдану орында және уақытында өзін мәдениетті ұстау тәртібін меңгеру

3.3 Ыдыс-аяқ және оны күту, асханалық киім

1.3.3.1 ыдыс аяқты, асхана құралдарын тану, көрсету, айту.
1.3.3.2 асхана киімдерін тану, көрсету, атау.
1.3.3.3 үстелді шай ішуге әзірлеу



2.3.3.1 асхана қызметі мен құралдарын тану, көрсету, атау.
2.3.3.2 асхана киімін үстелді әзірлеуде пайдалану
2.3.3.3 үстелді асхана сервисімен құралдармен әзірлеу

3.3.3.1 асхана құралдарын табу және асхана құралдарын, ыдыс аяқты атау
3.3.3.2 асхана ыдыс аяғының басқада құралдардың пайдалану мақсатын білу
3.3.3.3 ыдыс аяқ күтімінің тәртібін білу

4.3.3.1 асхана құралдарын табу және асхана құралдарын, ыдыс аяқты атау
4.3.3.2 асхана кіиімін кию
4.3.3.3 тағам дайындаудау жеке бас гигиенасын сақтау
4.3.3.4 ыдыс аяқты пайдаланғаннан кейін жуу

3.4 Асханалық жиһаз және оның күтімі

1.3.4.1 асхана жиһазын тану, көрсету, асхана жиһаздарын атау
1.3.4.2 асханадағы санитарлық-гигиена тәртібін білу

2.3.4.1 асхана ыдыстарын, құралдарын сақтау ережесін білу
2.3.4.2 асхана сөрелерінде, үстелде реттілікті сақтау

3.3.4.1 шаруашылық заттарын тану, көрсету, айту.
3.3.4.2 құрғақ және ылғалды тазалық жұмыстарын жүргізу тәртібін білу

4.3.4.1 асхана жиһаздарына құрғақ және ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу
4.3.4.2 асхана бөлмесінде құрғақ және ылғалды тазалық жүргізу

4) «Менің үйім, мектеп»:


5-кесте



Бөлімшелер

Оқыту мақсаттары

1- сынып

2- сынып

3- сынып

4- сынып

4.1 Мектеп, мектеп бөлмелері, мектеп жиһазы және оған күтім

1.4.1.1 мектеп ғимаратындағы сынып бөлмесін елестету
1.4.1.2 оқу кабинеттерімен шеберханаларды тану
1.4.1.3 сынып жиһаздарын тану, атау және көрсету

2.4.1.1 мектеп ғимаратындағы сынып бөлмесін тану және табу
2.4.1.2 мектеп ғимаратындағы оқу кабинеттерімен шеберханаларды тану, табу
2.4.1.3 сынып жһаздарын мақсатты пайдалау

3.4.1.1 сынып бөлмесіндегі санитарлық гигиеналық талаптардың мәнін білу
3.4.1.2 сынып бөлмесіндегі әр жиһаздың пайдалану мақсатын білу



4.4.1.1 ылғалды және құрғақ тазалық жұмыстарының тәртібін есте сақтау;
4.4.1.2 ғимаратта құрғақ және ылғалды тазалық жұмыстарын жүргізу
4.4.1.3 сынып жиһаздарын ретте ұстау

4.2 Көп қабатты үйдегі пәтер, тұрғылықты ғимарат, жиһаз және оларға күтім

1.4.2.1 көп қабатты үйдегі пәтердің қабатын анықтау
1.4.2.2 сюжетті көріністен ғимаратты пайдалану мақсатын анықтау
1.4.2.3 затты суреттен пәтердегі жиһаздарды тану аттау, көрсету

2.4.2.1 пәтердегі бөлмелердің санын анықтау
2.4.2.2 мұғалімнің сұрағы бойынша ғимаратты пайдалану мақсатын анықтау
2.4.2.3 сюжетті көрініс арқылы тұрғын үйлерді тану, атау

3.4.2.1 тұрғын үйге санитарлық гигиена талаптарының маңызын білу
3.4.2.2 шаруашылық заттарын тану, көрсету, атау



4.4.2.1 тұрғын үйдегі ылғалды және құрғақ тазалық жұмыстарының тәртібін есте сақтау
4.4.2.2 шаруашылық заттарын сақтау тәртібін білу



5) «Тұрғындарға қызмет көрсету саласы»:


6-кесте



Бөлімше

Оқыту мақсаттары

1 - сынып

2 - сынып

3 - сынып

4 - сынып

5.1 Дүкен

1.5.1.1 азық түлік дүкенінің пайдаланау мақсатын білу
1.5.1.2 сатып алушы ретінде дүкенге баруға дайындалуды білу
1.5.1.3 дүкендердің құрылымы туралы білу
1.5.1.4 «сатушы үстелі» арқылы сауда жасаудың тәсілін білу
1.5.1.5 сауда саласы қызметкерінің мамандығын атау
1.5.1.6 сауда қызметкерлеріне
сұрақ қоя білу

2.5.1.1 азық түлік дүкенінің ассортиментін білу
2.5.1.2 азық түлікті қорабынан біліп атау
2.5.1.3 сауда залдарында секцияларда тауарлардың орналасуын бағдарлау
2.5.1.4 азық түлікті дидактикалық ойындардағы өзінің қажеттілігіне сәйкес таңдау
2.5.1.5 сауда қызметкерлеріне өтініш айтып,
сұрақ қоя білу

3.5.1.1 мамандандырылған дүкендер туралы білу
3.5.1.2 дүкендердің түрлерін маңдайшаларынан білу
3.5.1.3 мамандандырылған дүкендерде тауарлардың секцияларда орналасуын бағдарлау
3.5.1.4 ұсынылған ассортименттен қажетті тауарларды таңдап алу
3.5.1.5 дидактикалық ойындарда тауарды «сатушының үстелінен алу» тәсілін қолдана білу

4.5.1.1 әмбебап дүкендер туралы білу
4.5.1.2 сауда залдарында секция және сөрелерде тауарлардың орналасу ретін білу
4.5.1.3 сауданың өзіне өзі қызмет формасын түсіну
4.5.1.4 өзіне өзі қызмет көрсету залдарындағы секцияларда тауарлардың орналасуын бағдарлау
4.5.1.5 нақты жағдайды үлгілеуде қажетті тауарды өз бетімен таңдап алу
4.5.1.6 нақты жағдайды үлгілеуде сауда қызметкерлеріне өтініш айтып, сұрақ қоя білу

53. Ұзақ мерзімді жоспарды осы санаттағы білім алушылардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеріп, ортақ тақырыптарға сәйкес оқыту мақсаттарын тоқсан бойынша бөлу арқылы мұғалімнің өзі анықтайды. Бұл ретте жалпы білім беру оқу бағдарламаларында ұсынылған ортақ тақырыптар пайдаланылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде