Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптары үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы


- тарау. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері



бет3/4
Дата14.09.2022
өлшемі209 Kb.
#290167
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
100 Озине ози кызмет корсету
БЖБ әдебиет
4 - тарау. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері

36. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқу процесін бағалау тәртібінің талабы ізгілендіру идеясынан және осы санаттағы білім алушыларды мектепте оқыту ісіне табиғи лайықтылық тұрғысынан туындайды.


37. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалау мектеп білім алушысын оқытудың жеке бағдарламасында тұжырымдалған міндеттерден басталады.
38. Орташа ақыл-ой кемістігі бар мектеп білім алушысын оқытудың жеке бағдарламасын құру оның мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін әуелі педагогикалық бағалаумен ескертіледі. Бағалау межелері мектеп білім алушыларын дамыту мен оқытудың негізгі даму сызығының онтогенезімен сәйкес анықталады.
39. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалау ішкі бағалау құралдарымен жүзеге асырылады. Оқытудың жеке бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижелері сабақта тікелей мұғалім тарапынан білім беру процесі барысында бағаланады.
40. Орташа ақыл-ой кемістігі бар мектеп білім алушыларымен барлық педагогикалық процесті құрайтын арнайы педагогиканың – «диагностикалау мен түзете-дамыту жұмыстарының бірлігі» ұстанымына сүйене отырып, педагогтар бақылау-бағалау әрекетін жүйелі түрде жүзеге асырады.
41. Бағалау әрекеті бақылау, білім алушылардың іс-әрекеті өнімін зерттеу, ауызша жауаптарын оқыту және тәрбиелеудің жеке міндеттерімен салыстыру болып танылады.
42. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалау процесі келесі кезектіліктен құрылады:
1) білім алушылардың білімін, даму деңгейін, дағдысын алдын ала бағалау. Жеке оқу бағдарламасын құрудың негізі ретінде білім алушының даму бағдарын құру;
2) білім алушылардың жетістіктерімен дамуын ағымдағы бағалау. Ол оқытудың мазмұны мен тәсілдерін түзетіп отыру мақсатында білім алушылардың сабақ барысындағы жұмысын күнделікті бақылау арқылы жүзеге асырылады;
3) аралық бағалау бірінші жарты жылдықтан кейін жүзеге асырылады. Жеке оқу бағдарламасына сәйкес оқу барысында тиімді қалыптастырылған дағды жеке бағдарламада тіркеледі;
4) жетістіктердің қорытынды бағалау оқу жылының соңында жүзеге асырылады.
43. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалауда, білім алушының жетістігінің сапалы көрсеткіші болып табылатын - сипаттап бағалау пайдаланылады. Сипаттап бағалау дегеніміз - білім алушыны сипаттау оқыту мен жетілдірудің жеке оқыту процесінде жүзеге асырылатын өзгеше педагогикалық есеп. Оқу кезеңінде бұл - әлеуметтік даму, өзіне- өзі қызмет көрсету, физикалық, танымдық, сөздік сондай-ақ оқу жылының басында және аяғындағы білім алушының бағдарында бейнеленген білім алушының қызметі. Білім алушыны пәндік оқуға ауыстырғанда - бұл білім алушының әр оқу сабағындағы және өмірлік дағдысындағы жетістіктері ретінде сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
рсетілетін қызмет
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
болып табылады
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
қызмет стандарты
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
тақырыптық жоспар
Әдістемелік кешені
Қысқа мерзімді
туралы жалпы
республикасының білім
атындағы жалпы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақстанның қазіргі
пайда болуы
қазақ тілінде