Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптары үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы


- тарау. «Өзіне-өзі қызмет көрсету» пәнін оқытудың



бет2/4
Дата14.09.2022
өлшемі209 Kb.
#290167
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
100 Озине ози кызмет корсету
БЖБ әдебиет

2 - тарау. «Өзіне-өзі қызмет көрсету» пәнін оқытудың

мақсаты мен міндеттері


13. «Өзіне-өзі қызмет көрсету» пәнінің мақсаты – білім алушылардың тұрмыста жақсы бейімделіп, қолжетімді шаруашылық-еңбек әрекетін меңгеруге көмектесетін қарапайым икем және дағдыларын қалыптастыру.
14. Негізгі міндеттері:
1) білім алушыларда тұрмыстық және еңбек дағдыларын қалыптастыру: жеке тазалық, тамақтану, киімін, аяқ-киімін күту және өзге де тұрмыс саласында;
2) үнемдеу-тұрмыстық икемдерін қалыптастыру (қоршаған ортадағы заттарды, өз киімін, аяқ-киімін, азық-түлік және дайын асты, су көздерін пайдаланғанда ұқыпты болу);
3) әдемі және дұрыс қабылдауды үйрету;
4) еңбексүйгіштік, төзімділік, жұмысқа деген қабілет, бастаған жұмысын соңына дейін жеткізуді тәрбиелеу;
5) танымдык әрекеттерінің дамуындағы кемшіліктерді түзету;
6) сабаққа деген қызығушылық, білімқұмарлығын дамыту;
7) басқа білім алушылармен және үлкендермен қарым-қатынас жасауды үйрету.

15. «Өзіне-өзі қызмет көрсету» пәнінің мазмұнында білім алушыларды қолжетімді еңбекке және дербес өмір сүруге дайындауға ықпал ететін мәліметтері бар және оқытылуы практикалық бағытталған орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқытудың Үлгілік оқу жоспарының жалпы білім беру пәндерінің қатарына жатады. Оқытудың бастапқы сатысының бағдарлама мазмұны, біріншіден, білім алушыларды дамыту құралы болып табылады.


16. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларда танымдық әрекеттерінің терең дамымауы байқалып, практикалық әрекеттерді меңгергенде күрделі қиындықтар туындатады.
3 - тарау. Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер

17. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқу процесін ұйымдастыру тәсілдерінің негізінде бүкіл әлемде айқын ақыл-ой кемістігі бар тұлғалар өмірін ұйымдастырудың негізгі идеясы ретінде қабылданған «қалыпқа келтіру» педагогикалық тұжырымдамасы жатыр. Осы тұжырымдамаға сәйкес білім алушылар барлық түзету педогогикалық іс-шаралар жүйесін жобалауда негіз және жалғыз бастапқы нүкте болып табылады. Жоспарланатын педагогикалық іс-шаралар білім алушылармен өткізілетін жұмыспен қатар, оларды ортаға бейімдеуге, өздігімен әрекет жасауға ынталандыратын орта қалыптастыруға арналады.


18. Оқу әрекетінің мазмұны жеке оқу бағдарламаларын әзірлеу үшін бағдар болып табылатын оқу бағдарламаларында ашылады. Жеке оқу бағдарламасын әзірлеу үшін білім алушыны бақылап, оның қажеттілігі мен мүмкіндігінен хабар беретін әрбір белгілерді байқап отырған жөн.
19. «Қалыпқа келтіру» тұжырымдамасының негізінде орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу процесін арнайы мектеп жағдайында ұйымдастыру ұстанымы тұжырымдалған.
20. Өзінің бірегей ерекшеліктерін сақтай отырып, білім алушылардың жеке қарқында даму құқығын мойындау ұстанымы. Бұл ұстанымды сақтау оқытудың жеке бағдарламасына тән мазмұнды анықтау мақсатында білім алушының мүмкіндіктері мен ілгері дамуын үнемі зерттеуді бағамдайды. Дамудағы және дағдыларды меңгерудегі кез келген, тіпті ең аз ілгерілеуді мойындау оқытудағы оң нәтиже ретінде қарастырылады.
21. Әр білім алушының жеке дара мүмкіндіктерін және білім беру және жеке жетістіктерін мониторингтеу нәтижелерін ескере отырып мұғалімнің оқыту мазмұнын, әдістерін, түрлерін, дидактикалық құралдарын өздігінен таңдау ұстанымы.
22. Білім алушылардың практикалық әрекетін және әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға арналған сәйкес мектеп ортасын құру ұстанымы:
1) икем және дағдыларды қалыптастыру, оларды қолданатын жағдайға барынша жақын және ұқсас мағынада жүзеге асырылады. Бұл білім және дағдыларды жаңа жағдайға ауыстыру қиындығымен байланысты;
2) түрлі өмірлік жағдайларды көрсететін аймақ және заттық орта білім алушылардың қажеттіліктеріне сәйкес ауыстырылып отырады;
3) мектептегі ыңғайлы әлеуметтік-тұрмыстық және заттық-дамыту ортасы орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жас ерекшелігі және физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес құрылады (демалуға арналған, қимыл белсенділігіне, тазалық-гигиеналық әрекеттерге арналып жабдықталған аймақтар).
23. Білім алушылардың мектептегі күнделікті әрекеттерінің кіріктендірілген сипаты ұстанымы. Мектепте алғашқы 3-4 жыл пәнсіз оқыту идеясымен жүзеге асатын, оқу жоспарының бірнеше пәндерінің мазмұнын кіріктендіруді меңзейді. Оқу бағдарламасының мазмұнын пайдалана отырып, барлық сабақтар, біріншіден білім алушының жалпы дамуын жақсартуға бағытталады (қарым-қатынас, іс-қимыл, сөйлеу тілі, сенсорлы). Білім алушылардың жеке дара дамуына қарай пәндік оқытуға көшу жүзеге асады.
24. Пәнсіз оқыту тақырыпты кіріктендіре жоспарлау арқылы жүзеге асады. Кіріктендіру тақырыптары ретінде «Айналадағы әлем» пәнінің тақырыптарын алуға болады. Таңдалған тақырып негізінде 1-2 апта білім алушылардың түрлі әрекеттері ұйымдастырылады. Оқытудың сол кезеңінде таңдалған тақырып танымдық мақсатта ғана емес, білім алушылардың мектептегі күнделікті өмірін ұйымдастыру құралы болып табылады.
25. Әлеуметтендіру құралы ретінде ойлауды, тілді және коммуникацияны дамыту ұстанымы. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларда сөйлеуді (оның мүлдем жоқ болу жағдайларына дейін), ойлауды, қарым-қатынасты дамытуда ерекше мәселелер орын алады, бұлардың орнын нақты жағдаяттарда бар мүмкіндігінше педагогикалық құралдармен толтыру қарастырылады. Сөйлеу тілін түсінуді кеңейту, вербалды және вербалды емес қарым-қатынас құралдарын қалыптастыру, білім алушылардың көрнекілік-әрекеттік ойлауын дамыту бойынша жұмыстардың реті нақтыланады. Педагог тарапынан білім алушылардың әрекетін сөйлеу тілі арқылы сүйемелдеу мөлшерленген және мектеп білім алушысына түсінуге қолжетімді түрде болады.
26. Оқу-тәрбие процесін әлеуметтендіру бағыты ұстанымы. Білім алушылардың ерекшеліктеріне барынша бейімделген және дені сау құрдастарымен өзара әрекет етуін шектейтін оқыту және тәрбиелеу ортасындағы шарасыз жалаңдықпен байланысты білім алушыны анағұрлым күрделі әлеуметтік ортаға енгізу бойынша арнайы жұмыстар талап етіледі:
1) білім алушылардың өмірлік тәжірибесін және әлеуметтік қатынастарын кезең-кезеңімен және жоспарлы түрде олар үшін қолжетімді деңгейде кеңейту;
2) мектеп білім алушысының қоғамға ауырсынбай енуі үшін төзімді және игі ниетті ортаны қалыптастыру. Осы мақсатта мектеп ұжымы білім алушының отбасымен және қауымдастықпен жоспарлы түрде жұмыс істейтін болады.
27. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқыту процесі мазмұнды және ұйымдастыру жағынан қатал шектеле алмайды. Топтық оқыту жағдайында танымдық қызығушылықтың төмендігі; топтық жұмыста түрткіге төмен реакция; бір пәннің мазмұнында қырық бес минут бойы білім алушылардың белсенділігін ұстау тұрудың қиындығы дәстүрлі академиялық мақсатта құрылған сабақтың тиімділігінің төмендігіне әкеліп соқтырады.
28. Білім алушылар өзіне қажет кезде іс-әрекетті ауыстыра алатын, жеке дара жұмысын орындап (басқа білім алушылардың жұмыстарынан өзге) және мұғалімнің жеке көмегін ала алатын, сондай түрде ұйымдастырылған сабақтарға мұқтаж. Сынып бөлмесінде еркін қозғалу мүмкіндігі беріледі.
29. Арнайы ұстанымдарға сәйкес құрылған педагогикалық іс-шаралар, білім алушылардың жеке белсенділігін, олардың бастамалары мен дербестігін дамытуға бағытталатын болады.
30. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың белсенділігі көрініп және дербестігін дамыту мүмкін болатын іс-әрекеттердің сабақтарда кездесетін негізгі түрлері:
1) тірі және өлі табиғатты және әлеуметтік өмір құбылыстарын бақылау;
2) заттық-тәжірибелік әрекеттер;
3) ойын қимылдары және ойын әрекеттері;
4) білім алушылардың шаруашылық-еңбек әрекеттері;
5) әлеуметтік-тұрмыстық әрекеттер.
31. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқытудың барлық кезеңдерінде оқу-тәрбие процесі заттық әрекеттер негізінде құрылады.
32. Көрнекі-тәжірибелік әдістердің практикалық маңызы зор. Олар оқытудың көрнекі әдістерін және білім алушылардың практикалық әрекеттерін толықтырады. Мұғалім нақты жаттығуларды, оларды сынып бөлмесінде өткізу орнын және тәсілін тыңғылықты ойлайды (жұмыс үстелі үстінде, тақтаның алдында, ойын бұрышында, кілемнің үстінде). Бір сыныптағы білім алушылардың танымдық мүмкіндіктерінде айырмашылықтар болады, сондықтан, оларды оқыту мүмкіндігінше жеке дара жүргізіледі.
33. Дидактикалық ойындар кеңінен қолданылады. Ойын өткізгенде белгілі бір қарқында сақталады, ойын жаттығуларында сұрақтар көп болмауы ескеріледі. Білім алушыларды жауаптарына мұқият болып сыныптастарының іс-әрекеттерін бақылау дағдылары үйретіледі.
34. Сабақтар қажетті көрнекті құралдармен, топтық және жеке жұмысқа арналған үлестірмелі заттық материалдармен қамтамасыз етіледі.
35. Мұғалімнің басқаруымен практикалық әрекеттерді орындағанда қарапайым дербестік және өз күшіне сенімділік қалыптастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
рсетілетін қызмет
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
болып табылады
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
қызмет стандарты
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
тақырыптық жоспар
Әдістемелік кешені
Қысқа мерзімді
туралы жалпы
республикасының білім
атындағы жалпы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақстанның қазіргі
пайда болуы
қазақ тілінде