Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптары үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы



бет1/4
Дата14.09.2022
өлшемі209 Kb.
#290167
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
100 Озине ози кызмет корсету
БЖБ әдебиет


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 27 шілдедегі
№ 352 бұйрығына 100- қосымша

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№115 бұйрығына 318-қосымша
Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бастауыш
білім беру деңгейінің 1-4 сыныптары үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1 - тарау. Жалпы ережелер

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы


23 тамызда №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген.
2. Оқу бағдарламасы әр пән бойынша білім алушылардың танымдық ерекшеліктеріне сәйкес білім, білік және дағдының мазмұны мен көлемін анықтайтын нормативтік-оқу құжаты болып табылады.
3. Оқу бағдарламасы әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға оқу процесін бағыттайды, ол білім алушылардың пән бойынша білім алып және дағдыларды меңгеруге, оқу әрекеттерін меңгеруде білім алушылардың дербестігін дамытуға, әлеуметтік мәдени ортада бағдарлау икемін қалыптастыруға септігін тигізеді.
4. Оқу бағдарламасында заманауи мектептегі білім беру процесін ұйымдастыруға арналған инновациялық педагогикалық жолдарын сипаттайтын оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі түрімен үйлесім тапқан. Оқуға көзқарас оқу пәні бойынша бағдарламаны құрылымдаудың негізгі бағдары болып табылады.
5. Білім берудің классикалық негізі ретінде құндылық-бағдарлы,
іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлы, коммуникативті тәсілдері оқу мақсаттары жүйесінің басымдылығын және білім беру процесінің нәтижесін нығайту үшін қолданған және ол жаңа оқу бағдарламасының құрылымында көрініс тапқан.
6. Заманауи деңгейдегі оқыту процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі білім алушылардың белсенді әрекетін ұйымдастыру. Білім алушылардың белсенді танымдық әрекеті мұғалімнің қолдауымен және серіктес, кеңесші ретінде шығармашылық бірлесу жағдайында тұрақты сипатқа ие болады.
7. Тұлғалық-бағдарлы білім беруді күшейту өзара қарым-қатынаста авторитарлыққа жол берілмейтін, білім беру процесіне қатысушы барлық білім алушылар арасындағы ынтымақтастық үшін түрлі үйлесімдегі алғышарттарды жасайтын оқытудың интербелсенді әдістерін қолданған кезде жүзеге асырылады.
8. Білім беру процесін ұйымдастырудағы барлық инновациялық тәсілдер оқытуды білім алушылардың біліммен, идеялармен, әрекет тәсілдерімен белсенді алмасуға мүмкіндік беретін шынайы шығармашылық процестегі қарым-қатынас моделіне айналдырады.
9. Нақты бір пәннің оқу бағдарламасы аумақтық сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау әрекетін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан білім алушының белсенділігін дамытуға мүмкіндік береді. Осы пәнді оқытудың мақсатына қол жеткізуде жүзеге асырылатын оқу және тәрбиелік сипаттағы жобалау әрекеті ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен серіктестікте ұйымдастырылады.
10. Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтау үшін негізгі бағдар болатын және мектеп білім алушыларын оқытудың жеке бағдарламасын жасау кезінде мұғалім басшылыққа алатын болжамды оқытудың мақсаттар жүйесі тұжырымдалған. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылар үшін бағдарламаның мазмұны ұсыныс беру сипатына ие, педагог бағдарлама мазмұнына өзгеріс енгізуге және сыныптағы әрбір білім алушының мүмкіндіктері мен ерекше білім беру қажеттіліктеріне сәйкес оқытудың қарқынын өзгертуге құқығы бар.
11. Пән бойынша білім беру процесінің күнделікті мазмұны жеке білім беру мақсатына бағынады және әрбір білім алушының сыныптағы және мектептегі ұжымдық әрекетке қатысу мүмкіндігін ескереді.
12. Орташа ақыл-ой кемістігі бар мектеп білім алушыларын оқыту бұл сөздің кең мағынасында түсініліп, оларда байқалатын мүмкіндіктердің аз қорына қатысты пәндік білімді қалыптастыруға ғана емес, осы санаттағы білім алушылар үшін анағұрлым маңызды өмірлік дағдыларды қалыптастыруға да бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде