Орта білім беру

Loading...


бет62/242
Дата21.09.2021
өлшемі1.44 Mb.
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   242
«Математика» оқу пәні
Математика бойынша бастапқы білім сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Бастауыш сынып білім алушылары математика курсын игере отырып, талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады.



Математика» пәнін оқыту бейнелік және логикалық ойлауды дамытуға, математикалық тілді дамытуға, оқу-танымдық және практикалық міндеттерді шешуге, айтылған пікірді дәйектеу, дәлелдеу, негіздеу біліктерін дамытуға, басқалардың пікірлерін бағалау және қабылдауға бағытталған.

«Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 132 сағат; 2-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат; 3-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;

4-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағатты құрайды.

4-сыныпта сабақтастық және тереңдету принципін сақтай отырып, математиканы оқытудың бүкіл курсы бойынша білімдер мен дағдыларды жүйелі дамыту және тереңдете түсу қамтамасыз етіледі.

«Математика» оқу пәнінің мазмұны білім берудің кейінгі деңгейлерінде жалғасын табатын бес бөлімнен тұрады:


  1. Сандар және шамалар.

  2. Алгебра элементтері.

  3. Геометрия элементтері.

  4. Жиындар. Логика элементтері.

  5. Математикалық модельдеу.

Білім алушылардың математика курсы бойынша білімдерінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін пәннің оқу бағдарламасына 2013 жылғы бастауыш білім беру деңгейінің оқу бағдарламасында қарастырылмайтын

«Комбинаторика», «Тізбектер», «Жиындар және олармен орындалатын амалдар» деп аталатын жаңа бөлімшелер енгізілді. Жаңа оқу бағдарламасында негізгі және жоғары мектептерде геометрияны табысты меңгерудің алғышарты болып табылатын «Геометриялық фигуралар» бөлімшесі кеңінен қарастырылған.

Бұл бөлімшелерді оқып-үйрену 4-сыныптың білім алушыларында логикалық ойлаудың, процестер мен құбылыстарды талдау, себеп-салдарлық байланыстарды табу, бұл құбылыстардың заңдылықтары мен тенденцияларын ашу дағдыларының дамуына ықпал етеді. Бұл сипаттағы тапсырмалар TIMSS халықаралық зерттеулерінде кездеседі.

«Математика» пәні бойынша мұғалім алдын ала дайындалған критерийлер мен дескрипторлар бойынша әртүрлі жұмыс түрлерін жүргізіп, оқу тапсырмаларын бере алады (21-кесте).




  1. кесте. Жұмыс түрлерінің критерийлері мен дескрипторлары



Жұмыс түрлері

Критерийлер/дескрипторлар

1

Берілген мәліметтері жетіспейтін есептерді шешу

Білім алушылар сандары, шарты мен сұрағы бар есептерді шығару жолдарын жақсы түсіну үшін оларға жетіспейтін

мәліметтері бар есептерді ұсынуға болады


  • мәліметтері толық емес есептерді ажырата біледі;

  • есепті жетіспейтін мәліметпен толықтыра алады;

  • жазбаны нақты мәліметтермен толықтыра алады

2

Артық мәліметтер берілген есептерді шешу

Білім алушылар сандары, шарты мен сұрағы бар есептердің шығару жолдарын жақсы түсіну үшін оларға артық мәліметтері бар есептерді

ұсынуға болады.


3

Графикалық модельдеу

Графикалық модель – сюжеттік есептің сызбасы, ол білім алушыларға есеп шартында берілген абстрактілі қатынастарды нақты кеңістіктік формада түсінуіне көмектеседі



  • есеп мәтінін сызбамен келтіре алады;

  • есеп мәтінін және оған сай келетін сызбаны сәйкестендіре алады;

  • есептің берілгендерімен модельді толтыра алады;

  • сызба бойынша есеп құрастыра алады

4

Заңдылықтарды табу және өзінің заңдылықтарын жасауға арналған шығармашылық тапсырмалар.

Математикалық заңдылық – бұл белгілі бір ереже. Осы ереже бойынша элементтердің сандық, пішіндік немесе басқа да қатарында белгілі бір сәйкес тәртіппен элементтердің немесе

олардың қасиеттерінің қайталануы немесе өзгеруі болып табылады.


  • заңдылықтың белгілі бір ереже, іздеу екенін біледі;

  • элементтері/заттар белгілі бір ереже бойынша орналасқанын түсінеді;

  • топтастыра және қорытынды жасай алады.

Төменде бөлім/ортақ тақырып үшін жиынтық бағалау саны көрсетілген (22-кесте).


  1. кесте. «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сыныптар

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша

жиынтық бағалау саны



1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

2-сынып

3

3

3

3

3-сынып

3

3

3

3

4-сынып

3

2

2

3



Осы оқу жылының тағы бір ерекшелігі – 2021-2022 оқу жылының ІІ жартыжылдығында «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 1-сыныптан бастап енгізілуі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   242
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...