Орта білім беру



бет31/242
Дата21.09.2021
өлшемі1.44 Mb.
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   242
Білім алушылар бойында еңбек тәрбиесін, экономикалық және экологиялық тәрбиені қалыптастыру. Еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық тәрбие білім алушылар бойына шығармашылық еңбек, еңбек мәдениеті, экономикалық сана, кәсіп, мансап, функционалдық сауаттылық, туған табиғатқа деген сүйіспеншілік сынды құндылықтарды сіңіруге ықпал етеді.

«Еңбек – елдің мұраты» жобасы шеңберінде өзінің кәсіби саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген табысты адамдардың өмірі мен қызметі жайында таныстырылады, білім алушылар арасында кәсіптік бағдарлау жұмысы жүргізіледі, еңбектің құндылығы жаңа деңгейге көтеріледі.

Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады: қолөнер көрмесі, мектеп маңайын және ауылын

көгалдандыру мен абаттандыру, шеберлер турнирі, игі істер апталығы, көңілді шеберлер қаласы, еріктілер актісі, қамқорлық көрсету аймағы, еңбек десанты және тағы сол сияқты іс-шараларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

Білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауында мамандық таңдауына көмектесетін «Мамандық таңдау уақыты» бейне блогерлер байқауы, «Мен- кәсіптер әлемінде» әдеби байқауы (эссе), «Мамандық: кеше, бүгін, ертең» байқауы, «Мұндай мамандық бар» презентациялар конкурсы сияқты іс-шаралар жүйесін өткізу ұсынылады.



Қазіргі уақытта Қазақстанда «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының қолдауымен 9 негізгі сала: мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, машина жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, энергетика, туризм, тау-кен металлургия кешені және құрылыс бойынша іске асырылатын «Еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласы» ұлттық жобасы әзірленді.

Жаңа мамандықтар атласы https://www.enbek.kz/atlas/ сайтында орналасқан.


Кәсіби бағдар беру жұмысын дұрыс ұйымдастыру мақсатында:

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі 150 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында білім алушылардың кәсіби бағдарын анықтау және диагностикасын жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды;

  • орта мектептің 7-11-сынып оқушыларының кәсіби диагностикасын жүргізу бойынша құралдарды пайдалану туралы әдістемелік ұсынымдарды;

  • ЕБҚ балалардың мамандық таңдау кезінде отбасы, мектеп және жұмысқа орналастыру органдарының өзара іс-қимылы бойынша әдістемелік ұсыныстар (https://www.nao.kz).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   242




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар