Орта білім беру



бет214/242
Дата21.09.2021
өлшемі1.44 Mb.
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   242
Негізгі орта білім беру деңгейі

Арнайы мектептерде / сыныптарда оқыту білім алушылардың дамуындағы бұзылулардың түрлері бойынша ұйымдастырылады: есту қабілеті бұзылған балалар үшін; көру қабілеті бұзылған балалар үшін; сөйлеу қабілеті бұзылған балалар үшін; тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар үшін; психикалық дамуы тежелген балалар үшін (бұдан әрі – ПДТ); ақыл-ой кемістігі бар балалар үшін (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі).

Негізгі орта білім беру деңгейінде арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептермен оқыту, тәрбиелеу, білім алушыларды дамыту міндеттерін, сондай-ақ бұзылған функциялардың орнын толықтыру, өмірлік дағдыларын қалыптастыру, кәсіптік бағдарлау міндеттерін шешеді, оларға мыналар жатады:



  1. оқудың ұзартылған мерзімдері;

  2. оқытудың арнайы әдістері, тәсілдері және құралдары;

  3. техникалық және компенсаторлық құралдар;

  4. тіршілік ету ортасы;

  5. арнайы дайындалған педагогтер;

  6. психологиялық-педагогикалық көмек (логопедтер, арнайы педагогтер: сурдопедагогтер, тифлопедагогтер, олигофренопедагогтер, психологтер, әлеуметтік педагогтер, ЕДШ нұсқаушылары);

  7. дамудың кемшіліктерін өтеуді, әлеуметтік, коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқу жоспарының арнайы пәндері;

  8. медициналық, әлеуметтік және өзге де қызметтер.

Арнайы жағдай жасау үшін мектеп педагогтері мен мамандары оқушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады.

Арнайы мектептерде/ сыныптарда білім берудің негізгі деңгейіндегі оқу- тәрбие процесі келесі нормативтік-құқықтық құжаттармен реттеледі:



  • «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы»;

  • «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы»;

  • Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған үлгілік оқу бағдарламалары (ҚР БҒМ 20.09.2018 ж. № 469 бұйрығы).

Арнайы мектептерде /сыныптарда негізгі орта деңгейде оқыту ұзақтығы білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктерін, оқытудың баяу қарқынын, оқу бағдарламаларының мазмұнын толық меңгеруге ықпал ететін пропедевтикалық және компенсаторлық-дамытушы бөлімдерді жалпы білім беретін пәндерге енгізу қажеттілігін ескере отырып, 10-сынып есебінен 1 жылға ұлғайтылды.

5-10-сыныптардағы оқу жылының ұзақтығы – 34 оқу аптасы. Оқу күнінің тәртібі білім алушылардың қатты шаршауын ескере отырып белгіленеді: бірінші ауысымда оқу және үзілістерде демалу үшін жеткілікті уақыт бөлінуі керек. Есту, көру, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарларының инварианттық бөлімінің жалпы білім беретін пәндер тізбесі және олардың негізгі мазмұны мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі – МЖМБС) талаптарына сәйкес келеді (ҚР БҒМ 31.10.2018 ж. № 604 бұйрығы). Оқыту арнайы оқу бағдарламалары ретінде жүзеге асырылады (бағдарламалар Академияның сайтында орналастырылған – www.nao.kz) білім алушылардың психофизикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктері ескеріле отырып, Негізгі орта білім берудің оқу бағдарламалары, сондай-ақ Жалпы білім берудің оқу бағдарламалары негізінде әзірленген білім беру бағдарламалары болып табылады. Екінші (қазақ немесе орыс) және үшінші (ағылшын) тілдерін оқыту білім алушылардың тілдік даму деңгейі ескеріле отырып жүзеге асырылады, оқыту мазмұнын, әдістерін бейімдеу және жетістіктерін бағалау көзделеді. Оқу процесінде арнайы ОӘК, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептерге арналған ОӘК пайдаланылады. Көзі көрмейтін балаларды оқыту жалпы білім беретін мектептерге арналған Брайль қарпімен, ал нашар көретіндер үшін – ірі баспа қарпімен басылған оқулықтар бойынша жүзеге асырылады. Ақыл-ойы бұзылған білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарының бөлімдері мен оқу пәндерінің тізбесі, сондай-ақ оқу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұны МЖМБС талаптарына бағдарланбаған. Оқу процесі арнайы оқулықтар мен оқыту

әдістемелерін пайдалана отырып, арнайы оқу бағдарламалары бойынша жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқыту жекелеген сыныптарда немесе педагогикалық кеңестің шешімі бойынша жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылармен бірлесіп ұйымдастырылады.

Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқыту орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жасалған Үлгілік оқу жоспарына және жеке оқу бағдарламаларына сәйкес және сынып педагогі мен психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мамандарының оқушының мүмкіндіктерін кешенді психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде жүзеге асырылады. Жеке оқу бағдарламасы жартыжылдыққа жасалады. Жеке оқу бағдарламасын іске асыру уақыты аяқталғаннан кейін әр оқушының жетістіктеріне талдау жасалады және келесі жартыжылдыққа жеке оқу бағдарламасы жасалады.

Мұғалім әр оқушының жеке мүмкіндіктерін, білім беру және жеке жетістіктерін бақылау нәтижелерін ескере отырып, оқытудың мазмұнын, әдістерін, формаларын, дидактикалық құралдарын өз бетінше таңдайды. Оқытудың мазмұны: өзі туралы түсініктерді; шаруашылық еңбек және тіршілікті қамтамасыз ету дағдыларын; қоршаған орта туралы қолжетімді түсініктерді және әлеуметтік және табиғи ортадағы бағдарлауды; коммуникативтік біліктерді; қолжетімді еңбек қызметін; практикалық бағыты бар және тәрбиеленушілердің психофизикалық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін жалпы білім беретін пәндер бойынша қолжетімді білімді қалыптастыруға бағытталған.

Білім беру ұйымы үлгілік оқу жоспарының негізінде білім алушылардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, әрбір сынып үшін жұмыс оқу жоспарын жасайды. Педагогикалық кеңестің шешімі бойынша білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктеріне сәйкес үлгілік оқу жоспарының оқу пәндері арасында (үлгілік оқу жоспарының жалпы сағат саны аясында) сағаттарды қайта бөлуге жол беріледі. Арнайы мектептердің/сыныптардың педагогтері сынып құрамын, білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, дидактикалық, компенсаторлық-дамыту материалдарын таңдауға құқылы. Арнайы мектепте/сыныпта оқу-тәрбие процесі психологиялық- педагогикалық сүйемелдеу мамандары (психолог, логопед, арнайы педагогтер: тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог, сондай-ақ ЕДШ нұсқаушысы, әлеуметтік педагог) жүргізетін әрбір білім алушының қажеттіліктерін психологиялық-педагогикалық бағалау деректеріне негізделген сараланған және жеке тәсілдерді пайдалана отырып жүзеге асырылады. Психологиялық- педагогикалық қолдау мұғалімдері мен мамандарының жұмысы командалық тәсілді қолдана отырып жүзеге асырылады, мектеп директоры бекіткен жергілікті

нормативтік актілермен реттеледі.

Арнайы мектептің/сыныптың білім алушылары Үлгілік оқу жоспарының тиісті бөлімінде (түзету компоненті) бөлінген сағат шеңберінде психологиялық- педагогикалық сүйемелдеу мамандары өткізетін фронтальды, кіші топтық және жеке сабақтарда арнайы психологиялық-педагогикалық көмек алады. Түзету компонентінің Үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жеке/ кіші топтық/ топтық түзету сабақтарының бағдарламалары жасалады.

Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарымен сабақтар арнайы мектептер мен арнайы сыныптардың барлық түрлерінде міндетті болып табылады.

Сабақтың негізгі міндеттері:



  1. есту қабілеті бұзылған (естімейтін, нашар еститін) білім алушылар үшін):

  • жоғары психикалық функцияларды қалыптастыру, жалпы білім беретін пәндер бойынша білімді меңгерудің негізі ретінде күнделікті ұғымдарды меңгеру үшін тілді меңгеру;

  • электроакустикалық аппаратураны пайдалана отырып, есту қабілетін қарқынды дамыту жағдайында қозғалыс пен сөйлеуді дамыту;

  • білім алушының коммуникативтік қызметін қамтамасыз ету, ауызекі және күнделікті сөздік қорын дамыту;

  • ауызша сөйлеуді қалыптастыру және қалдық тілдік есту қабілетін дамыту;

  • оқушылардың ауызша сөйлеуін қалыптастыру мен жетілдірудің есту-көру негізі ретінде есту қабілетін, айтылымды, еріннен оқуды дамыту. Республика мектептерінде естімейтіндерді оқыту процесі есту-көру негізінде жүзеге асырылады, оқу процесінде ымдау тілі бағдарламалық материалды неғұрлым терең түсіну үшін көмекші құрал ретінде пайдаланылады;

  1. көру қабілеті бұзылған (көзі көрмейтін, нашар көретін) білім алушылар үшін):

  • қалдық көру және көру қабілетін дамыту;

  • әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауды қалыптастыру (ӘТБ),

  • кеңістіктік бағдарлауды дамыту;

  • мимика мен пантомимиканың дамуы;

  • сөйлеу және қимыл-қозғалыс дамуының кемшіліктерін еңсеру;

  1. тірек-қимыл аппараты бұзылған білім алушылар үшін:

  • қозғалыс саласын қалыптастыру және жетілдіру;

  • танымдық іс-әрекетті дамыту;

  • сөйлеу және қимыл-қозғалыс дамуының кемшіліктерін еңсеру;

  1. сөйлеу қабілеті бұзылған балалар үшін;

  • сөйлеу дамуындағы ауытқуларды жеңу;

  • моторика, сөйлеу-моторикасы, сөйлеу-ойлау қызметін дамыту;

  1. психикалық дамуы тежелген білім алушылар үшін:

  • қоршаған шындық туралы білім мен идеяларды байыту, дамудың алдыңғы кезеңіндегі олқылықтардың орнын толықтыру;

  • жалпы моториканы дамытуда және қозғалыстарды үйлестіруде ауытқуларды жеңу;

  • сөйлеу және қимыл-қозғалыс дамуының кемшіліктерін еңсеру;

-танымдық іс-әрекетті және эмоционалды-тұлғалық саланы дамыту;

  • оқу қызметін қалыптастыру;

  • оқу бағдарламаларын меңгерудегі олқылықтардың орнын толықтыру;

  1. ақыл-ой кемістігі бар (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар) білім алушылар үшін:

  • қозғалыс саласын жетілдіру (жалпы және ұсақ моторика);

  • эмоционалдық саланы, қарым-қатынас дағдыларын, әлеуметтік қолайлы мінез-құлық нормаларын, еңбексүйгіштікті дамыту;

  • танымдық іс-әрекетті дамыту;

  • білім алу, алғашқы кәсіби қызметті дамыту.

Үлгілік оқу жоспарларының түзету компонентінің сабақтарын

«Дефектология» («Арнайы педагогика») мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі және арнайы мектеп түріне сәйкес білім беру бағдарламасы бар педагогтер, қажет болған жағдайда психологтер өткізеді. Түзету компонентінің пәндері бойынша оқушылардың жетістіктерін бағалау кезінде балдық бағалау пайдаланылмайды. Сабақтар мектеп кеңесі талқылайтын және білім беру ұйымының басшысы бекітетін кестеге сәйкес күннің бірінші және екінші жартысында топтарда, кіші топтарда және жеке өткізіледі. Түзету компоненті пәндерін оқу жоспарының инварианттық компонентінің пәндерімен ауыстыруға, сондай-ақ осы сағаттардың санын азайтуға жол берілмейді.

Оқытудың компенсаторлық-дамытушылық бағыты жалпы білім беру циклінің пәндері, түзету пәндері, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесінде жүзеге асырылады. Еңбекке баулу жұмысшы кадрларға қажеттілікке бағдарланған өңірлік, жергілікті жағдайларға сүйене отырып және психофизикалық дамудың жеке ерекшеліктерін, денсаулығын, мүмкіндіктерін, сондай-ақ еңбек бейінін таңдау негізінде тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің мүдделерін ескере отырып ұйымдастырылады. Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар үшін еңбекке оқыту бейіндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары не білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып мектеп педагогтері жасаған және мектептің педагогикалық кеңесі бекіткен бағдарламалар пайдаланылады. Кәсіптік – еңбекке оқыту (жалпы еңбек дайындығы), әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау сабақтары үшін сыныптар екі топқа бөлінеді. Топтарды еңбек түрлері бойынша жинақтау оқушылардың психофизикалық жағдайы мен мүмкіндіктерін ескере отырып, дәрігердің ұсынымдары негізінде жүзеге асырылады. Оқушыларды параллель және аралас сыныптардан кіші топтарға біріктіруге болады. Ақыл-ойы бұзылған балаларды мектепте оқыту еңбекке баулу емтиханымен аяқталады.

Білім алушылар белгіленген тәртіппен бітіру емтихандарынан босатылуы мүмкін. Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылар еңбек дайындығы пәндері бойынша бітіру емтиханын тапсыра алмайды. Факультативтік сабақтар мен элективті курстардың сағаттары еңбекке оқыту бейіні бойынша сабақтарға, жалпы білім беру циклінің пәндерін зерделеуге, жаңа пәндерді, қосымша білім беру модульдерін, арнайы курстар мен практикумдарды енгізуге, оқушыларды әлеуметтендіруге, даму кемшіліктерін жеңуге, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге ықпал ететін сабақтарға пайдаланылуы мүмкін.

Негізгі мектеп курсында жалпы білім беру бағдарламаларын сәтті меңгерген білім алушылар жалпы орта білім мен мамандық алу мақсатында кәсіптік колледждерде, кешкі мектепте оқуын жалғастырады. Есту, көру, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектептердің түлектері алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі аттестат алады. Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар түлектер білім алушылардың осы санаты үшін белгіленген үлгідегі аттестат алады («Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығы). Зерде бұзылыстары бар білім алушылар екінші жылға (қайта оқуға) жіберілмейді.

Білім беру ұйымы білім алушылардың ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын адамдармен бірлесіп оқытылатын пәндердің тізбесін айқындайды, білім алушыларды сыныптар, пәндер бойынша жеке мүмкіндіктеріне сәйкес үйде жеке оқытуға Үлгілік оқу жоспарында бөлінген сағаттар шегінде бөледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   242




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар