Орта білім беру



бет179/242
Дата21.09.2021
өлшемі1.44 Mb.
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   242
Қайталауға және бекітуге арналған оқу бағдарламасының тақырыптары:

10-сыныпта 9-сынып тақырыптары:

Вектордың координаталар осьтеріне түсірілген проекциялары, материялық нүктенiң шеңбер бойымен бiрқалыпты қозғалысы, сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар, центрге тартқыш үдеу;

№ 1-зертханалық жұмыс: теңүдемелі қозғалыс кезiндегi дененiң үдеуiн анықтау;

№ 2-зертханалық жұмыс: горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерделеу;

Инерциялық санақ жүйелерi, денелердiң ауырлық күшiнiң әрекетiнен қозғалуы.

Импульстің сақталу заңы, энергияның сақталу және айналу заңы.

Практикалық жұмыстар: дененің кинетикалық энергиясының өзгеруіне қатысты күштің жұмысын салыстыру, денелердің соқтығысуы кезіндегі импульстің сақталу заңын зерттеу;

Тербелмелі қозғалыстың теңдеуі, еркін электромагнитік тербелістер, электромагниттік толқындар.

№ 3-зертханалық жұмыс: математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау;

№ 4-зертханалық жұмыс: беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау.

Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы, Резерфорд тәжірибесі, атомның құрамы;

Радиоактивті ыдырау заңы, ауыр ядролардың бөлінуі, тізбекті ядролық реакция, термоядролық реакциялар.
10-сыныпта 9-сынып тақырыптары:

Галилейдің салыстырмалылық принципі; қисық сызықты қозғалыс кинематикасы; көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы; импульс моментінің сақталу заңы және оның кеңістік қасиеттерімен байланысы; айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі;

№1 Зертханалық жұмыс: көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау;

№ 2 Зертханалық жұмыс: ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу;

№ 3 Зертханалық жұмыс: көлбеу науамен сырғанайтын дененің қозғалысын оқып үйрену;

№ 4 Зертханалық жұмыс: бір-біріне бұрыш жасай бағытталған күштерді

қосу;


Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары және олардың

кеңістік пен уақыттың қасиеттерімен байланысы;

Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Көтергіш күш; Тұтқыр сұйықтың қозғалысы. Стокс формуласы.

№5 Зертханалық жұмыс: тұтқыр сұйықта қозғалатын кішкентай шардың жылдамдығының оның радиусынан тәуелділігін зерттеу;



Газдардың молекулалық кинетикалық теориясының негiзгi қағидалары және оның тәжiрибелiк дәлелдемелерi; газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негiзгi теңдеуi;

Идеал газ күйінің теңдеуі.

«Термодинамика негiздерi» бөлімі. Пуассон теңдеуі; қайтымды және қайтымсыз процестер; энтропия; Карно циклі;

Фазалық диаграммалар; үштік нүкте.

Электр өрісінің суперпозиция принципі; Гаусс теоремасы; біртекті электр өрісі үшін кернеулік пен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс.

Өткізгіштерді аралас жалғау; ток көзінің пайдалы әсер коэффициенті;

№6 Зертханалық жұмыс: өткізгіштерді аралас жалғауды оқып үйрену;

№7 Зертханалық жұмыс: ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау;

Жартылай өткiзгiштердегi электр тогы; электролит ерiтiндiлерiндегi және балқыламалардағы электр тогы; электролиз заңы;

№ 8 Зертханалық жұмыс: шамның қыл сымының, резистордың және жартылай өткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасы;

№ 9 Зертханалық жұмыс: Бір валентті ионның электр зарядын өлшеу;

Дөңгелек және шексіз түзу тогы бар өткізгіштердің индукциясы; Кюри температуры;

Магнит өрісінің энергиясы; электр қозғалтқыш және тұрақты токтың электр генераторы.
«География» оқу пәні

«География» интеграциялық ғылым ретінде жаңа салаларды қамтиды.

«География» пәні мұғалімінің жұмысы ақпараттық технологиялар және геоақпараттық жүйелермен тығыз байланысты.

«География» пәнінің мақсаты – оқушылардың қоғам мен географиялық кеңістіктің барлық деңгейлерінде туындаған геоэкологиялық, геоэкономикалық, әлеуметтік, геосаяси және ғаламдық проблемаларды шешуге бағытталған географиялық білімдерін, біліктері мен дағдыларын қолдану үшін жағдай жасау.

Пәннің міндеттері:


  • оқушылардың бойында географиялық кеңістіктік ойлауды, географиялық мәдениет пен тілді дамыту;

  • геоэкологиялық, геосаяси, геоэкономикалық, әлеуметтік үдерістер мен құбылыстарды зерттеу үшін ғаламдық, аймақтық және жергілікті ұстанымдардың түсінуін дамыту;

  • оқушыларға картографияны, геоэкологияны, геоэкономиканы, геосаясатты, елтану мен адамзаттың ғаламдық проблемаларын зерттеу барысында геокеңістіктік деректерді өңдеудің заманауи әдістерін қолдану үшін жағдай жасау;

  • оқушының бойында қазіргі дүниенің географиялық көрінісін іс- әрекеттер арқылы зерттеп-тану барысында құндылықтар жүйесін қалыптастыру;

  • геокеңістіктік әдістер және деректермен жұмыс істейтін мамандық пен кәсіп иелері атқаратын әрекеттерді орындату арқылы оқушыларға кәсіби бағдар беру.

«География» оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімді қамтиды:

  1. географиялық зерттеу әдістері;

  2. картография және геоинформатика;

  3. табиғатты пайдалану және геоэкология;

  4. геоэкономика;

  5. геосаясат;

  6. елтану;

  7. адамзаттың ғаламдық проблемалары.

Оқу пәнінің 10-11-сыныптарға арналған базалық білім мазмұны:

«Географиялық зерттеу әдістері», «Картография және геоинформатика»,

«Табиғатты пайдалану және геоэкология», «Геоэкономика», «Геосаясат»,

«Елтану», «Адамзаттың ғаламдық проблемалары» тақырыптарын қамтиды. Оқыту «шиыршықты» принциптің негізінде оқыту мақсаттарын кеңейту, күрделендіру арқылы жүзеге асырылады.

Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы «География» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:


  1. 10-сыныпта - ЖМБ - аптасына 4 сағат, ҚГБ- аптасына 3 сағат;

  2. 11-сыныпта - ЖМБ-да - аптасына 4 сағат, ҚГБ- аптасына 3 сағат.

Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 84-кестеде көрсетілген.


84-кесте. 10-11-сыныптардағы «География» пәні бойынша жиынтық бағалаулар саны

Сынып

Жиынтық бағалау саны

бөлім/ортақ тақырып үшін



1-тоқсан

2-тоқсан

3 -тоқсан

4 -тоқсан

10-сынып ЖМБ

3

1

2

2

10 -сынып ҚГБ

3

1

2

2

11-сынып ЖМБ

3

1

2

2

11-сынып ҚГБ

3

1

2

2




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   242




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде