Орта білім беру



бет176/242
Дата21.09.2021
өлшемі1.44 Mb.
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   242
«Информатика» пәні бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру жөнінде ұсынымдар:

2021-2022 оқу жылында «Информатика» пәні бойынша шектеу шаралары кезіндегі оқу жылдарында жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылының оқу бағдарламасын меңгерту бағытында мақсатты шараларды жыл бойы келесі кезеңдер бойынша жүргізу ұсынылады:



Диагностикалық жұмыс:

  • пәннің оқу бағдарламасының мазмұны бойынша диагностикалық бақылау жұмысын жүргізу (өткен оқу жылындағы күрделі тақырыптар, оқу мақсаттары);

  • білім алушыларға қиындықтар тудырған, білімінде олқылықтары бар тақырыптарды және оқу мақсаттарын анықтау;

Жоспарлау жұмысы:

  • бөлімдер/бөлімшелер/тақырыптар бойынша білімдегі олқылықтарды ескере отырып, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды қайта қарау (оқу тоқсаны ішінде сағаттарды қайта бөлу);

  • өткен оқу жылында игерілмеген күрделі тақырыптарды, оқу мақсаттарын анықтау, қайталау, жаңа оқу жылында оқыту;

  • меңгерілмеген оқу мақсаттары мен тақырыптарын ескере отырып, қысқа мерзімді жоспарлар құру;

  • білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша білім алушының жеке жұмыс жоспарларын әзірлеу.

Жүзеге асыру және талдау:

  • өтілген оқу материалдары бойынша оқу мақсаттары кіріктірілген қысқа мерзімді жоспардың негізінде сабақты ұйымдастыру;

- меңгерілмеген және қиындық тудыратын оқу мақсаттары, пән тақырыптары бойынша білім алушылар үшін қосымша оқу материалдарын дайындау;

  • меңгерілмеген және қиындық тудыратын оқу мақсаттары мен тақырыптары бойынша білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін жеке кеңестер, қосымша сабақтар өткізу;

  • оқушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу және мектеп әдістемелік бірлестігінде нәтижелерді талқылау;

  • мониторинг қорытындысы бойынша ұсыныстар дайындау.

Шектеу шаралары кезінде білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтауды ауызша сұрақ қою, қарапайым практикалық тапсырмалар, өзара бақылау, жазбаша жұмыстар, тестілеу арқылы жүргізу ұсынылады.

Мысалы, «Информатика» пәні бойынша өткен оқу жылындағы меңгерілмеген оқу мақсаттарын оқу тапсырмаларында біріктіру ұсынылады:

10-сыныпта:


        1. "реляциондық деректер қоры" ұғымын түсіндіру;

        2. жол, жазба, индекс терминдерінің анықтамасын құрастыру оқу мақсаттары мен 9.2.2.1 "дерекқор, жазба, өріс" терминдерін түсіндіру;

9.2.2.2 электрондық кестеде деректер базасын жасау оқу мақсаттарын; 11-сыныпта:

11.3.4.3 дайын алгоритмдермен математикалық модельдеудің электрондық кестелеріндегі/ бағдарламаларындағы нейрондық желілерді жобалау оқу мақсатын жүзеге асыруда электрондық кестелерді қолдану арқылы есептерді шешу үшін кірістірілген функцияларды пайдалануды қайталау.

Сонымен бірге, 10-сыныптағы алгоритмдер мен программалар тақырыптарында негізгі алгоритмдік құрылымдардың орындалу реті мен программалау тілінде жазылу ережелерін үнемі қайталап еске түсіріп отыру керек.



Интернет – қолжетімді ақпарат көздерінің бірі болғандықтан 10-11-сынып білім алушыларының интернет-кеңістікте жұмыс істеу ережелерін, киберқауіпсіздік ережелерін, этикалық нормаларын сақтауы талап етіледі. Білім алушылардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауы, оған қажет білім базаларын (оның ішінде

«Информатика» пәні бойынша) анықтауы, мамандықтың қолдану салалары мен болашағымен танысуы үшін әр түрлі дерек көздерін тиімді пайдалануға бағыттау қажет. Сонымен бірге танымдық қызығушылықты, шығармашылық қабілеттілікті, бағдарлама компоненттерін өз бетінше үйрену, қолдану қабілеттерін дамыту мақсатында қашықтан оқу курстарын пайдалануға назар аудару ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   242




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар