орыс звуковое(фонетическое) письмо тіл дыбыстарын, фонемаларды әріппен таңбалайтын жазу жүйесі. Сондықтан кейде оны "әріп жазуы" деп те атайды. Әріп жазуы буын жазуынан кейін пайда болды

Loading...


Дата12.04.2020
өлшемі60 Kb.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БӨЖ



ТАҚЫРЫБЫ:«Дыбыс пен жазудың маңызы»

Орындаған:Ташова Т.

Қабылдаған: Қуанбаева Ж.
Дыбыстық жазу (әріп жазуы) орыс. звуковое(фонетическое) письмо — тіл дыбыстарын, фонемаларды әріппен таңбалайтын жазу жүйесі. Сондықтан кейде оны “әріп жазуы” деп те атайды. Әріп жазуы буын жазуынан кейін пайда болды. Таза күйінде консонантты дыбыстық жазу б.з.б. ІІ-мыңжылдықтың ІІ-жартысында пайда болса, вокалданған дыбыстық жазу б.з. І-мыңжылдығының басында пайда болған. Әріп жазуы пайда болуының дүниежүзілік мәдениеттің дамуы үшін үлкен маңызы болды. Жазу жүйелерінің ішінде әріп жазуы — ең қолайлы жазу. Әр түрлі тілдерде буын саны мен сөздің санынан дыбыстың саны әлдеқайда аз. Осыған орай дыбыстарды таңбалау үшін, әдетте, 20-дан 40-қа дейінгі таңба санының өзі жеткілікті болады. Әріп жазуындағы таңбалардың мұндай шағын мөлшері жазуды меңгеруді, сауаттылыққа үйретуді жеңілдетеді. Әріп жазуы — сөздерді ғана емес, сонымен бірге олардың дыбыстық жағы мен грамматикалық формаларын да дәлме-дәл белгілеу үшін өте-мөте қолайлы жазу.[1]
Ертедегі әріп жазуы

Ертедегі әріп жазуы (финикий жазуы, еврей жазуы, арамей жазуы және т.б.) консонантты дыбыстық жазу болды. Ондағы таңбалар тек дауыссыз дыбыстарды ғана белгілейтін болған. Жазудың бұл жүйесі дауыстыларға қарағанда дауыссыздардың қызметі мен мәні басым тілдерде пайда болып қалыптасқан. Мысалы, семит тілдерінде (ішінара хамит тілдерінде) сөздің түбірі дауыссыз дыбыстардың тіркесінен құралады да, оларға дауыстылар қабаттасқанда, ол дауыстылар түрлене отырып, туынды сөздің әр түлі грамматика формаларын білдіреді. Консонантты дыбыстық таңбалар алғаш рет Мысыр жазуында пайда болды. Ежелгі мысыр тілінің семит тілдерімен (ассиро-вавилон, финикий, еврей тілдері және т.б.) біраз ортақ жақтары болған. Мысалы, мысыр тілінде дауыстылардан дауыссыздардың мәні басым. Бұл тілде де сөздің түбірі дауыссыздардан құралады.


Финикий жазуы
Финикий әліпбиінің басқа әліпбилермен салыстырмасы

Зерттеушілер ең алғашқы таза дыбыстық жазу деп финикий жазуын атайды. Жазу тарихының мамандарының пікірінше, финикий жазуының ескерткіштері (Ахирам, Асдрубаал, Элибаал жазба ескерткіштері және т.б.) біздің заманымызға дейінгі Х —ХІ ғасырларда пайда болған. Финикий жазуында 22 таңба бар. Олардың әрқайсысы жеке дыбысты таңбалаған.[2]


Әріп жазуының ерекшеліктері

Әріп жазуы бір елден екінші елге ауысуға икемді болды. Кейбір халықтар басқалардан әріп жазуын қабылдай отырып, оның әліпбилік құрамын өз тілдерінің дыбыстық жүйесіне икемдеп алған. Мысалы, финикий әліпбиінің негізінде грек жазуының қалыптасуы кезінде, ал грек әліпбиінің негізінде славян жазуының қалыптасуы кезінде осылай болды. Әріп жазуының таралуы б.з.б. 1-мыңжылдықтың алғашқы ғасырларынан басталады. Әріп жазуы негізгі екі түрлі бағытта таралды. Шығыста финикий жазуының негізінде пайда болған арамей жазуынан Азия халықтарының әріп жазу жүйелері жасалса, батыста финикий жазуының негізінде пайда болған грек жазуынан Еуропа халықтарының жазу жүйелері жасалып таралды. Шығыстағы әріп жазу жүйелерінің көпшілігінде белгілі дәрежеде финикийлік консонантты принцип сақталса, батыста грек жазуынан бастап, барлық жазу вокалданған дыбыстық жолмен дамыды.


Шығыстағы әріп жазу жүйелерінің барлығы да (еврей жазуынан басқалары) шығу тегі жағынан арамей әріп жазуына барып тіреледі. Арамей жазуынан тараған жазулардың 4 түрлі бұтағы бар. Олар: соғды жазуы, сирия жазуы және араб жазуы. Осы бұтақтардың әрқайсысынан бірнеше жазулар жасалып дамыған.
Ежелгі түркі жазуы

Ғалымдар ежелгі түркі жазуын (5 — 8 ғасырлар) да түп негізі арамей жазуынан таралған соғды жазуы негізінде пайда болды деп есептейді. Ал түркі халықтары одан кейін пайдаланған араб жазуы құрылысы жағынан флективті, сөздерінің түбір құрамы консонантты болып келетін семит тілдері үшін қолайлы болғанымен, басқа тілдер үшін жанасымды бола алмады. Араб жазуы түркі тілінде сөйлейтін халықтарға ертеректе тараған болатын. Бірақ бұл жазу түркі тілдерінің дыбыстық құрамына да, агглютинативті сипатына да сай келмеді. Сондықтан оны түркі тілдерінде сөйлейтін халықтар өз тілдерінің дыбыстық ерекшеліктеріне ыңғайластырып өзгертті, қосымша әріптер мен диакритикалық белгілер енгізді. Алайда араб жазуының консонантты сипаты, графикалық жағынан күрделілігі түркі тілдері үшін жат, қолайсыз екендігін көрсетті. Түркі тілдерінде сөйлейтін Кеңес Одағындағы халықтар латын әліпбиін, кейінірек кириллицаны қабылдады. Түркия араб жазуынан латын жазуына көшті. Әріп жазуына, әсіресе, гректер үлкен өзгерістер енгізіп, оның дамуына ат салысты. Олар дауыссыздарды ғана емес, дауысты дыбыстарды да таңбалау үшін арнаулы әріптер енгізді.[3]



Жазу — адамның ой-пікірін, басқа адамға хабарлап айтқысы келген сөзін, мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Оның алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды. Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған. Өз ойын басқаға жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланды. Мысалы, кеткен бағытын көрсету үшін жолға бұтақ тастаған. Кейін осы мақсатпен ағашқа садақтың оғын қадап кеткен. Ойды зат арқылы білдіру үрдісі ежелгі замандарда тайпалар арасындағы елшілік қарым-қатынастарда да пайдаланылған. Үндістер соғысатынын хабарлау үшін қарсы жаққа айбалта жіберетін болған. Елші оны әкеліп жерге қояды, егер жау жақ оны көтерсе — соғысуды мақұлдағаны. Кейін мұндай рәміздік зат орнына таңбалар бедерленген бұйымдар қолданылған. Осылайша алғашқы жазу пайда болған. Адамдар алғашқы жазу құралы ретінде саз балшықтан жасалған тақтаны, ағаштың қабығын, т.б. пайдаланған. Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралған. Ол таңбалар тұтас хабарды, не сөзді, не буынды, не дыбысты белгілейді. Әр таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады.
Толығырақ... Алғашқы қоғамда ежелгі адамдар жартастарға, ағаштарға, тастарға аңшылықтың, адамдардың кескіндерін бейнелеген. Мұндай суретті хаттарды ғалымдар пиктография деп атайды. Уақыт өте келе, суреттер сөз мағынасын білдірген түрлі белгілермен ауысты. Бірте-бірте ойлаудың дамуы символдардың артына сөз жасыруға алып келді. Осылайша жазу пайда болды. Ежелгі Египетте пиктографиялық суреттер сына жазуымен ауыстырылды. Египеттіктер жазу үшін ұғым ғана емес, дыбысты та білдіретін белгілерді пайдаланғандардың алғашқысы болды. Египеттіктерден бөлек, белгі-иероглифтерді қытайлықтар, олардан кейін, жапондар мен корейлер пайдалана бастады. Бірте-бірте жылдам жазу үшін, иероглифтер жеңілдетіліп, дыбыстар мен буындарды білдіретін белгілерге айнала бастады. Мұндай жазуды ертеректе шумерлер мен өзге халықтар да пайдаланды. Финикиялықтар буындарды білдіретін белгілерден бас тартып, жазу кезінде тек әріптерді ғана пайдаланды. Финикиялық жазу еуропалық халықтардың барлығының арғы тегі болған грек алфавитінің бастамасы болды. Ежелгі римдіктер де өз әліпбиіне латын жазуы гректікінен өзгеше болғанымен, грек жазбасын пайдаланды. Латынның әріптік жазуын Батыс еуропаның көп халқы сақтап қалды. Шығыс Еуропада негізінде грек әліпбиі жатқан жазудың өзге үлгісі пайда болды. Алғаш болып Кирилл мен Мефодийдің жазу түрі пайда болды. Одан соң оның жетілдірген нұсқасы, әріптерді жазу формасымен ерекшеленетін кириллица шықты. Бұл әліпби оңтүстік, шығыс және батыс славяндарына таралды.1708 ж. Ресей императоры І Петрдің жарлығымен кириллица өзгеріске түсті. Оның жаңа нұсқасы орыс және украин әліпбилерінің негізінде қалған азаматтық қаріп атауын алды. Иероглифтер бізге қанша қиын көрінгенімен, көптеген азиялық халықтар оны пайдалануын доғарар емес. Ережеге сәйкес, иероглифтер әріптер емес, қана ұғымын білдіреді. Мысалы, Қытайда белгілердің жалпы саны 50 мыңға жеткенімен, заманауи тілінде оның 4-7 мыңы қолданылады. Ертеден Қытайдағы, Жапониядағы, Кореядағы иероглиф жазуы жоғарыдан төмен қарай бағытталса, қазір көбінесе, солдан оңға қарай жазады. Қосымша... Ою-өрнекті есіңе салатын айқыш-ұйқыш араб жазуы латын және кирилл әліпбилермен ортақ түбірден тарайды дегенге сену қиын. Алайда, араб қарпінің де арғы тегі финикий жазуы болған. Араб әліпбиі 28 әріптен және түрлі қатар үсті, қатар асты белгілерден тұрады. Мәтін оңнан солға қарай оқылады.

Адамзат тарихындағы жазу төрт түрге бөлінеді:

Мазмұны


1 Пиктографиялық жазу

2 Идеографиялық жазу

3 Буын жазуында

4 Дыбыстық жазу



Пиктографиялық жазу

Пиктографиялық жазу – жазудың ең көне түрі. Зерттеушілер жазудың бұл түрі неолит дәуірінде пайда болған деп есептейді. Мұнда хабарлануға тиісті оқиғаға қатысты заттардың суреті салынады. Пиктограммалық жазу суреттерге негізделген жазу. Сондықтан оны кейде суретті жазу деп те атайды. Пиктографиялық жазудың ескерткіштері әртүрлі суреттердің жиынтығынан құралған. Бұл жазудың ерекшелігі ол әртүрлі суреттерден құралады. Әр сурет бүтіндей бір хабар бере алады. Бұл хабар графикалық жағынан жеке бөлшек сөзге бөлінбейді. Осыған орай пиктограммалар тілдік форманы емес, оның мазмұнын бейнелейді. Бұл жазуды әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар түсіне алады. Себебі бұл тіл басқа тілдерден гөрі поллисинкретикалық тілге біртабан жанасымды. Пиктограммалық жазудың таңбалары питроглифтер немесе пиктограммалар деп аталады;


Идеографиялық жазу

Идеографиялық жазу - жекелеген сөздерді, морфемаларды сурет немесе шартты таңбалар арқылы белгілейді. Онда әр сөздің тұрақты графикалық таңбасы, әр таңбаның меншікті мағынасы болады. Идеографиялық жазудың мысалдары: иероглиф жазу, цифр(сан). Идеографиялық жазудың таңбалары қазіргі дыбыстық жазуда қолданылады. Мысалы, цифрлар, математикалық, химиялық, т.б. ғылыми-техникалық шартты таңбалар;


Буын жазуында

буын жазуында - сөз құрамындағы әрбір буын жеке таңбамен белгіленеді. Бұған финикия, көне семит, тибет, бирма, жапон, үнді жазулары жатады. Буын таңбалары әуелде бір буынды сөздерді белгілеген идеограммалардан жасалған;

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
бойынша жиынты
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
дістемелік сыныстар
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мерзімді жоспар
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...