Орындаған:Әсілхан Ұлдана Қабылдаған: Темірбекова г тобы

Loading...


Дата03.04.2020
өлшемі15.6 Kb.
СӨЖ

Тақырыбы:Дыбыс және фонема. Фонеманың түрлері.



Орындаған:Әсілхан Ұлдана

Қабылдаған:Темірбекова Г

Тобы:116-92

Дыбыс және фонема.Фонеманың түрлері.

1.Фонема ұғымы туралы түсінік

2.Дыбыс және фонема

3.Фонеманың мағына ажыратқыш қызметі



4.Орфоэпия жайлы ұғым

 1.Тілдегі сөздер бір-бінен мағыналары мен дыбысталуы жағынан ажыратылады. Мысалы, қазақ тіліндегі тас пен тес, тоз бен тез деген сөздердің әр басқа сөздер екендігін олардың мағынасы мен дыбысталуының әр басқа болуына қарап ажыратылады. Мағына мен дыбысталудың әр басқа болуы сөздердің формаларын да, морфемаларды да ажыратады. Мысалы, біл деген сөздің біле, біліп, білсе және тағы басқа формаларының әр басқа формалар екендігі олардың мағыналары мен дыбысталуындағы айырмашылықтар арқылы белгілі бола алады. Бұл мысалдардан тіл дыбыстарының сөз құрамында келіп , бір-бірінен сөздерді ғана емес сонымен бірге, сөздің формаларын және иорфемаларды ажрататындығын көреміз.
   Тіл білімінде дыбыстардың осы қызметіне орай фонема деген ұғым пайда болды. Фонема – сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын, ары қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық единица. 
     2. Тіл білімінде фонема туралы ұғымның сыр-сипатын ашып айқындау фонетиканың тарихында жаңа үлкен белес болды және оның мазмұнына тіл дыбыстарын лингвистикалық аспектіде қарастыратын ілім – фонологияны енгізіп, фонетиканың шеңберін кеңейте түсті. Енді, сол фонемалардың табиғатын ашып айқындау мәселеріне келейік. 
Фонема дегеніміз де – тіл дыбыстары, бірақ ол тіл дыбысы болғанда, сөздердің жігін ажырататын дыбыс. Фонема тіл дыбыстарынан бөлек тұрмайды, қайта, олармен тығыз байланыста болады. Фонема да – тілдің материалдық единицасы. Фонемаларды зерттейтін фонология мен тіл дыбыстарын зерттейтін фонетика екеуі екі түрлі пен емес, тіл туралы ғылымның бір түтін саласының екі түрлі жағы.
     Фонема дегеннің ұғымы мен тіл дыбыстары дегеннің ұғымы әр уақытта бірі-бірімен сәйкес келе бермейді. Фонема бір дыбыстан ғана емес, сонымен бірге екі дыбыстан да құралуы мүмкін. Керісінше, кейде екі фонема бір дыбыс түрінде айтылады.Мысалы, орыс тіліндегі детский деген сөзде т мен с фонемасы бір ғана ц дыбысы түрінде айтылады. Фонемалардың саралап ажыратушы қызметі тілдің өзінің табиғатынан, оның бүтіндей жүйесінен келіп туады.Тілдегі дыбыстардың бір-бірінен ажыратылуы қаншалықты қажет болса, морфемалардың да жігі ашылып ажыратылуы, сондай-ақ сөз тіркестерінің де шегі айқындалып өз ара ажыратылуы, - тілдің табиғатына тән және қажетті нәрсе. Фонемаларды саралап ажыратушы қызметі бүтіндей тілдің жүйесінен, оның атқаратын қызметінен келіп туады дейтініміз де осыдан.
    3. Әрбір халықтың әдеби тілінде айтылудың жалпыға бірдей ортақ және қалыптасқан біріңғай нормалары болады. Солар жайындағы ережелердің жиынтығы орфоэпия деп аталады. Әрбір әдеби тілдің орфоэпиясы дыбыстар мен дыбыс тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерін ғана емес, сонымен бірге сөздер мен фразалардың да дұрыс айтылу ережелерін қамтиды. 
Сөз құрамындағы дыбыстар немесе сөздердің аралығындағы дыбыстар бір-бірімен өз ара үндесіп, үйлесе айтылады. Сөйлеуде олардың үндестігін сақтап, нақышына келтіре айту үшін тілдің дыбыстық жүйесінің табиғатын, дыбыстардың бір-біріне әсер ету заңдылықтарын жете білу қажет.
       Қазақ тілінің орфоэпиялық нормасы бойынша сөздердің аралығында қатар келген екі дауысты дыбыстың алдыңғысы сөйлеуде түсіріліп айтылады. Мысалы, торы ала ат, бара алмады, келе алмады, бала ісі, бері отыр деген тізбектер торалат, балмады, келалмады, балісі, беротыр түрінде айтылады.
        Әдеби тілдің орфоэпиялық нормаларын қалыптастыруда мектеп, радио, телевидение, театр және киноның атқаратын ролі айрықша күшті.
Әрбір сауатты адам үшін жазудың ережелерін меңгеріп, дұрыс жаза білу қаншалық қажетті және міндетті болса, айтылудың ережелерін меңгере білу сөйлеуде үндестікті сақтап айту, жалпыға ортақ қалыптасқан қағидалардан ауытқымау да соншалықты қажет және міндетті болып саналады.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

 1. Дыбыс және фонема дегеніміз не?


 2.  Фонеманың қызметі қандай?
 3.  Фонеманың жаңа ажыратқыш сипатына не жатады?
  4.  Орфоэпия дегеніміз не?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011

2.  Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.

3.  Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.



4.  Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері//  Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011

5.  Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...