Орындаған: Зауытба Сұлтан. Тобы: вм-202 Тексерген

Loading...


бет4/4
Дата27.02.2021
өлшемі60.19 Kb.
1   2   3   4
Құқықтық сана-сезім Қазақстанда құқықтық сананы жақсарту бағыттары Қоғамды, мемлекетті дамытуда, оның құқығын нығайтуда қуатты құралдың бірі – еңбекші бұқара. Сондықтан заң жобаларын талқылауға, құқықтық нормалардың дұрыс қолданылып, мүлтіксіз орындалуын бақылауға олар белсене қатысады. Құқықтық сананы заңды мінез-құлық деп те атайды. Бұл құқық нормаларының нұсқауларына сәйкес келетін жеке тұлғаның сана-сезімі. Осы сана-сезім арқылы заң орындалады, жүзеге асырылады. Егер адамдардың мінез-құлықтары құқық нормаларының талаптарына сәйкес келсе, онда құқықтық тәртіп нығаяды. Құқықтық сана-сезім арқылы қоғам басқарылады, оның өмірі қалыпты жағдайда жүргізіледі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жүзеге асырылады. Мұны азаматтардың көбі, түсінеді, сондықтан құқықтық қатынастардың басым көпшілігі заңды мінез-құлық негізінде құрылады. Азаматтар құқықтың талабын белсенділікпен немесе енжарлықпен орындайды. Соған сәйкес сана-сезім екіге бөлінеді: белсенді заңды мінез-құлық және бәсең (енжар) заңды мінез-құлық. Белсенді заңды мінез-құлық – лауазымды тұлғалардың, азаматтардың өз бастамасы мен белгілі мақсатқа бейімделген заңды әрекеттері. Бұл мінез-құлықтың түрлері сан алуан. Ол – субъектілердің өз міндеттерін адал ниетпен, сапалы атқарып, азаматтардың өздеріне жүктелген міндеттерін қалтықсыз, саналы түрде орындауы, сонымен қатар құқықтарын жүзеге асыра отырып, мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың жұмысына белсене қатысып, әлінше көмектесу заңдардың жобаларын талқылауда бет көрсетіп, өз пікірін ортаға салу – міне құқықтық белсенділікке осындай әрекеттер жатады. Енжар заңды сана-сезімнің көрінісі де сан алуан. Азамат өзіне жүктелген міндеттерді салақтықпен орындайды, нормативтік актілерді жүзеге асыруға енжарлықпен, немқұрайлықпен қарайды. Мұндай мінез-құлық екі тарап та ұтылыста болады. Мысалы, шартты қатынаста субъектілердің екеуі де немесе біреуі міндеттерін дұрыс орындамаса, екі жағы да ұтылыста болады, зиян шегеді. Мұндай енжар мінез-құлық басым болса, мемлекетке де зиян келеді. Қоғамның экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік дамуы жақсы деңгейде болса, адамдардың сана-сезімі де сол дәрежеде болады. Осыған сәйкес қоғамның құқығы да жақсы дамып, қатынастарды жақсы реттеп, басқарып отырады. Егерде қоғамның экономикалық, әлеуметтік дамуы дағдарысқа ұшыраса, онда сана-сезімнің сапасы төмендеп, құқықтық нигилизм, немқұрайдылық етек жая бастайды. Қылмыстың саны күрт өседі, қоғамдағы заңдылық пен Құқықтық тәртіп нашарлайды. Оның себептері:

1). Азаматтардың көпшілігінде демократиялық мәдениеттің жоқтығы. 2). Қоғамда әкімшілік-әміршілік жүйенің ұзақ уақыт өмір сүруі. 3). Ескі мемлекеттің ыдырауы, жаңа жүйенің толық қалыптаса қоймауы. 4). Қоғамның экономикалық-әлеуметгік деңгейінің нашарлауы. Қазіргі өтпелі кезеңде Қазақстан Республикасының алдында тұрған мүдде-мақсаттар өте көп. Солардың бірі – халқымыздың құқықтық сауаттылығын көтеру, оның негізгі бағыттары: – елімізде құқықтық тәрбие жұмысын жақсарту. Бұл іске қоғам болып кірісу керек; – тәрбие жұмысын барлық бағытта жандандыруға көңіл бөлу; инабаттылық, парасаттылық, патриоттық, тәртіпшілік, еңбекшілдік, діни т.б. бағыттарда; – халықтың рухани сана-сезімін, білімін жақсарту; – мемлекеттің заң шығару, құқықтық нормаларды орындау жұмысын жақсарту; – мемлекет аппараттарындағы қызметкерлердің мамандық сапасын көтеру; – заңдылыққа, құқықтық тәртіпке қатаң бақылау жүргізу. Осы көрсетілген бағыттар арқылы құқықтық тәрбиені жақсарту тек аппараттың ғана жұмысы емес. Бұл күрделі және өте өзекті іске қоғамдағы барлық бірлестіктер, одақтар, ұжымдар, саяси ағымдар мен ұйымдар белсенді түрде қатысулары керек. Құқықтық тәрбиені жақсарту үшін қоғамның экономикалық, әлеуметтік жағдайын, жақсарту, демократияны, бостандықты, теңдікті дамыту керек, сонда ғана іс нәтижелі болады. Сонымен, құқықтық сананың сапасын жақсартып, қоғамдағы маңызын көтеруге зор үлес қосатын құқықтық психология мен құқықтық идеологая. Бұл психология мен идеологияны теңестірсек идеология басым болады. Өйткені психология адамдардың санасында заңдарға олардың қолданылуына байланысты туған тек әсерлерін, көңіл-күйін, сезімдерін ғана көрсетеді. Ал, идеологияның қоғамға әсерінің шеңбері де, кеңістігі де өте кең, маңызы да анағұрлым жоғары. Идеология құқық жөніндегі пікірлер мен көзқарастарды белгілі бір жүйеге келтіріп, ғылыми негізде дәлелдеп қызмет атқарады. Мұндай тұрақты қалыптасқан демократиялық, мәдени әлеуметтік құқықтық идеология әр мемлекетке өте қажет. Онсыз қоғам сапалы, жақсы дами алмайды. Оны біздің еліміздің 10 жыл тәуелсіз дамыған тарихымыз дәлелдеп отыр. Кеңестік дәуірде 60 жыл үстемдік жасаған сорақы коммунистік саясат идеологияға нигилистік көзқарасты қалыптастырып, еліміз көптеген қиыншылықты, қолайсыз жағдайларды бастан кешіп отыр. «Тәуелсіздікке қол жетті, Ата Заң қабылдадық, дүниежүзілік ұйымдарға тең құқылы мүше болдық» дегелі 7-8 жылдан асса да, нені ардақтап, нені мансұқтауды білмейтін пұшаймандық тағы бар. Мұның аты – ұлттық немесе мемлекеттік идеологияның жоқтығы. Идеология дегеніміз – мемлекеттің жүрегі. Жүрегінде өзіне тән қасиет жоқ адамның дара тұлға еместігі кімге құпия? Өзіндік идеологиялық бағыт-бағдары, ұлттық бітімі жоқ мемлекет ше? Ол кімге қажет? Әрине, бізге қажеті жоқ. Бірақ сырттағы біреулерге ол ұнайды. Өйткені мұндай мемлекетті бодандықта ұстау оңай. Тәуелсіз жас мемлекеттің іргесін нықтауға байланысты тұжырымның бірі ілімдік жағынан қорытылуға тиіс. Ондай ұлттық идеологияның негіздері бізде жоқ емес. Тек оны нақтылай, дәлелдей түсу керек. Ғылым дәрежесіне қарай бейімдеу қажет. Құқықтық қоғамы бар мемлекет құрамыз, оған керегі жалпы адамзаттық идея деп тұрсақ та, Қазақстанның өзіне лайық идеологиясы болуын ешкім жоққа шығармас

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...