Орындаған: Зауытба Сұлтан. Тобы: вм-202 Тексерген


Құқықтық сана-сезімнің жүйелері мен түрлері

Loading...


бет3/4
Дата27.02.2021
өлшемі60.19 Kb.
1   2   3   4
Құқықтық сана-сезімнің жүйелері мен түрлері: 1). Қатынастың субъектілеріне қарай құқықтық сана-сезім үшке бөлінеді: жекелік, топтық, қоғамдық сана-сезім. Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Сонымен бірге олардың өз дербестігі болады. Әр жеке адамның сана-сезімі әр деңгейде болады: өте жақсы дәрежеде, жақсы, орташа, нашар дәрежеде. Егерде топтың, басым көпшілігінің сана-сезімі өте жақсы дәрежеде болса, онда бұл топтан жақсылықты күтуге болады. Топтың көпшілігінің, керісінше, сана-сезімі нашар болса, ол топтан жақсылық күтуге болмайды.Осы әдіс-тәсілмен қоғамның сана-сезімінің дәрежесін, деңгейін білуге болады. Сол арқылы қоғамның қай саласында, адамдардың қандай тобына жұмыс жасау бағытын анықгауға болады. Осылай қоғамның сана-сезімін реттеп, басқарып отыруға болады. 2). Мазмұнының тереңдігіне қарай құқықтық сана-сезім тағы да үшке бөлінеді: күнделікті құқық саналығы, кәсіпқойлық құқық саналығы, теориялық құқық саналығы. Адамдардың күнделікті құқықтық сана-сезімі олардың рухани, парасаттылық, инабаттылық, өмір тәжірибесі арқылы қалыптасады. Кәсіпқойлық құқық саналығы қоғамның әр саласында жұмыс істейтін заңгерлердің тәжірибесі арқылы қалыптасады. Олардың құқықтық білімі де, тәжірибесі де мол болғандықтан сана-сезімдері көпшілігінің жоғары дәрежеде болады. Сондықтан құқықтық нормалар дұрыс орындалып, заңдылық, құқықтық тәртіп жақсы дамиды. Теориялық құқық саналығы қоғамдағы заң ғылымының жан-жақты, жақсы дамуы арқылы қалыптасады. Жақсы дамыған заң ғылымы қоғамның сана-сезімнің дәрежесін, деңгейін көтереді, сол арқылы құқықтың жақсы дамуына зор әсер етеді. Құқықтық сана-сезімнің бұл жүйелері мен түрлерінің қоғамда атқаратын жұмыстары өте зор. Олар бәрі бірігіп құқықтық нормаларды өмірге әкеледі, оны дамытады, олардың дұрыс орындалуына жан-жақты үлес қосады. Қоғамдағы құқықтық саналықтың деңгейі неғұрылым жоғары болса, соғұрлым заңдылық та, құқықтық тәртіп те жақсы дамиды. Құқықтық сананың субъектілері, әлеуметтік тұрғыдан бірнеше түрге бөлінеді: – жеке адамның құқықтық санасы есін білгеннен қалыптаса бастайды; – ұжымдық құқықтық сана. Әр ұжымның қызметінің ерекшеліктеріне байланысты ұжымдық-құқықтық сана-сезім қалыптасады; – қоғамдық құқықтық сана. Адамдар жасына, жынысына, ұлтына, әлеуметтік жағдайына, байланысты сан алуан бірлестіктерге бөлінеді. Әр топтың ерекшеліктеріне байланысты құқықтық ой-санасы, көзқарасы қалыптасады. – Халықтың құқықтық санасы. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің, бірден-бір бастауы, қайнар бұлағы. Демек, халықтың да құқыққа өз көзқарасы, сана-сезімі бар. Құқықтық сананың тарихи даму кезеңдері мен типологиясы жобамен төрт дәуірге бөлуге болады: көне дәуір, орта ғасырлар, жаңа кезең және қазіргі заман. Көне дәуірде ешқандай құқықтық сана деген жеке заңды ұғым болған жоқ. Орта ғасырларда да құқықтық сана толық қалыптасқан жоқ, аздап бұл туралы пікірлер, зерттеулер болды. XVI-XVIII ғасырларда көптеген пікірлер, ғылыми зерттеулер өмірге келді. Қоғамдық ғылымдардың алдына көп талаптар қойылды: демократияны дамыту, абсолюттік монархияны жою, мемлекеттік билікті бөлу, адамдардың табиғи бостандықтарын, құқықтарын шектеуге жол бермеу т.б. Қазіргі заманда құқықтық сана өмірде де, ғылымда да жан-жақты зерттеліп қоғамның, мемлекеттің дамуына зор үлес қосуда, мемлекеттік аппарат күрделі дамуда, заң шығармашылық процесс сапалы жұмыс жасап, қоғамдағы барлық қарым-қатынастарды реттеп, басқаруда. Сонымен, құқықтық сана – қоғамдағы құқықтық құбылыстарға адамдардың, сезімдерінің, әсерлерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі; ол заң шығарудың, нормативтік актілердің дұрыс орындалуының, құқықтың сапалы дамуының негізгі шешуші механизмі деуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
республикасы білім
Қазақстан республикасының
білім беретін
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
әкімінің аппараты
жиынтық бағалауға
туралы анықтама
мамандығына арналған
бағалау тапсырмалары
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
арналған тапсырмалар
мерзімді жоспар
жалпы конкурс
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
конкурс қатысушыларына

Loading...