Орындаған: Зауытба Сұлтан. Тобы: вм-202 Тексерген

Loading...


бет1/4
Дата27.02.2021
өлшемі60.19 Kb.
  1   2   3   4

« Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті» Коммерциялық емес акционернік қоғамы



ЭССЕ

КАФЕДРА: Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдиениеті кафедрасы

ТАҚЫРЫБЫ: Мен: «Қоғамдық сананы модернизациялаудағы сыни ойлау»

Орындаған: Зауытба Сұлтан. Тобы: ВМ-202 Тексерген: Сембаева Мөлдір.

Алматы- 2021ж



Мен: «Қоғамдық сананы модернизациялаудағы сыни ойлау»

Қоғамдық сана - қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың бейнеленуінің барлық түрлерін қамтитын философиялық категория; әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың өмір сүруі процесінде пайда болатын адамдардың әлемге және өздеріне деген қатынастарының рухани тәсілдерінің жүйесі. Оған қоғамдық идеялар, теориялар, саяси, құқықтық, адамгершілік, эстетика, философия және діни қозғалыстар, ғылыми білімдер, т.б. жатады. Қоғамдық сана әлеуметтік сезімдер мен көңіл-күйлерді, әдет-ғұрыптар мен мінез- құлықтарды, қалыптасқан дәстүрлерді, үлттар мен халықтардың психикалық кейіп ерекшеліктерін де қамтиды. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстан туып, соның бейнесі мен туындысы болып табылады. Сана болмыстың бейнесі болғандықтан, қоғамдық болмыс өзгергеннен кейін сана да өзгереді. Бірақ қоғам мүшелерінің санасы белгілі бір мерзімге дейін өзгерген болмысқа сәйкес келмеуі, яғни артта қалуы мүмкін. Қоғамдық сана болмысты бейнелеп қана қоймайды, ол бейнеленген нысанды қозғайды, оны өзгертіп, дамытады. Оның күрделі ішкі құрылымдарының деңгейі мен түрлерін ашып көрсетуге болады. Қоғамдық сананың деңгейлеріне тікелей бүқараның, жекелеген әлеуметтік топтар өмірінің күнделікті жағдайларынан туатын қарапайым, эмпирикалық сана және қоғамдық топтардың түпкілікті мүдделерінің рухани көрінісі ретінде ғылыми-теориялық сана жатады. Қоғамдық сананың түрлері объективтік дүние мен қоғамдық болмыстың адам санасында бейнеленуін көрсетіп, адамның тәжірибелік іс-әрекеттерінен байқалып, қоғамның рухани мәдениетінің қүрамдас бөлігіне айналады. Қоғамдық сананың тарихи қалыптасқан түрлері: саясат, құқық, философия, мораль, өнер қоғамдық болмысты бейнелей отырып, оған белсенді түрде ықпал етеді. Оның әрқайсысының өз нысанасы мен бейнелеу тәсілінің болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізіп, идеялық-саяси күресте ерекше рөл атқаруымен сипатталады. Қоғамдық таптар - ортақ мүдделері және құқылықтары бар әлеуметтік тұрақты (салыстырмалы) топтар (мысалы, шаруалар, жұмысшы табы, буржуазия, орта тап және т.б.). Таптар мен тап күресі тұжырымдамасы XIX ғ. Еуропада кеңінен таралды (К. А. Сен Симон, О. Тьерри, Ф. Гизо және т.б.). К.Маркс пен Ф.Энгельс таптардың болуын қандай да бір өндірістік әдістермен байланыстырды. Таптар күресін тарихтың қозғаушы күші ретінде санады және пролетариата буржуазияны күшпен төңкеріп тастау және тапсыз қоғам құру тапсырмасын жүктеді. Әлеуметтануда қоғамды тапқа және әлеуметтік топтарға (жастық, экономикалық, кәсіби, құқықтар мен міндетгер жүйесі, әлеуметтік мәртебе) бөлу орын алған. Қазіргі қоғамда қоғамдық еңбек бөлінісі, жекеменшік қатынастары, басқа да факторларға сай әлеуметтік жіктелу және ықпалдасу проңесіне орай араларында әріптестік, бәсекелестік немесе қақтығыс туындайтын, дегенмен, демократиялық принциптер негізінде реттелетін әртүрлі жіктер мен топтар қалыптасады. Адам тарихи қалыптасқан іс-әрекеттер, дағды мен тәсілдерді игеріп, әсіресе тілді үйрену нәтижесінде айналадағы заттар мен құбылыстардың объективті заңдылықтары мен қасиеттерін танып біледі. Адам айналадағы дүниеге өзін қарама-қарсы қойып, белгілі мақсатта іс-әрекетпен шұғылданғанда сол объективті шындық туралы өзінің білетін түсінігі мен біліміне сүйенеді. Бүкіл адамзат тарихының барысында қалыптасып жинақталған рухани қазына, мәдениет, мораль, дін, қоғамдық психология, өнер құрал-жабдық адамның шығармашылығынан туып, оның қолымен жасалған бүкіл заттық дүние түгелімен адамзаттың қоғамдық санасы болып табылады. Сана тарихи тәжірибені, білім мен ойлау тәсілдерін бойына сіңіріп, шындықты, рухани идеалды игеріп, алда тұрған мақсат, міндеттерді белгілеп, адамзат қоғамының бүкіл практикалық іс-әрекетін бағыттайды. Адамдар өзінің шығармашылық ойларын жүзеге асырып, табиғатты, қоғамды дамытумен бірге, өздерін де жетілдіреді. Құқықтық сана – қоғамдық сананың бір түрі. Саяси және моралдық санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиісті мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдылық пен құқықтық тәртібі, қылмыс және оны жазалау, қоғам мүшелерінің құқықтары мен көзқарастары жатады. Антагонистік қоғамда таптардың өзіне тән құқықтық санасы болады. Оның мазмұны әр таптың қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмірінде алатын орнына байланысты. Қоғамдық сана – объективті дүние мен қоғамдық болмыстың адам санасында бейнеленуі. Қоғамдық сана адамның тәжірибелік іс-әрекеттерінен байқалады. Сана қоғамның рухани мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Қоғамдық сананың түрлері: саясат, құқық, философия, мораль, өнер, дін, қоғамдық болмысты бейнелей отырып, оған белсенді ықпал етеді. Қоғамдық сананың түрлерінің әрқайсысының өз объектісі мен бейнелеу тәсілі болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізеді. Идеологияның саяси құқыклық нысандары қоғамның экономи-калық қатынасын саяси және кұқықтық тілде, ал өнер-көркемдік образдармен, мораль – адамдардың мінез-құлқының белгілі қағидалары мен ережелері түрінде бейнелейді. Қоғамдық сананың түрлері қоғамның экономикалық базисымен байланыс жасау сипатына қарай әр түрлі болады. Мысалы, идеологияның саяси және құқықтық түрлері басқа нысандарына қарағанда экономикалық базиске жақын тұрады. Бұлар қоғамның өндірістік, шаруашылық қатынастарын тура, тікелей бейнелеп, олардың төте ықпал жасауымен қалыптасады. Қоғамдық сананың түрлері тарихи өзгерістерге түсіп, белгілі тарихи кезінде осы нысандардың бірі қоғамның рухани өмірінде үстем болып, қалғандарын өзіне бағынышты етеді. Мысалы, феодализм дәуірінде дін үстемдік етті. Капиталистік қоғамда құқық пен саясат билік алып, философия, өнер мораль мен діннің дамуына зор ықпалын тигізді. Құқықтық нормаларды жүзеге асыру – қоғамға пайдалы іс-әрекет құқық нормаларының талабына орындау заң белгіленген мүмкіндікті пайдалану үшін азамат белгілі бағытта әрекет жасап, белсенділігін көрсетуі қажет. Құқықтық белсенділіктің екінші жағы адамның сана сезіміне байланысты. Құқықтық сана-сезім белгілері мыналар: – Құқықты белгілеу. – Құқықты түсіну. – Құқықты құрметтеу. – Құқықтың дұрыстығына және әділдігіне сену. – Құқықты сақтауға дағдылану. – Құқықтың талаптарын бұлжытпай орындау. Құқықтық сана – Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және қалауына, құқыққа басқа да құқықтық құбылыстарға құқықтық сезімдерінің, әсерлігінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі. Құқықтық сана қоғамның құқықтық өмірін жандандыру және дамытуға үлкен үлес қосады. Құқықтық сана – құқық нормаларының қалыптастырудың қажетті шарты. Олай дейтін себебіміз, құқықтық нормалар заң шығару органның саналы түрдегі ерікті қызмет арқылы өмірге келеді. Адамдардың белгілі бір мүдделері мен қажеттіліктері заң нормаларында бейнеленбестен бұрын, ол нормаларды құрушы лауазымды тұлғалардың ой-санасынан өтеді. Сондықтан да құқық нормаларының сапасы олардың қоғамдық даму қажеттілігіне сәйкес келеді, ол нормаларды құратын органның құқық көзқарасы, құқық санасының деңгейімен тығыз байланыста болады. Құқықтық сана құқық нормаларының нақты және толығымен іске асырылуының ең басты шарты. Құқықтық нормаларының талаптары тікелей азаматтарға қойылады. Бұл талаптарда олардың саналы түрдегі ерікті әрекеттері арқылы орындалады. Яғни неғұрлым құқықтық сананын деңгейі жоғары болса, соғұрлым құқық нормаларының ережелері нақтырақ орындалады. Қоғамдық мәдениет саласында құқық мәдениетінің жетістіктерін ғана басқарып, реттеп отырады. Мәдениет өзінің даму процесінде қоғамның рухани байлығын, халықтың сана сезімін дамытып, жоғары дәрежеге көтереді. Құқықта өз кезегінде мәдениетгі қорғап, реттеп отырады. Осыдан келіп құқықтық мәдениет қалыптасады. Ол өзара байланысты элементтер арқылы көрініс табады. – қоғамдағы құқықтық сананың жағдайы, құқықты түсінудің деңгейі, заңдылықтың талаптарын орындау қажеттігін түсіну. – заңдылықты сақтау; – заң шығарудың ерекшелігі, оның мазмұны мен нысанына көңіл бөлу; – Сот, прокуратура басқа да заң органдарының жұмыс атқару сипаты. Сонымен сана – объективті шындықты идеалды түрде бейнелеудің адамға тән ең жоғары нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективті дүниенің мән-жайын, мазмұнын, ұғымын білуінде белсенді қызмет атқаратын психикалық процестердің (түйсіну, сезіну, қабылдау, ойлау т.б.) заңды нәтижесі болып табылады. Сана негізінен жеке адам санасы және қоғамдық сана болып екіге бөлінеді. Құқықтық сана-сезімнің негізгі функциялары: бірінші – халықтың құқықтық білімін арттыру; екінші – сана-сезімді дұрыс дамыту үшін тәжірибелік жұмысты жақсарту; үшінші – қоғамдағы қатынастарды реттеуді, басқаруды жақсарту үшін адамдардың сана-сезімін көтеру. Құқықтық сана-сезім нормативтік актілердің негізгі, қоғамдағы қатынастарды дұрыс реттеуші, басқарушы күш. Ол құқықтық нормалардың дұрыс дамуына, дұрыс орындалуына және оның болашағын дүрыс болжауға ете зор әсер етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
республикасы білім
Қазақстан республикасының
білім беретін
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
әкімінің аппараты
жиынтық бағалауға
туралы анықтама
мамандығына арналған
бағалау тапсырмалары
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
арналған тапсырмалар
мерзімді жоспар
жалпы конкурс
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
конкурс қатысушыларына

Loading...