Негізгі бөлім
1. Шариғаттағы амал түрлері
Шариғат амалдары сегізге бөлінеді:
1.Парыз- анық, бұлтартпас дәлелдермен әмір етілген діни іс-әрекеттер мен міндеттер. Мәселен, дәрет алу, намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру.
Парыз өз ішінде «айн» және «кифая» болып екіге бөлінеді:
«Айн парыз». Әрбір мұсылманға тікелей жүктеліп, өтеуге борышты парыздар. Мұсылман бұл парыздарды жеке өзі орындауға тиіс. Біреудің парызын басқа біреу өтей алмайды. Намаз бен ораза секілді.
«Кифая парыз»: жалпы мұсылманға парыз бола тұрса да, кейбір мұсылмандардың іске асыруы арқылы барша мұсылманның мойнынан түсетін парыздар. Алайда, ешкім орындамаса, барлық қоғам жауапты.
2.Уәжіп- орындалуы дәл парыз секілді талап етілмеген, бірақ қуатты дәлелдермен анықталған іс-әрекет пен амалдар. Мысалы, құрбан шалу, үтір және айт намазын оқу, т.б.
3.Сүннет- парыз бен уәжіптен бөлек, Мұхаммед пайғамбардың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) жасаған және «жасаңдар» деген әрі жасалуына ризалығын білдірген іс-әрекеттер.
4.Мұстахаб- таңдаулы, ең көркем амал. Мұның үкімін жасағанға – сауап, жасамағанға күнә жоқ.
5.Мубах- жасалуы мен жасалмауында діни жағынан ешқандай тосқауыл болмаған, яғни жауапкердің еркіндегі іс-әрекеттер. Мәселен, тамақ ішу, ұйықтау, т.б.
6.Харам- жасалуы мен пайдалануы Исламдық тұрғыдан қатаң тыйым салынған нәрселер. Ішімдік ішу, құмар ойындар ойнау, зина жасау, адам өлтіру, ғайбаттау, жала жабу, т.б. іс-әрекеттер осыған жатады.
7.Мәкрүһ- дін тұрғысынан ұнамсыз, жаман іс-әрекет. Дәрет пен ғұсыл алғанда суды ысырап ету секілді іс-әрекеттер осы мәкрүһке жатады.
8.Муфсид- басталған ғибадатты бұзатын нәрсе. Муфсидтің әдейі жасалуы күнә тудырады. Қателесіп жасаса, күнә мен азап жоқ. Намазда өз-өзін ұстай алмай күлу секілді іс-әрекеттер осыған жатады.
2. Екі куәлікті «Лә иләһә илл-Аллаһ Мухаммад расулу-Ллаһ» айту
«Лә иләһә илл-Аллаһ (Алладан басқа құлшылыққа лайықты нәрсе жоқ)» куәлігінің талап ететін бірнеше шарттары бар:
-Білімсіздікті жоятын білім;
-Күманды жоятын нық сенім;
-Жоққа шығарудың терісі болған қабылдау;
-Бағынбаудың терісі бағыныштылық;
-Екіжүзділіктің терісі шыншылдық;
-Жек көрудің терісі махаббат;
-Аллаһтан басқа құлшылық объектілерін жоққа шығарып, олардан аластау;
Яғни мұсылман осы куәліктің мағынасын біліп, одан күмәнданбай, жоққа шығармай, оған бағынып, ықыласты шын көңілмен, шыншыл болып, осыны жүрегімен жақсы көріп, сонымен қоса Аллаһтан басқа пұттар мен құдайшықтарды жоққа шығарса ғана Исламының шарты дұрыс болып, Алланың мейіріміне жетуге мүмкіндік алады.
«Мухаммад расулу-Ллаһ» куәлігінің шарттары
Мұхаммед пайғамбардың елшілігін мойындаудың да бірнеше шарттары бар:
-Пайғамбардан айтқан заттарға күмансыз сену;
-Пайғамбар әмір еткен нәрселерге бағыну;
-Пайғамбар тиым салған нәрселерден сақтану;
-Ешбір адамның сөзін оныкінен артық қоймау;
-Дінге ол бұйырмаған нәрселерді кіргізбеу, мейлі ол сөз, іс немесе сенім тұрғысынан болсын;
-Пайғамбарға қатысты тек қана ол рұқсат берген нәрселерді орындау
-Пайғамбарды Аллаға ғана тиесілі болған нәрселерге ие деп санамау, одан тілек тілемеу, көмек сұрамау және т.б.
-Пайғамбардың сөздерін құрметтеп, оның хадистеріне құрметпен қарау;
Достарыңызбен бөлісу: |