Орындаған: Кесикбаева А. «Қазақ терминологиясы» 293-294 бет

Loading...


Дата22.11.2020
өлшемі40.26 Kb.
Орындаған: Кесикбаева А.

«Қазақ терминологиясы» 293-294 бет

Нәзір Төреқұлұлы және кірме терминдерді қабылдау мәселесі

Тіліміздің ұлттық терминқорын қалыптастыруда тілдік және тілден тыс факторларға байланысты өзге тілдерден дайын атауларды көбірек қабылдап келгеніміз белгілі. Әсіресе, өткен ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап, орыс тіліне негізделген кеңестік терминқор қалыптастыру мақсаты көзделгендіктен, еуропа халықтарының тілдеріндегі атауларды орыс тіліндегі қалпында өзгертпей қабылдап келдік. Жетпіс жылдай осы бағыттан таймағандықтан, термин қабылдау арқылы сыртқы көздің есебінен атаулар қорын қалыптастыру бізде дәстүрге айнала бастады. Алайда осы терминқор қалыптастырудың сыртқы көзін пайдалануда сол отызыншы жылдарға дейін қазақ зиялылары түгелге дерлік басқа пікірде болды. Солардың қатарында жат сөздерді қабылдау, тіліміздің дыбыстық-құрылымдық ерекшеліктеріне сәйкестендіріп жазу туралы сонау жиырмасыншы жылдары-ақ арнайы еңбек жариялаған халқымыздың белгілі қайраткер ұлдарының бірі Нәзір Төреқұлұлы да бар.

Осыдан бірер жыл бұрын ғана «Алаш» баспасынан Нәзір мұрасын жинақтап, зерттеп жүрген ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Ж.Әлмашұлының құрастыруымен Н.Төреқұловтың екі томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Көрнекті қайраткердің соңында қалдырған мұрасының «шаң басқан архивтерде» елеусіз жата бермей, қалың жұртшылыққа жетіп жатуы - қуанарлық та, құптарлық та іс. Бұл орайда біз де Н.Төреқұлұлының жуырда жарық көрген шығармалар жинағына енбеген 1926 жылы Мәскеуден басылып шыққан «Жат сөздер туралы» деп аталатын шағын еңбегін араб графикасынан қазіргі жазуымызға түсіріп, қайта бастырып шығардық. Өткен ғасырдың сонау жиырмасыншы жылдары қазақ терминологиясы дамуының Байтұрсынов кезеңінде жарық көрген бұл еңбектің терминтану тарихында өзіндік орны бар. Терминологияда күні бүгінге дейін шешімін таппай, ғалымдар тарапынан түрлі әңгіменің арқауы болып жүрген халықаралық терминдер мәселесін осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын арнайы сөз еткен бұл еңбекте бүгінгі терминологиялық жұмыстарды жүргізу барысында, шет тілдерінен термин қабылдауда назарға алатын құнды пікірлер аз емес.

Н.Төреқұлұлы осы еңбегін жазудағы мақсаты туралы: «Біздің бұл жазудағы тілегіміз: сол жат тілдерден қазақшаға кірген сөздердің өзгеру заңын табу» дей келіп, ол жарыса қолданылып, әртүрлі жазылып жүрген сөздерді бір ізге түсіріп жазу – бір жағынан бүгінгі жазуымызды тәртіпке келтірсе, екінші жағынан, тіліміздің болашақтағы дамуына да үлгі болатынын айтады. Олардың жөнге салған ісінің болашаққа үлгі болып қалыптасып қалатындығы жөніндегі ойын автор өз сөз қолданысында «тілдің келесіде баюына жол тазалау» – деп береді.

Н.Төреқұлұлы қазақтың білімді, зиялы азаматы ретінде шет тілдерінен термин қабылдаудың тілдік заңдылықтарын анықтап, соған сәйкес жазу үлгісін қалыптастыруды өзіне міндет санайды.Өзге тілдерден сөз қабылдамай тұра алмайтынымызды айта келіп, ол – «...сертсіз, заңсыз жат сөздерді бос қоя беру де жарамайды, опыр-топыр болып, тіліміздің негізгі заңдылықтарын бұзып, тас-талқанын шығарып жібереді»- дейді.

Автордың бұл ойы да, «Қазақ тіліне кірген жат сөз болса, қазақтың тымағын киген жалпақ қазақ сөзі болып кірсін» деген ұстанымы да өзімен замандас, А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы сынды қазақ зиялыларының пікірлерімен үндесіп, сабақтасып жатыр. Олардың барлығы да шет тілдерінің сөздері тіліміздің дыбыстық-құрылымдық заңдылықтарына бағындырылып қабылдануы қажет деген тұжырымға тоқталады.

Мәселені арнайы зерттеген тілші-ғалымдардың көрсеткен мәліметтеріне сүйенсек, тіліміздің лексикалық қорының 30 пайыздан астамын араб-парсы сөздері құрайды екен. Бұл тұрғыда Нәзір Төреқұлұлы сол жиырмасыншы жылдары-ақ тілімізге енген араб-парсы сөздерінің игерілуін, көптеген нақты мысалдармен көрсетіп берген. Оның тілімізге сіңіп кеткен араб-парсы сөздердің қалай және қандай өзгерістерге ұшырай отырып қабылданғанын анықтау арқылы өзге тілдердің сөздерін де игерудің жолын табамыз деуі – тіліміздің сол кезеңге дейінгі даму тарихы мен сөз қабылдау тәжірибесіне жіті назар аудара білген зерек зерттеушінің аса байқампаздықпен айтылған, ешқашан құнын жоймайтын құнды пікірі. Зерттеушінің осы ойының бір түйіні ретінде айтылған – «Араб-парсы сөздеріне елдің баяғы заманда өзінен пішіп қойған үлгісі жалпы жат сөздердің барлығына жарамаса да, бірсыпырасына жарайды» – деген пікірі қазір де құнын жойған жоқ деп білеміз. Жалпы жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ зиялылары көтерген термин мәселелерінің көпшілігі қазірге дейін шешімін таппай, қайтадан күн тәртібіне қойылып жатқан бүгінгі таңда олардың қай-қайсысының да еңбектерін елеусіз, пікірлерін ескерусіз қалдыруға тиіс емеспіз.

Бұл еңбегінде Нәзір Төреқұлұлы араб тілін жетік білетін білікті маман ретінде арабтың қай дыбысының қазақтың соған сәйкес келетін (жақын келетін) қандай дыбыстарымен алмастырылғанын, қалай таңбаланғанын немесе кей дыбыстардың мүлде түсіп қалатынын көптеген мысалдармен нақты (сөз басында, ортасында және сөз соңында) көрсетіп берген. Сондай-ақ ол - «Жалғыз-ақ әріп ауыстырумен жат сөз қазақ сөзі болмайды. Қазақ сөзі болып әбден сіңуі үшін сөздің жалпы құрылысы қазақша болуы керек.» – дейді. Зерттеуші араб-парсы сөздерінің ішінде әсіресе жіңішке буынды сөздердің көп өзгеріске ұшырайтынын айта келіп, .........., ......... сияқты сөздердің құрамында өзгеретін әрптердің жоқ екендігіне қарамастан, қазақ тіліне кіргенде береке, керемет түрінде таңбаланып, адам танымастай өзгеріске ұшырағанын мысалға келтіреді.



Н.Төреқұлұлы араб тіліндегі фатха, кесре,гамма және тәшдидтің біздің тілімізге қалай қабылданғанын да көрсетеді. Мәселен, жіңішке буынды сөздердің құрамындағы фатха тілімізге көбінесе е болып өтетінін көрсететін бірнеше мысалдар келтіреді. Сол сияқты гамманың ү, ұ, о болып, кесренің е, ы, і болып қабылданатынын да, л, м, н әріптерінің қатар келмейтінін(тәштид) де көптеген нақты мысалдармен көрсетіп береді.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мерзімді жоспар
білім беруді
дістемелік материалдар
жалпы білім
ауданы кіміні
мектепке дейінгі
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...