ХVІІІ ғасырдың аяғына қарай жаңа заман гимнастикасының теориялық негізі пайда бола бастады. Оларға мыналар жатады:
1. Организмге жан-жақты әсер ету. Тіреу-қозғалыс аппараттың барлық бөлігіне, организмдердің түрлі жүйелерінің функционалды жағдайына және организмдердің толықтай өмір сүру қызметіне әсер ететін жаттығуларды таңдап алу. Қозғалыс дағыдылары мен функциолналды дайындық алу, сонымен қатар дене сапалары – күш, шапшаңдық, төзімділік, икемділік, иілгіштікті жетілдіру процестерін біріктіру міндеттері шешіледі.
2. Жаттығулар түрлері – гимнастика құралдары. Гимнастиканың бірегейлігі – оның құралдарының жаттығу түрлерінің шектеусіздігінде. Дене тәрбиесі және спорттық жетілдіру процесінде туындайтын кез-келген міндеттерді сауықтыру, қолданбалы, спорттық сипаттағы тиісті гимнастикалық жаттығулар көмегімен, оларды түрлі қарқындылық дәрежесімен пайдалана отырып шешуге болады. Мысалы, ең қарапайым алға еңкеюді бастапқы жағдайлармен түрлендіруге (қысылған аяқпен, не аяқтарды ашып, не отырып), иіле, денені айналдыра қолдардың қосымша қозғалыстарымен, жұптың көмегімен орындауға болады. Гимнастиканың көптеген түрлерінде бөлек-бөлек жаттығулар емес, олардың кешені орындалады. Гимнастиканың спорттық түрі спортшылар дайындаумен ерекшеленеді.
3. Жаттығулардың таңдаулы әдістері. Белгілі бір сапалар дамыту, кейбір бұлшық еттер тобын, буындарды бекіту, организмдердің қандайда бір функциясын қалпына келтіру бойынша жиі туындайтын міндеттерді гимнастикалық жаттығуларды, оларды пайдалану әдістемесін таңдау арқылы шешуге болады. Жаттығуларды кеңістік уақыт және күш сипаттамаларына байланысты қатаң белгілеу дененің кез келген бөлігі мен оларға әсер етуге мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндіктер, көбіне емдік дене тәрбиесінеде, арнайы дене дайындығында, спорттың басқа түрлерінде пайдаланылады.
4. Сабақты регламенттеу және жүктемені нақты реттеу. Гимнастикалық әдістеме қозғалыс бағдарламасының қатаң регламенттеуімен ғана емес, сонымен қатар сабақты ұйымдастырудағы жаттығуларды мөлшерлеудегі және жүктемені реттеудегі салыстырмалы түрдегі шектеулермен сипатталды.
5. Жаттығуларды күрделендіру және араластыру, бір жаттығуды түрлі мақсатта қолдану мүмкіндігі. Гимнастикада сабақтардың қарқындылығын арттырудың қарапайым тәсілі болып неғұрылым күрделі қозғалыстарды меңгеру, жаттығулардың өзін күрделендіру (олардың орындалу жағдайларын, бастапқы және соңғы жағдайларды, орындау жылдамдығын өзгерту ғана емес, сонымен қатар олардың бір-бірімен жаңаша бірігуін, дәреесі бойынша түрлі қиындықтардағы шығармаларға біріктіру арқылы жүзеге асырылады). Жаңа элементтер құру, бірегей жаттығулар жасау оқушылардың да, оқытушулардың да шығармашылық қабілеттерін ашады.
Сонымен, гимнастиканың шығу мен даму тарихына шолу жасап өттік. Қазіргі таңда, мектептерде дене шынықтыру сабақтары қозғалыс актілерін орындаумен ғана емес, сондай-ақ тұлғаның моральдық және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеумен, оқытуда ұжымдық әрекеттермен бірлестікте дараландырумен байланысты педагогикалық міндеттер шешіледі. Ол гимнастика сабақтарын ұйымдастырудың дәстүрлі түрлері, соның ішінде сабақ түрі арқылы шешіледі. Сабақ үстінде оқушылардан тәртіп сақтауды, өз әрекетін жолдастарының әрекетімен келістіруді, әсіресе, топтық жаттығуларда және көмек пен сақтандыру кезіндегі тәртіпті сақтауды талап етеміз.
Қысқаша қорытынды жасайтын болсақ, гимнастикалық жаттығуларды дене тәрбиесінде қолдану кеше, бүгін пайда болған дүние емес. Ол сонау ерте ғасырлардан бері қалыптасып, адамды ойландырып, дене тәрбиесінде жаңа бір жаңалықтар ашуға ықпал еткені белгілі болды. Жалпы, гимнастикалық жаттығулар арнайы талаптарды, қауіпсіздік шараларын қажет ететін, белгілі бір жаттығулар жиынынан тұратын дене тәрбиесінің бір құралы деп тұжырым жасауымызға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |