Гимнастиканың түрлері
|
Сипаттамасы
|
1
|
Негізгі гимнастика
|
Дененің жан-жақты дамуы мен шұғылданушылардың денсаулығын, адамның барлық мүшелері және жүйелерінің біркелкі дамуы, сол сияқты жылдамдық, күш, иілгіштік, ептілік және шыдамдылық сияқты дене қасиеттерінің жетілуі үшін пайдаланатын дене жаттығуларының жүйесі.
|
2
|
Ертеңгілік гигиеналық гимнастика
|
Таңертең ұйқыдан кейін организмнің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіруді тездететін дене жаттығулары.
|
3
|
Спорттық гимнастика
|
Спорттың негізгі түрлерінің бірі; еркін жаттығулар, таянып секіру және снарядтардағы жаттығуларды қамтиды. Қазақстанда спорттық гимнастика 1920 жылдардың аяғында дами бастады.
|
4
|
Акробатика
|
Күш жұмсай орындалатын дене шынықтыру жаттығуларының бір түрі. Қазақстанда спорттық акробатика
1933 жылдан тарай бастады және одан тұңғыш чемпионат 1949 жылы өткізілді.
|
5
|
Көркемдік гимнастика
|
Музыка сазымен арнаулы затпен (лента, доп, шеңбер, т.б.) немесе затсыз гимнастикалық жаттығулар комбинациялары орындалатын қыздар арасындағы жаттығу түрі.
|
6
|
Өндірістік гимнастика
|
Еңбекшілердің денсаулығын жақсарту, іскерлігін және жұмыс уақытында жүргізілетін дене шынықтыру шаралары.
|
7
|
Емдік гимнастика
|
Емдеу гимнастикасының жаттығулары сүйек бұлшық еттер және тыныс алу жүйесі үшін жасалады.
|
Гимнастикалық жаттығуларға кіріспе жасап, олардың қазіргі кездегі түрлеріне талдау жасадық. Гимнастикалық жаттығулардың тарихына үңіліп қарасақ біршама қызықтарға толы. Ендеше, гимнастикалық жаттығулардың мәнін түсіну үшін тарихқа талдау жасап көрейік.
Гимнастика дене тәрбиесі құралы ретінде ұзақ жылдар бойына дамыды. Оның құрылуы қоғамдық құрылыстың өзгерісіне, адам ғылымының дамуына, сонымен қатар соғысты жүргізу тәсілдернің өзгеруіне байланысты болды. ХVІІ-ХІХ ғасырларда гимнастика жүйесіне енген бөлек жаттығулар Ежелгі Римнің әскери дайындықтарында қолданыла бастаған екен. Оларға ағаш атта, баспаларда орындалатын жаттығулар жатады.
Қайта өрлеу дәуірінде гуманистер жастардың жан-жақты дамуына мән бере бастады. Гимнастикамен айналысу арқылы денсаулықты нығайтуға және адамның күшін көбейтуге болатынын білді. Тіптен сол кездердің өзінде дене тәрбиесі туралы шығармалар шыға бастаған. Оның ішінде И.Меркуриалистің еңбегі бар, ол гимнастиканы үш түрге бөлген екен:
- әскери;
- дәрігерлік;
- атлетикалық.
Жаңа заман дәуірінде Я.А.Коменский, Жан Жак Руссо, Песталоцци секілді классик педагогтардың еңбектері гимнастиканың дамуына серпін берді. Олардың дене тәрбиесі бойынша жазған еңбектері гимнастиканың шынайы түрде дамуына жол ашты. Жан Жак Руссоның ойынша «дене жаттығулары денені нығайтып, шынықтырады, күш пен қозғалыстың дамуына қажетті жағдай жасайды, өмірге дайындайды, ақыл-ойдың, денсаулықтың дамуына әсер етеді».
Песталоцци дене тәрбиесінің басты мақсатын «баланың бойына жаттығулар арқылы дарыған күш пен қабілеттің дамуынан» деп қарастырды. Ол баланың қабілетін дамыту өте маңызды деп санады. Ол үшін «ең жақсы жаттығулар» болып бұлшық еттерді қозғау болды. Бұлшық ет жаттығуларына қосымша ретінде қозғалмалы ойындар мен қол еңбегі қосылады, бірақ олардың өздері құрастырған аналитикалық әдіс сол уақыттағы гимнастикада кеңінен қолданылды. Песталоцци гимнастиканың теориясы мен әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі, ал «буын қозғалыстары» - заманауи ерікті жаттығулардың негізгі үлгісі.
ХVІІІ ғасырдың 70 жылдарында кей қалаларда филантропиндер деп аталатын жаңа мектептер ашыла бастады, мұнда немістің ұлттық гимнастикасы оқытыла бастады. Мұнда Фит пен Гутс-Мутс жетекшілік етті.
Фиттің үш томдық еңбегінде гимнастика туралы теориялық және практикалық мәліметтер келтірілген. Жаттығудың мақсатын ол «денсаулықты нығайту, күшті және қозғалыс жылдамдығын дамыту, әдемі сымбатқа ие болу, ақыл-ойдың дамуына және психикалық қызметке әсер ету» деп есептеген.
Гутс-Мутс көптеген гимнастикалық жаттығулардың техникасын құрастырды, соның ішінде снарядтағы жаттығулар. Оның «Жасөспірімдерге арналған гимнастика» атты кітабы көптеген елдерде, соның ішінде Ресейде көп таралған және ол гимнастиканың дамуына әсер етті. Сабақтарды өткізу кезінде оқушылар арасында жарыстар, ынталандырылып, қозғалысты нақты орындау бойынша талаптар жазылған.
Достарыңызбен бөлісу: |