Дене шынықтыру сабағы
Әзірлік бөлімі – оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шығылдану ынтасын арттыру және балаларды сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады.
Негізгі бөлім – оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері енгізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызады. Бұл олардың белсенділіктерін туғызады. Оқушы денесі осы кезде шынығады.
Қортынды бөлім – оқушылардағы көтеріңкі ілікті басып, келесі сабақтарға даярлау осы, қорытынды бөлімнің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумен, қорытынды жасап, бағалаумен аяқталады.
Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру міндеттері шешіледі. Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шұғылдануына ынта-ықыласын дарыту. Мектептердегі дене шынықтыру сабағы жаттығулардың және ойындарының сан алуандылығымен ерекшеленеді.
Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған дұрыс:
- оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу;
- шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру;
- спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту;
- негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.
Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына:
- дене жаттығулары;
- гимнастика;
- ойын;
- туризм;
- спорт;
- табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары – саналы түрде орындалған қимылдар мен қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерінің жұмысын дамытады.
Ойын оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Ойын барысынада оқушылар белсенді, тапқыр, ұйымшыл болуға дағдыланады.
Туризм – оқушыларды төзімділікке, ұжымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт – оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы.
Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдардың бірі табиғи факторлар. Оларға күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау жатады. Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді.
Гимнастика – арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер. Гимнастиканың бізге дейін жеткен бірнеше түрлері бар [Кесте 1].
Кесте 1 – Гимнастиканың түрлері
Достарыңызбен бөлісу: |