Орындаған: Канаев К. С. Тексерген: Кокебаева Р. С. Мектепте дене шынықтыру сабағында гимнастикалық жаттығуларды ұйымдастырудың теориялық негіздері. Мектептегі дене шынықтыру пәні және гимнастикалық жаттығу түсінігі



бет1/4
Дата20.05.2022
өлшемі111.83 Kb.
#256435
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
баяндама гимнастика





Баяндама
Тақырыбы: «Жарыстардың гимнастикамен шұғылдану сабақтарын ұйымдастыру бақылау түрі ретіндегі сипаттамасы»
Орындаған: Канаев К.С.
Тексерген: Кокебаева Р.С.


Мектепте дене шынықтыру сабағында гимнастикалық жаттығуларды ұйымдастырудың теориялық негіздері.
Мектептегі дене шынықтыру пәні және гимнастикалық жаттығу түсінігі

Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық – адамның еңбек пен қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуның маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғам барынша мүдделі және сол бағытта барынша пайдалы іс-әрекеттер мен шаралар жүргізуде. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.


Жас адамдардың денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді. Осы орайда, мектептердегі дене тәрбиесінің орны ерекше. Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады. Сол себептен, гимнастикалық жаттығуларға кіріспес бұрын мектептегі дене тәрбиесіне тоқтала кетейік.
Мектептерде дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны:
- шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жақсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау;
- оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу.
Дене тәрбиесінің міндеттері:
- денсаулық нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп—жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдермен байланыстыру;
- негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;
- еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдық меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- әдеттерді қалыптастыру және жаттығулармен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;
- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.
Дене шынықтыру сабағы оқушылардың денсаулығын нығайтуға, өмірде шыңдалып, шымыр болуына әсер етеді. Дене шынықтыру сабағы белгілі-бір бөлім негізінде жүргізіледі [Сурет 1].

Сурет 1 – Дене шынықтыру пәнінің бөлімдері





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы