Орындаған ꞉Жаппар Сымбат Қабылаған ꞉Камишева Гүлнұр



бет1/2
Дата01.04.2021
өлшемі23.36 Kb.
  1   2

Орындаған Жаппар Сымбат

Қабылаған Камишева Гүлнұр

Тобы ꞉Фил 18-1

Ақын өлеңдерінен танылатын ақынның өз жаратылысы және өмірінің суреттері. «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің» өлеңінен танылатын өмір көріністері. Ақын өлеңдеріндегі көркемдік шындық және құбылмалы дүние философиясы. Ақын шығармаларындағы күнделікті өмір бейнесі. Ақын шығармашылығындағы сатира мен юмордың орны. Ақынның сөз қағысулары мен қағытпалары.



  1. 1/Баянауыл өңірінің тумасы Көтеш ақынның даңқы «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің» деп басталатын өлеңі арқылы шыққан. Хандық дәуірдегі әдебиетті зерттеуші ғалым М.Мағауиннің жазуынша, Көтеш осы өлеңін шығарған кезде он жеті жаста екен. Көтеш ел адамдарына қаратып арнау өлеңдерін шығарып жүрген. Еліндегі Тінәлі, Тышқанбай, Қапан деген байлар сыйлығына байланысты айтқан өлеңдерінде мейірбандықты, кең пейілділікті жақтайды. Өзін-өзі зор тұтып, басқаны менсінбеген мырзаларға да Көтеш өткір мысқылдар арнап отырған. Торайғыр биге айтқан сөздері де өткір. Ақын мінер атқа, ішер асқа зар болып өткен. Бұған оның өлеңдері де айғақ. Қартая келе ол келін-балаларына риза болмай, оларға наразылығын білдіріп өлеңдер шығарып жүріпті. Балаларын жақтап, өзін күтпеген кемпіріне айтқан өлеңдерінде де ол өзінің ақындық қабілетін танытады.Көтеш айтысқа да түсіп жүрген. Бізге оның қыпшақ қызымен, Күнікей, Зағипа, Қания қыздармен тіл қағысулары жеткен. Ол өлеңсіз сөз сөйлемеген. Кез келген сөзін тұспалдап, өлеңдете жөнелетін қас жүйріктің өзі болған.

2/Ақынның бұл өлеңіне тән кейбір сипаттарды ХVІІІ ғасырдағы ақындар поэзиясына шолу жасау барысында айтып өткен едік. Негізінде, Көтештің ақындық даңқын шығарған осы өлеңге себепкер болған оқиғаның нақты жай-жапсары белгісіз. Десек те, өлеңнің бірінші шумағын оқи отырып, Мейрам руының Ботақан деген жігіті кісі қолынан мерт болғанын, оның өлімі үшін Абылайды кінәлі санаған жігіттің руластары Хан ордасын қоршай жиылып, құн даулағанын көреміз. Екінші шумақтан аңғарылатын жағдай – Абылай ханның салдырған қаласының өртеніп кеткендігі, сол өрт үшін Мейрам руының Жанай деген адамының кінәланып, қамауға алынғаны, «Мейрам руына жала жабылды» деп ашуланған жұрттың тағы да Хан ордасына келіп, Жанайды босатуды талап еткендігі. Бұл – қос шумақтан тұратын өлеңнен танылатын көріністер.

Алайда өлеңнің нақты мазмұнын айналсоқтап қалмай, өлеңнен көрінетін осы жәйттерге ойлана қарасақ, сол дәуірдегі қазақ халқының өмірінде орныққан Дала демократиясының көріністерін көрер едік. Демек, бұл жағдай жыраулар мен ақындар поэзиясына тек көркем сөз үлгілері ретінде қараудың аздық ететінін аңғартады. Сол себепті хандық дәуірдегі поэзиялық туындыларға сол дәуірдің бейнесі ретінде қарап, соған орай тереңірек үңіле зерделеу абзал болмақ.

Енді ақын өлеңдерінен танылар осы жәйттерге назар аударып, ақынның өз болмысын, тіршілік жайын бағамдап байқалық. Абылайға арналған алғашқы өлеңінде:

«...Жанайды дәл бүгін күн босатпасаң, Болады ертең жесір қатын-балаң!!!» – деп батыл мінез танытатын он жеті жасар ақынның бұл өткірлігі уақыт өте келе өзгеріп, құбылмалы адам мінезін әжуалай сынауға бейім мысқылшыл мінезге ауысады. Ақынның қолда бар өлеңдерінің астарына жіті үңілсек, оның мінезіндегі бұл өзгерістің себебін де түсінеміз. Ол себеп – қолдың қысқалығы және сол жоқшылықтың өз төңірегіндегі жұрттың ақынға деген көзқарасына, қарым-қатынас сипатына әсер етуі. Ақын мінезіндегі өзгеріс сырына қанығу үшін Көтеш ақынның өз өлеңіне көз салсақ, ол өзінің жағдайсыз күйін, ағайын-жұртына деген өкпе-ренішін:

Күркелінің бауыры күнде дауыл, Көтеш қалды жұртында жалғыз ауыл. Ауырып жатқан көңілімді бір сұрамай, Шын Сексеннің баласы қара бауыр.

Бір жанымның қамы үшін жүрдім саяқ, Не қыламын бұл малды жаннан аяп.

Ауырып жатқан күнімде бір қайырылмай, Ет дегенде қалмапты тайлы-таяқ.., – деп әжуа-мысқылға орай жеткізеді.

3-сұрақ. Ақын өлеңінен көрінетін сурет те, ақын ағайындарының қылығы да, ақынның өз әрекеті де, көңіліндегі реніш те түсінікті. Ақын өз өмірінің шындығы мен сол шындықтан туындаған ішкі сезімін қаз-қалпында бейнелеп берген. Ал осы бейнелердің мазмұнында жалғыз ақын өмірінің емес, жалпы адам баласының өмірлік шындықтары жатыр. Ол шындықтың негізі – құбылмалы дүние философиясы. Бұл философия – ақын ойында кенеттен пайда болған ой емес, өзімен дәуірлес жыраулар поэзиясында алуан үлгіде алға тартылған ойлардың жаңаша қорытылуы, ақындық поэзия ерекшелігіне лайықтала көрініс беруі. Мәселен, құбылмалы дүние бейнесі ХVІІІ ғасырдағы Ақтамбердіде:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік