Орындаған: Әзімхан Жұпар Жандосқызы Топ: Пед21-003-02 «Алаш», «Үш Жүз» және т б саяси партиялардың тарихи рөлі тақырыбына логикалық схема дайындау

Loading...


Pdf көрінісі
Дата20.09.2021
өлшемі407.2 Kb.


Орындаған: Әзімхан Жұпар Жандосқызы 

Топ: Пед21-003-02 

«Алаш», «Үш Жүз» және т.б саяси партиялардың тарихи рөлі тақырыбына 

логикалық схема дайындау 

 

 

Ең  бірінші  біз  партияларға  тоқталмас  бұрын,  олардың  құрылуына  дейінгі 



алғышарттарды  қарастырсам.  Қазақстанда  жалпы негізі  Ресей  патшалығында  ІІ  Николай 

тақтан түседі, Романовтар әулеті тақтан түсіп монархия құлайды. Осы уақытта қосөкімет 

орнайды. Кеңестер және Уақытша үкімет органдары келеді. Уақытша үкімет 1917 жылдың 

ақпан  айынан  қазан  төңкерілісіне  дейін  өмір  сүрді.  Осы  кезекте    уақытша  үкімет  қазақ 

өлкесіне  1917  жылдың  наурыз-сәуірінен  бастап  жергілікті  органдарын  құра  бастады. 

Сәуірдің 7–сі жарғы бойынша Түркістан комитетін құру туралы жарлық жарияланды. Сол 

уақыттан бастап қазақ зиялылары комиссарлар атана бастады. Осы Ақпан революциясын 

қазақ  халқы  зор  қуанышпен  қарсы  алды.  Ұлт  зиялысы  Әлихан  Бөкейхановтың  өзі  осы 

уақытша үкіметті жақтап, «Кадет» партиясына кіреді. Бірақ 1917 жылдың шілде айларында 

Бөкейханов  өз  ойың  өзгертеді,  яғни  уақытша  үкіметке  сенімсіздік  пайда  болады.  Сол 

себепті  Бірінші  бүкілқазақтық  съезд  өтеді.  Осы  съезден  кейін  автономияар  құру  туралы 

шешімдер айтылып, партияларға бастама беріледі. 

1)  Алаш  партиясы.    Алаштың  көшбасшысы  –  Әлихан  Бөкейханов.  Бұл  партияның 

әлеуметтік негізі  –  капиталистік даму жолына бағыт  алған зиялылар. Алға қойған 

мақсаты:  Қазақ халқын отарлық езгіден азат  ету; Автономиялық ұлттық мемлекет 

құру.  Тарихта  бұл  партия  үлкен  рөл  ойнады.  Өйткені  Тәуелсіз  қазақ  мемлекетіне 

айналуға жол ашты деуге болады. Патша үкіметінің отаршылдығынан кейін, халық 

көзі  жабылды  қара  түнек  болды.  Бірақ  алаш  зиялылары  барынша  күшін  осында 

салды.  Ақпан  төңкерілісі  жеңіске  жеткенде  Бөкейханов  бірден  іске  кірісті,  бірақ 

байыппен.  Оған  дәлел  съезд.  Съезде  Байтұрсынов  тәуелсіз  қазақ  автономиясын 

құруға  идея  тастады.  Бірақ  Бөкейханов  уақытша  үкіметтің  қолындағы  биліктің 

мықтырақ екенін көріп, керісінше солардың қолындағы автономия құруға шақырды. 

Және  сол  ойы  дұрыс  болды.  Алаш  ең  бастысы  осы  1917  жылдың  жазында 

қалыптасқан жағдайда халықтың келешек тағдырын анықтауға тікелей қатысы бар 

жалпыұлттық  мәселелерді  саяси  күрестің  күн  тәртібіне  енгізіп,  оларды  шешу 

жолында айтарлықтай қызмет  атқарды.  Ұтымды шешімдері менің ойымша партия 

программасының  жобасы он баптан құрғандары. Яғни: 

І. Мемлекет қалпы; 

ІІ. Жергілікті бостандық 

ІІІ. Негізгі құқық 

IV. Дін ісі 

V.Билік және сот 

VI. Елді қорғау 

VII. Салық 

VIII. Жұмысшылар 

IX. Ғылым білім үйрету 




X. Жер мәселесі.  

 

Осы кезеңде Алаш партиясына жететін ешқандай партия болмаған тұғын. Үлкен 



өнім, алдыға жылжу, халықтың көзін ашу бағытында зор үлес қосты. Дегенмен партия 

Азамат соғысымен тұспа-тұс келіп қалғаннан кейін жас автономияның қызметі қиын 

да күрделі жағдайларда жүріп жатты. 1919 жылдың жаз – күзінде Алашорда 

ұйымының қызметі құлдырай бастады. Байтұрсынов , Бөкейханов тағыда алаш 

зиялыларын тұтқа ала бастайды. Дегенменде сонау 1905 жылғы революциялық 

кезеңнен келген 1919 ға дейінгі жалғасқан алашордашылар қозғалысы Қазақстан 

тарихында өзінің ерекше рөлін атқарып кетті. Айтып өткендей ХХ ғасырдың басында 

Егемен Қазақстанға бір қадам жол ашып кетті.  

2)  «Үш Жүз» партиясы. Бұл партия қалған қазақ жерінде құрылып жатқан 

партияларға қарағанда сәл осалдау партия болды. Оның басшысы, яғни комитет 

төрағасы болып сайланған Мұқан Айтпенов. Орынбасары Көлбай Тоғысов, 

хатшысы Ысқақ Көбеков. Негізі партия құрылар сәтте, ол Алашпен бірлесе әрекет 

жасау туралы мәлімдеген. Бірақ ол көп созылмай ойынан тез қайтып керісінше 

Алаш партиясына қарсы бағытта болды. Алаштың басты сынаушысына айналды. 

Келе большевиктер жағына өтті. Яғни большевиктерге жақтасып солармен, 

Алашорданың саясатына қарсы шықты. Соңында бұл партияда большевиктер 

секілді құлады. Тарихта еш маңызды рөл атқармады деп ойлаймын. Керісінше олар 

қайтадан монархия құруды ойлады. Бірақ заман өте әр ғасыр талабына сай ол 

монархия дәуірі өткен болатын. Байтұрсынов, Бөкейхановтар конституциялық 

дәуірді сол баста ұсынған болатын. 

3)  Мұсылман ұйымдары. Бұл діни бағытты ұстанатын ұйым болды. Яғни діни 

басқармасы мен шіркеу билігін жақтайтын зиялы қауымдар екі партия ашады. 

«Шура-и-ислам» және «Шура-и-улема». Шура-и-ислам партиясында тек қазақ 

өкілдері емес, сондай-ақ татар,кавказ,ресей мұсылмандары бар. Төрағасы 

Ж.Салихов, орынбасары Х.Домұханбетұлы. Мұсылмандардың съездерін басқарып 

отырды. Тарихтағы екі партияның рөліне келер болсақ, менің ойымша тек қана дін 

жағынан емес, жалпы мұсылмандардың қоғамға деген ой-санасын, саяси 

көзқарастарын қалыптастырды. Тек дін жағынан емес, медресселер ашылып 

сауатын ашты десекте болады. Біздің қазіргі мұсылман қазақтарымызға тура Алаш 

бастау бергендей, дінге бір қадам болсын сауат ашты деп ойлаймын. 

 

Жалпы бұл партиялар Қазан төңкерісі, Азамат соғысына дейін өз  



жұмыстарын атқарды. Белгілі бір деңгейде әр партияның өз жұмыстарын 

жақсы атқарды деймін. Бұл партиялардың арқасында қазақтарға бір қадам 

жол ашылып, зиялыларымыз еңбек қалдырып ұрпақтарға тарихта қазақ 

халқының орнын айқындап берді деп ойлаймын.  



 

 

Пайдаланған әдебиеттер: «Қазіргі Қазақстан тарихы» Т.М.Әминов. 2017 жыл; «Алаш 



һәм алашорда» К.Нұрпейісов 1995жыл; Сайт:

 

https://malimetter.kz/shura-i-islam-zhane-

shuro-i-ulema-ujymdarynyn-kuryluy-men-kyzmeti/ 


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...