Ұлт көшбасшысы халыққа арнаған Жолдауында 7 бағытқа айрықша назар аударған.
Бірінші. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Екінші. Индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту. Үшінші. Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Төртінші. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен су- және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту. Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту. Алтыншы. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту. Жетінші. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру.