Орындаған:Ербатырқызы Ақбота
ҚР – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
Қазақстан Республикасының Конституциясы I бөлімінің 1-бабында: Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып саналатыны жайлы жазылған. Қазақстан мемлекетінің басқару нысаны - Республика. Ал республикалық басқару нысанына демократия, зайырлылық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет терминдері тиесілі. Демократиялық мемлекет демократия сөзіне сәйкес белгілерге сүйенеді. Яғни демократия сөзі халықтың билігі деген мағынаны білдіреді. Құқықтық мемлекет – құқықтың, заңның үстемдігі арқылы жүзеге асырылады. Осыған орай, құқық пен заң – тәртіпті орнатып, оған бағыну үшін керек. Бұл өте маңызды, себебі заң бар жерде әрқашан тәртіп орын алады. ҚР - құқықтық, демократиялық мемлекетті қалыптастыру жолдарының бірі: адам құқықтары, бостандықтарының іске асырылуы, жеке тұлға мен мемлекет арасындағы буын ретінде азаматтық қоғамды дамыту болып табылады. Қоғам деңгейі дамыған сайын, мемлекет те дамиды. Ал халықтың мәдениеті жоғары дәрежеде болуы ең алдымен мәдениеттің, ғылым мен білімнің, шығармашылық пен өнердің, сонымен қатар адамдардың қарым-қатынасы, бір-бірін құрметтеуі мен интеллигенцияның орнауы нәтижесінде қалыптасады. Демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың аса маңызды факторы - ел экономикасының жоғары даму деңгейі және халықты материалды қамтамасыз ету. Экономикалық даму деңгейі төмен, әлеуметтік қорғалуы жеткіліксіз, кедей елде демократиялық құқықтық мемлекет құру мүмкін емес. Сондықтан, Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекетті құрудың маңызды шарты ретінде азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарының жүзеге асырылуын қадағалайды. Зайырлы мемлекет сөзінің мағынасы діннің мемлекет саясатына қатысы жоқтығын білдіреді. Ең алдымен зайырлы мемлекет деген мағынаны дұрыс түсіну қажет. Барлық азаматтардың ар-ождан бостандығына, діни сенім мен табынуға құқығы болады. Мемлекет діни қауымдардың ішкі істеріне араласпай, ар-ождан бостандығы қағидатын, толеранттылық пен төзімділік дәстүрлерін берік ұстануы тиіс. Сол себепті, зайырлы мемлекеттің басқарылуы дінсіздік деген мағынаны білдірмейді, ол діни қағидаға сүйенбей, тек құқық арқылы басқару дегенді білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |