Орындаған: Әбілда Аружан Тобы: минф 19 Тапсырма: шығыс поэзиясының кереметі тапсырма: Шығыс шайырларының бір поэзиясын түгелдей оқыңыз және оны қалай таңдағаныңызды, оқығанда алған әсеріңізді

Loading...


Дата05.05.2021
өлшемі316.01 Kb.

Орындаған: Әбілда Аружан

Тобы: МИНФ 19
Тапсырма: ШЫҒЫС ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КЕРЕМЕТІ

Тапсырма: Шығыс шайырларының бір поэзиясын түгелдей оқыңыз және оны қалай таңдағаныңызды, оқығанда алған әсеріңізді, поэзиямен бұрын-соңды жақындығыңызды - барлығын-барлығын 200 сөзден кем емес еркін форматтағы шығармашылық жазба ретінде рәсімдеңіз. Мүмкіндік болса, түсінбесеңіз де парсы тіліндегі поэзияның аудио нұсқасын тыңдаңыз.

Мен Шығыс шайырларының шығармаларынан Рудакидің шығармаларын таңдадым.

Әбу-Л-Хасан Рудаки, Әбу Абдаллах (Әбу-л-Хасан) Жафар Рудаки (860 ж.ш., қазіргі Тәжікстан республикасы, Пенжикент ауд. Рудаки қыстағы — 941, сонда) — тәжік классикалық әдебиетінің негізін салушы, философ. Заманында “Ақындар атасы” атанған.

Туындыларының ішінен бізге жеткені “Шарап туралы” қасида, “Кәрілік туралы” ода, 40-қа жуық әр түрлі жанрдағы жырлар. Шығармаларының негізгі идеясы — адам өмірін жырлау. Бұл дәстүр өзінен кейінгі шығыс әдебиетіне зор әсер етті. Ә. Р. өмірдің сәнді, салтанатты жағын, жақсылықты, кіршіксіз таза махаббатты мадақтады, адам бойындағы асыл қасиетті жырлады.




Мен оқыған өлеңдері,менің түсінгенім.
"Кең ұстадым бай төрінде арқамды,

Толтыратын олар менің қалтамды.

Самандардан баскаларды білмедім,

Сыйлас болдым бақыт қонды гүлдедім.

...Қайран уақыт күрт өзгерді, өзіме де тап басты,

Бер, дорба мен аса таяқ ұстап етер ақ басты", — деп мәселенің турасына, заманының күрт өзгергеніне көшеді. Тарихшылар бұл өзгерістерді Рудакидің Карматтар қозғалысына қосылып кеткендігінен деп дәлелдейді. Ислам дінінің қатал әдістерімен ашық аршындап тұрған кезінде, Фатиматтар мемлекетінің исламды шұғыл уағыздауына Рудакидің атсалысуы да Ғажап емес. Бұл айтқанымыз ұлы ақынның өзіне байланысты болса, ендігі жерде бүкіл өміріне күрт өзгерістер әкелгені хақ. Алайда Рудаки жасынан өте зерек, алғыр, оқуға да, тез жаттап, айтып беруге де жаттыққан жас дарынын айқын танытады. Ол сегіз жасында Құранды толығымен жатка біліпті. Оған қоса, әсем сазды ырғақпен жаңылмай айтып беруші, жатқа оқудың шебері болып қалыптасады. Осы кезінде өлең шығара бастап, өлеңдерін де мәнерлі, ұғымтал, мәнді етіп өте шеберлік мәніспен орындап беруінің арқасында төңірекке оның аты тарап кетіпті. Мәселе өлеңнің маңызын ел жүрегіне жетердей сүйкімді дәрежеге жеткізуде ғой. Бұл орайда жас Рудаки өлеңді өмірден алып, діни, құрани ұғымдарға тығыз байланыстырыпты. Жаратушы сүйген құлына талай сан өнер берсе, аз болғандай әншілікті де қоса беріпті, тыңдасап жан сүйсінердей дарын сыйлапты.

"Төріне айналды жүрегім менің шаттықтың,

Қайғы-шерсіз жастық шақты шалқыттым.

Сандуғаштай жас шағымда сайрадым,

Жердің шарын емін-еркін шарладым", - десе, басынан өткізген өмірдің нағыз Қызғылықтысы деп жастық шағын айтқан

екен. Осының бәріне қоса, ол әділеттілік пен ақиқаттың жаршысы,

мейірбандықтың қолдаушысы болу үшін адамның басы бос болу керек деген ұғымды ұстанды, онсыз ұлылық қонбайды, ақылдылық та алға баспайды деген сенімді қуаттап үйленбей өтеді

."Жүрегім менің болып кетті жыр бағы,

Мөрім, таңбам – жабайы сөздер

жырдағы,Қатын-бала, үй дегенді білмедім, Басқа өмірді құлаққа да ілмедім",-деп өз өмірін өзгеріссіз келтіреді. Әрі ақын, әрі әнші өнеріне әсем дауыспен өжет орындаушылық қосылған Рудакиге деген ел құрметі күшейе берді. Ол барбатта (шекті аспап) жан балқыта ойнап, тамаша сөздерін әнге қосқанда балқымайтын жан болмапты.



"Қара бұлттар бұршағы қарайламай жауып тұр,

Өлі жанның жулдыздар суық өңін танып тұр", -

деген сөздерде қайғы-қасірет үстінде толастамай жауып тұрған "қара булттарды" адаммен табиғаттын байланысын сипаттауға ұтымды кезеңде көрсетіп тұр. "Өлі жанда "осал емес-ау, жұлдыздар "суық өңін" танып тұр ғой. Міне, осыдан 1150 жыл бұрын жазылған поэзия қандай десеңізші,ғажайып қой.



"Сен арыстан, ғаламаттың ұрпағына балайын,

Сен киіксің, тандандырған орман, тоғай маңайын.

Сен күнсің ғой, тезірек болжар төтесін,

Атомнан бұрын аңсаған жерге жетесің".

Парасат бақшасы деген де осы шығар, бұл жайдақ сөз, дағдылы поэзия емес, бұл - адаммен табиғатты етене байланыстыру, сұлулыққа ғарыш Ғаламда бар кереметті теңестірудің озық үлгісі. Былайша айтсақ, даналық сөз, бұл ерекше биік поэзия. Сүйген жанды жер сұлуы киікке теңесе, жылдамдығын Kөзгe



ілікпес атомға" балайды. Осы заманның өзінде де өте сирек кездесетін космологиялық теңеуге орта ғасырдағы ақынның жетуі нағыз керемет деп есептеймін.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...