Орындаған: Бекарыс Майгүл №13 Зертханалық жұмыс



Дата29.12.2020
өлшемі59.68 Kb.
#38493
Байланысты:
геоурбанистика 13 апта Бекарыс Майгүл
геоурбанистика 13 апта Бекарыс Майгүл, геоурбанистика 13 апта Бекарыс Майгүл, геоурбанистика 13 апта Бекарыс Майгүл, геоурбанистика 13 апта Бекарыс Майгүл

Орындаған: Бекарыс Майгүл

№13 Зертханалық жұмыс



Қазақстан қалаларының демографиялық және еңбек ресурстық әлеуетіне бағалау жүргізу.

2020 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛЫ ТУРАЛЫ



2020 жылғы 1 қазанға Нұр-Сұлтан қаласы халқының саны 171302 адамды құрады. 2019 жылғы сәйкес күнмен салыстырғанда халық саны 49493 адамға немесе 4,4%-ға өсті. 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тұтастай алғанда 22312 туылғандар тіркелді, бұл 2019 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,4%-ға өсті. Туудың жалпы коэффициенті халықтың 1000 адамына шаққанда 25,70 туылғандарды құрады. Осы кезең ішінде қалада 4916 адам қайтыс болды. Қайтыс болғандардың жалпы коэффициенті халықтың 1000 адамына шаққанда 5,66 қайтыс болғандарды құрады. 2020 жылдың қаңтар-қыркүйекте халықтың табиғи өсімі 2019 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1171 адамға немесе  6,3% -ға кеміді. Халықтың өлім себептерінің негізгі топтарының арасында ең жоғары үлестік салмақты, әдеттегідей, қан айналымы жүйесі аурулары - 24,1%, жаңа өскін - 12,9%, жазатайым оқиғалар, тыныс алу органдарының аурулары - 10,9%, улану және жарақаттану - 6,2 %-ды алады. Халықтың ағымдағы есебінің деректері бойынша 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте елордаға 81870 адам келіп, 64120 адам кетті (көші-қон айырымы +17750 адам). Қаланың негізгі көші-қон алмасуы өңіраралық көші-қон есебінен қалыптасқан: 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте келгендер 46499 адамды, кеткендер 28245 адамды құрайды.


2019 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ХАЛҚЫНЫҢ КӨШІ-ҚОНЫ

Халықтың ағымдағы есебінің деректері бойынша 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте елордаға 81870 адам келіп, 64120 адам кетті (көші-қон айырымы +17750 адам).  Сол уақытта көші-қонның теріс айырымы негізінен сыртқы көші-қон есебінен (-504 адам) қалыптасты. Ішкі көші-қон бойынша жағымды айырым (+18254 адам) байқалады. 2020 жылғы қаңтарда-қыркүйекте 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда Нұр-Сұлтан қаласына келгендер саны 34,2%, кеткендер саны 35,6% кеміді. Қаланың негізгі көші-қон алмасуы өңіраралық көші-қон есебінен қалыптасқан: 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте келгендер 46499 адамды, кеткендер 28245 адамды құрайды. Елорда халқының көші-қон өсімінде келгендер үлесі Ақмола облысынан - 20,2%, Түркістан - 10,1%, Қарағанды - 9,8%, Шығыс Қазақстан - 8,7%, Алматы қаласынан – 7,2% және басқа облыстардан 44%-ды құрайды. Нұр-Сұлтан қаласының ТМД-ның мына елдерімен көші-қон айырымы оң мәнді: Өзбекстанмен (+62 адам), Қырғыз Республикасымен (+23 адам), Әзірбайжанмен (+5 адам), Украинамен (+5 адам) Түрікменстанмен (+4 адам) және Армениямен (+1 адам). Басқа елдермен оң мәнді көші-қон айырымы, негізінен, Қытаймен (+185 адам), Түркиямен (+28 адам) және Моңғолиямен (+25 адам). Ұлттары бойынша көшіп-қонушылар құрылымындағы айтарлықтай үлес салмақ қазақтарға - 89,3%-ы тиесілі және кеткендер санының 88%-ы келеді. Келгендер мен кеткендер арасында орыстардың үлесі тиісінше 5% және 5,8%, өзбектер - 0,9% және 1%, украиндар - 0,8% және 0,8%, татарлар - 0,7% және 0,7%, немістер - 0,5% және 0,7%, өзге ұлттар 2,8% және 3%-ды құрайды.

ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫ

Еңбек ресурстары - халықтың еңбектік әлеуеті, ел (аймақ) халқының шаруашылық саласында жұмыс істеуге қажетті білім деңгейі бар, дене күші толысқан және дені сау бөлігі; елдің экономикалық әлеуетінің маңызды элементі. Еңбек ресурстарының өлшемі халықтың санына, оның өсіп өнуінің режіміне, демографиялық құрылымына байланысты барлық демографиялық процестерінің қарқындылығына сәйкес болады. Қазақстанда оған I және II топтағы мүгедектерден басқа барлық еңбек жасындағы адамдар (16—63 жастағы ерлер, 16—63 жастағы әйелдер) және жеңілдік жағдайда жасы бойынша зейнетақы алатын зейнеткерлер, еңбек жасынан жоғары және төмен тұрған жұмыс істейтін адамдар жатады. 1999 жылғы халық санағы бойынша, Қазақстанда Еңбек ресурстары бүкіл халықтың 56%-дан астамы болды. Еңбек ресурстары - халықтың еңбектік әлеуеті, ел (аймақ) халқының шаруашылық саласында жұмыс істеуге қажетті білім деңгейі бар, дене күші толысқан және дені сау бөлігі; елдің экономикалық әлеуетінің маңызды элементі. Еңбек ресурстарының өлшемі халықтың санына, оның өсіп өнуінің режіміне, демографиялық құрылымына байланысты барлық демографиялық процестерінің қарқындылығына сәйкес болады. Қазақстанда оған I және II топтағы мүгедектерден басқа барлық еңбек жасындағы адамдар (16—63 жастағы ерлер, 16—58 жастағы әйелдер) және жеңілдік жағдайда жасы бойынша зейнетақы алатын зейнеткерлер, еңбек жасынан жоғары және төмен тұрған жұмыс істейтін адамдар жатады. 1999 жылғы халық санағы бойынша, Қазақстанда еңбек ресурстары бүкіл халықтың 56%-дан астамы болды.

Нұр-Сұлтан қаласы еңбек ресурстары







Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы