Орындаған:Баямирова Д.М.
Қабылдаған:Карабалин С.
Қызылша, қызамық және
паротит кезіндегі
профилактикалық және
эпидемияға қарсы іс-шаралар
Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1) Қызылша және паротит,клиникасы,диагностикасы
2) Қызамық клиникасы,диагностикасы,емі
3) Қызылшамен, қызамықпен, паротитпен ауыратын науқастарға
қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-
профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру
III.Қорытынды
Қызылша (корь) – парамиксовирустармен қоздырылатын, ауа-тамшылы механизм арқылы
берілітін, клиникасы циклді ағымымен, қызбамен, интоксикация белгілерімен, катаральды
синдроммен, макулопапулезді бөртпемен және ерекше энантемалармен сипатталатын жедел
жұқпалы ауру.
Қызылша жаппай таралған ауру. Бұрын қызылшамен ауырмаған және оған қарсы егілмеген
адамдар ауруға өте қабілетті, әрі олар кез-келген жас шамасында ауыруы мүмкін. Қызылшаға
қарсы вакцинация жүргізілгенге дейін, 95% балалар қызылшамен 16 жасқа дейін ауырған. Ал
қызылшаға қарсы егу жұмыстары кең жүргізілгеннен кейін, қызылшамен ауыру едәуір
төмендеген. Бірақ қызылша ауруы сақталған және соңғы жылдары оның өсу тенденциясы
байқалып отыр.
ызылша қоздырғышы (Polinosa morbilliorum) парамиксовирустарға қатысты. Қызылша
вирустарының тегіне, сондай-ақ ит пен ірі қара мал обасының вирустары да кіреді. Қызылша
вирусы морфологиялық жақтан басқа да парамиксовирустармен ұқсас, оның вирионының
диаметрі 120-250 нм. Қабықтары 3 қабаттан тұрады – белоктық, липидтік, гликопротеидтік.
Құрамында РНҚ бар.
Жұқпалы аурудың көзі – тек қана науқас адам. Ол жасырын кезеңнің соңғы 2 күнінде, бөртпе
шыққаннан кейінгі 4 күнге дейін сыртқы ортаға қызылша вирустарын бөледі. Бөртпенің 5-ші
күнінен бастап аурудың жұғу қауіпі жойылады. Инфекцияның берілу механизмі – ауа-
тамшылы. Ауруға жоғары қабылдаушылық тән.
Ауру жыл бойына тіркелгенмен, оның өршу мерзімі қарашадан наурызға дейін байқалады.
Инфекцияның кіру қақпалары – жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабықтары. Вирус
тыныс алу жолының эпителийінде көбейеді. Жасырын кезеңнің соңғы күндерінде, бөртпе
шыққаннан кейінгі 1-2 күн ішінде, вирусты қаннан бөлуге болады. Қоздырғыш бүкіл ағзаға
гематогенді таралады.
Қызылша кезінде ағзаның ерекше аллергиялық құрылысы дамиды, ол ұзақ уақыт сақталады.
Қызылша анергия жағдайына алып келіп, залалданған адамдарда аллергиялық реакциялардың
(туберкулин, токсоплазмин және т.б.) жойылуы көрінген, сондай-ақ созылмалы аурулардың
(туберкулез және т.б.) асқынуы байқалған. Иммунодепрессия бірнеше ай сақталады.
Ауруды бастан өткізгеннен соң тұрақты иммунитет қалыптасады. Аурудың қайталануы сирек.
Этиотропты емі жетілмеген. Клиникалық белгілері білінгенде қызылшаға қарсы
иммуноглобулин ешқандай әсер бермейді. Науқас үйде емделуі тиіс. Ал ауруханаға асқынған
жағдайда және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша жатқызылады. Қызба кезеңінде
төсектік режим ұсынылады. Төсекті көзге күн түспейтіндей қою керек. Науқасқа көп мөлшерде
сұйықтық беріледі, жеміс шырындары, витаминдер. Көзге 20% сульфацил-натрий ерітіндісі,
күніне 3-4 рет пайдаланылады.
Антибиотиктер тек қана аурудың бактериальды асқынулары дамығанда тағайындау керек:
ампициллин, цефалоспориндер, макролидтер.
Қызылшаға қарсы пассивті иммунизация жүргізу керек. Пассивті иммунизация 3 жасқа дейінгі
балаларға, жүкті әйелдерге, туберкулезбен ауыратын науқастарға, әлсіз иммунды жүйелі
адамдарға көрсетілген. 3 жастан жоғары қызылшамен ауырмаған, әрі қызылшаға қарсы
егілмеген балаларға жедел түрде қызылшаға қарсы вакцина егілуі керек. Ауру кезінде баланы
балалар мекемесіне 17 күн бойы жібермеу қажет, ал профилактикалық иммуноглобулин
қолданғандарды –21 күн.
Қызылшадан сақтандырудың сенімді әдісі тірі вакцинамен иммунизация жасау. Бұл егу
қорғаушы әсерді 15 жыл бойы сақтайды.
Паротитті инфекция (parotitis) – қызба, жалпы интоксикация, құлақ маңы безінің және басқа
да безді ағзалардың қабынуымен жүретін жедел вирусты жұқпалы ауру.
Өлім жағдайы өте сирек болғанымен, бедеулік, кереңдік, диабет, панкреатит және т.б.
ауруларды шақыруымен қауіпті. Қоздырғышы: Paramyxoviridae тұқымдасының сүзбелі вирусы
– Pneumophilis parotitis жатады. РНҚ вирусы, 2 қабығы бар.
Инфекция көзі: ауру адам. Жұғу жолы: ауа-тамшылы. Көбінесе 5-15 жас аралығында, ер
балалар ауырады. Контагиозды индекс 50-85%. Қайталанған жағдай өте сирек, 0,4-1,1%.
Аурушаңдық жиі қысқы және көктемгі мезгілде кездеседі.
Ену қақпасы: ауыз қуысының, мұрынның, жұтқыншақ, көз конъюктивасының, бадамша
бездердің шырышты қабаттары. Вирус ауыз қуысынан сілекей бездерін зақымдайды, көбейеді,
қанға түседі, вирусемия байқалады. Қанмен айналып, аталық безді,қалқанша және ұйқы безді,
миды зақымдайды.
Ерекшелігі: инфекциялық процестің дамуы инкубациялық кезеңнің циклділігімен
сипатталады. Продормнан кейін клиникалық симптомдары дамып жазылуымен аяқталады.
Инкубациялық кезең орташа 18-20 күн, 11 күнге дейін қысқарып 23 күнге дейін ұзаруы мүмкін,
продромсыз өтуі мүмкін. Продормальды кезеңнің ұзақтығы әркелкі, жиі 1-2 күн, симптомдары
да әр түрлі.
Аурудың басы 38-39С-қа дейін көтерілуімен және шықшыт безінің алдымен бір жақтық, кейін
екінші жағының ісінуімен сипатталады. Алдымен ісіну құлақтың артында және төмен яғни
емізікті ісікпен төменгі жақ тармағының арасында орналасады.
Құлақ қалқаны жоғары және артқа ығысады, сырғалық қалқияды, бастың пішіні алмұрт тәрізді
болады. Ісіну жұмсақ қамыр сияқты, пальпацияда онша сезімтал емес. Бұғанаға дейін ісіну
байқалады. Терісі бозғылт, қабынулы өзгеріссіз. Шайнағанда ауырады. Естуі төмендейді.
Вирус бездер іскенге дейінгі 1-6 күн бойына және клиникалық симптомдар пайда болғаннан
кейін 4 күн бойы бөлінеді. Науқас инкубациялық кезеңнің соңынан кері даму кезеңіне дейін
жұқпалы Атиптік түрі – жүйке жүйесімен, безді ағзалардың (жақ астылық, тіл астылық,
жыныстық,көкіректік бездер, ұйқы безі т.б. безді ағзалар) зақымдануы.
Қызамық (орысша краснуха) – тогавирустармен қоздырылатын, ұсақ дақты экзантемамен,
лимфаденопатиямен, орташа қызбамен, жүкті әйелдерде жатырдағы нәрестенің
зақымдануымен сипатталатын жедел вирусты ауру.
Белсенді иммунизацияны практика жүзінде енгізгенге дейін қызамық 6-9 жыл аралығымен
эпидемиялық өршу түрінде кездеседі. Осы егуді енгізуге байланысты ауру бірден төмендеген.
Қызамық жүкті әйелдерге ерекше қауіп төндіреді. Аурудың трансплацентарлы берілуі жүзеге
асырылып, туа пайда болған ауыр ақаулар дамиды.
Қызамық вирусы тогавирустарға жатады. Вириондарының диаметрі – 60-70 нм, үстіңгі
жағында сирек талшықтар орналасқан, ұзындығы 8 нм, РНҚ бар. Басқа тоговирустардан
айырмашылығы, вируста нейраминидаза бар.
Вирус сыртқы ортада тұрақсыз, ол құрғатуда, рН өзгерісінде (6,8 төмен, 8,0 жоғары), ультра
күлгін сәулесінің әсерінде, эфир мен формалин әсерінде тез жойылады.
Аурудың көзі тек қана науқас адам. Яғни, олар қызамық түрлерінің клиникалық көрінісі бар
адамдар немесе аурудың атипті, бөртпесіз, сондай-ақ туғаннан қызамықтың вирусы ағзада көп
айлар бойы сақталуы мүмкін балалар (1,5 жасқа дейін). Қызамық вирустары сыртқы ортаға
бөртпе пайда болғанға дейін және бөртпе шыққаннан кейінгі 1 аптаның ішінде бөлінеді. Жүре
пайда болған қызамық ауа-тамшылы жол арқылы, туа пайда болған қызамық
трансплацентарлы жол арқылы беріледі. Қабылдаушылық жоғары.
Қызамықтың вирустары адам ағзасына тыныс алу жолдарының шырышты қабықтары арқылы
өтеді. Одан әрі вирусемия басталады. Бүкіл организмге вирус гематогенді жолмен таралады
және лимфа түйіндерінің өзгерісін тудырады, яғни жасырын кезеңнің аяғында олар үлкейеді.
Бұл уақытта вирусты мұрын жұтқыншағынан бөлуге болады. Бөртпенің пайда болуымен
вирус қан және жұтқыншақта табылмайды, бірақ кейде оның бөлінуі 1-2 аптаға созылады.
Ауруды бастан өткізгеннен кейін антиденелер өмір бойы сақталады, яғни иммунитет тұрақты
әрі өмірлік болады.
Қызамық вирусы жүкті әйелдерде жатырдағы нәрестені зақымдайды. Қызамық ауруымен
өмірге келген нәрестенің организмінде вирус ұзақ уақыт сақталатындықтан, ол басқа балалар
үшін аурудың жұғу көзі болуы мүмкін.
Аурудың жасырын кезеңі 11-24 күнге дейін (жиі 16- 20) созылады. Науқастың жағдайы жиі
орташа ауырлықта немесе жеңіл болады. Аздап әлсіздік, бас ауыруы, кейде бұлшықет және
буындардың ауыруы байқалады. Дене қызуы кейде 38-39°С жеткенмен, көп жағдайда аздап
қана көтеріліп, 1-3 күн сақталады. Объективті тексеру барысында тыныс алу жолдарының
катаральды белгілері, жұтқыншақты аздап қан кернеу білінеді. Аурудың 1-ші күндері
лимфаденопатия пайда болады. Лимфаденит аурудың ерте пайда болатын және кеш
жойылатын көрінісі болып табылады. Ауру бірнеше түрлерде өтеді. Қызамықтың клиникалық
түрлерінің жалпы қабылданған жіктелуі жоқ.
Асқынбаған түрі жеңіл немесе орташа түрде өтіп, ағзаның улануы әлсіз болады. Аурудың
барлық мерзімінде (22%) дене қызуы қалыпты, немесе аздап көтерілген күйде (48%), ал қалған
науқастарда дене қызуы (38-39°С) бұрмаланған болуы мүмкін. Қызба бар жоғы 2-4 күн, кейде 5
күнге дейін созылады.
Қызамықтың ерекше белгісі – экзантемалар. Бөртпе жиі аурудың 1-ші күні (40%) пайда болады,
бірақ ол 2-ші күні де (35%), үшінші (15%) және 4-ші күні де (10%) шығуы мүмкін. Алғашқыда ол
бетте, содан соң бір тәуліктің ішінде кеуде мен аяқ-қолдарда байқалады. Қызылшадан
айырмашылығы – бөртпе шығудың сатылылығы жоқ
Қызылша, қызамық және паротит жағдайларын эпидемиологиялық тергеп-тексеру кезінде:
1) байланыста болған адамдардың егу мәртебесін анықтау;
2) осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қызылшамен және қызамықпен
ауыратын науқастардан алынған материалды зертханалық зерттеу;
3) науқаспен байланыста болған адамдарды аурудың соңғы жағдайы анықталған сәттен
бастап 21 тәулік бойы күнделікті медициналық байқау;
4) аурудың басқа күдікті жағдайларын белсенді іздеу.
Қызылшамен және қызамықпен ауыратын адаммен тығыз байланыста болған 30 (отыз) жасқа
дейінгі және паротитпен ауыратын адамммен тығыз байланыста болған 25 (жиырма бес) жасқа
дейінгі егілмеген, егілгені туралы деректері жоқ немесе осы инфекцияға қарсы екінші
профилактикалық егуі жоқ адамдарға, қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы
моновакцинамен, ол болмаған кезде құрама вакцинамен шұғыл вакцинациялау жүргізіледі.
Шұғыл вакцинациялау науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 72 (жетпіс екі)
сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі.
Ұйымдастырылған ұжымда паротит жағдайлары тіркелген кезде, егер осы инфекцияға қарсы
егілген 18 жасқа дейінгі балаларда екінші екпеден кейін 7 (жеті) жылдан астам уақыт өтсе,
оларға бір рет вакцинациялау жүргізіледі.
Қызамық ошақтарында болған жүкті әйелдер нәрестелердің туа біткен ауруларының алдын алу тәсілін
анықтау үшін медициналық байқауға және зертханалық тексеруге жатады.
Егер жүкті әйелде алғашқы тексеру кезінде қызамық қоздырғышына G спецификалық иммундық-
глобулин бір миллилитрге 25 (жиырма бес) халықаралық бірлік және одан жоғары шоғырлануы
(титрдегі) (М иммуноглобулиндері болмаған кезде) анықталса, онда оған одан әрі медициналық байқау
жүргізілмейді.
Егер қызамыққа антиденелер (G иммуноглобулиндері және M иммуноглобулиндері) анықталмаса, онда
жүкті әйелдің қызамықпен ауыратын науқаспен жанасуын жоққа шығарады, жүкті әйелге медициналық
байқау жүргізіп, 2 (екі) аптадан кейін тексеруді қайталайды. Қайта зерттеу нәтижесі теріс болған
жағдайда 2 (екі) аптадан кейін жүкті әйелге медициналық байқауды жалғастыра отырып, үшінші
серологиялық тексеру жүргізіледі. Егер үшінші тексеру кезінде антиденелер анықталмаса, байқау
тоқтатылады.
Егер жүкті әйелде бірінші тексеру кезінде қызамық қоздырғышына М спецификалық иммундық-
глобулиндер анықталса, жүкті әйел ұрықта туа біткен патологиясы қаупі бар екендігі туралы ескертіледі.
Алғашқы тексеруден кейін 2 (екі) аптадан кейін қайтадан зертханалық тексеріп-қарау жүргізіледі.
Қызамық диагнозы расталған кезде жүктілікті тоқтату туралы мәселе жеке шешіледі.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Достарыңызбен бөлісу: |