Орындаған: Алиева н қабылдаған: Кунакбаева С. Ж

Loading...


Дата07.04.2020
өлшемі19.25 Kb.

Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы Акушерия және гинекология кафедрасы ПРЕЗЕНТАЦИЯ: Жамбастың ауытқуы.Нәрестенің көлденең және қиғаш орналасуы.

Орындаған: Алиева Н

Қабылдаған: Кунакбаева С.Ж

Тобы: С-ЕІҚ-11-01-17

Жоспар:

  • Жамбастың өлшемдері
  • ТЖ классификациясы
  • ТЖ диагоностикасы
  • ТЖ кезіндегі жүктілігі және босануы
  • ТЖ профилактикасы

Жамбас сүйектері:

Жамбас сүйектері 3 сүйектен тұрады:

-Мықын

-Шат

-Шонданай

Босану жолдарының негізін жамбас қуысы құрайды. Жамбас қуысы екі бөлімнен тұрады. Жоғарғы – үлкен, төменгі – кіші жамбас қуыстары. Үлкен және кіші жамбас шекарасы екі жағынан мықын сүйек сызығымен, алдынан қасаға сүйегінің қырымен, артынан сегізкөздің негізімен өтеді. Екі жамбас, сегізкөз, құйымшақ сүйектерінен құралған .

  • Босану жолдарының негізін жамбас қуысы құрайды. Жамбас қуысы екі бөлімнен тұрады. Жоғарғы – үлкен, төменгі – кіші жамбас қуыстары. Үлкен және кіші жамбас шекарасы екі жағынан мықын сүйек сызығымен, алдынан қасаға сүйегінің қырымен, артынан сегізкөздің негізімен өтеді. Екі жамбас, сегізкөз, құйымшақ сүйектерінен құралған .

Үлкен жамбас қуысы

  • Үлкен жамбас қуысы кіші жамбас қуысымен салыстырғанда кең және көлемді. Оның қуысы екі жағынан мықын сүйегінің ойыс беттерімен, артқы жағы Ү бел омыртқамен шектеліп жатады. Бұл қуыстың алдыңғы ашық жері құрсақ қуысының алдыңғы бетін шектейтін бұлшықеттер мен тері арқылы жабылып тұрады. Үлкен қуыстың өлшемдерін оңай алуға және сол арқылы кіші қуыс өлшемдерін болжауға болады. Жамбас қуысы өлшемдерін арнаулы жамбас өлшегішімен бөлімдерге бөлінген. Екі ұшы түйме тәрізді дөңгелек . Жамбас қуысы өлшемдерін анықтау үшін жүкті әйел қатты тақта үстіне екі аяғын созып арқасымен жатады.

Үлкен жамбас қуысының өлшемдері.

Үлкен жамбас қуысының төрт өлшемі бар: үш көлденең және бір тік өлшемі:

  • 1. Distantia srinarum - мықын сүйектерінің алдыңғы-жоғарғы қанатты өсінділерінің аралығы. Бұны өлшеу үшін жамбас өлшегішінің түймелерін осы өсінділердің сыртқы бетіне тірейді. Қалыпты жағдайда бұл аралық - 25-26 см.
  • 2. Distantia cristarum - мықын сүйегі қырларының нүктелік аралығы (28-29 см). Ол үшін өлшегіштің түймелерін мықын сүйегі қырының сыртқы бетімен жылжытып, оның ең алшақ нүктелерінің арасын өлшейді.
  • 3. Distantia trochanterica - ұршық аралығы. Ортан жіліктің жамбас ойысында орналасқан ұршықтардың арасы. Ол шамамен - 30-31 см.
  • 4. Conjugata externa - сыртқы коньюгата немесе жамбастың сыртқы тік өлшемі. Бұл өлшемді анықтау үшін әйел қырынан жатып, астыңғы аяғын бүгіп, үстіңгі аяғын созуы керек. Өлшегіштің бір түймесін шаттың сыртқы жоғарғы қырының ортасына, екінші ұшын сегіз көз үсті ойығына орналастырады. Сыртқы коньюгата қалыпты жағдайда - 20- 21см.

Кіші жамбас қуысы.

  • Кіші жамбас қуысы – айналысы сүйектермен, үсті кіреберіс, асты ­ шығаберіс жазықтықтарымен қоршалған кеңістік. Бұл төрт жазықтыққа бөлінеді
  • 1. Жамбасқа кіреберіс жазықтық.
  • 2. Жамбас қуысының кең бөлігінің жазықтығы.
  • 3. Жамбас қуысының тар бөлігінің жазықтығы.
  • 4. Жамбас қуысының шығаберіс жазықтығы.

Тар жамбас – жамбас қуысы сүйектерінің ауытқуы. Тар жамбас кезінде оның барлық өлшемдерінің немесе бір ғана өлшемінің, қалыпты өлшемдерімен салыстырғанда екі не одан жоғары сантиметрге қысқа болады.

Жамбас сүйектерінің ауытқу себептері:

  • Әйелдің сәби кезінде рахитпен ауыруы
  • Жамбас сүйегінің остеомиелиті, туберкулезбен ауруы
  • Жыныс мүшелерінің жетілмеушілігі
  • Жамбас қуысы сүйегігінің жарақаттануы
  • Гормональдік жетіспеушілік
  • Жыныстық жетілу кезіндегі физикалық жүктемелер

Жіктемесі: -Анатомиялық тар жамбас – жамбас қуысының анатомиялық құрылысының немесе көлемінің (мөлшерінің) өзгерісі. -Клиникалық (функциональді) тар жамбас – нәрестенің бас өлшемдерінің қалыпты жамбас қуысы өлшемдеріне сәйкес келмеуі.

Тарылу дәрежесі және түріне байланысты

  • Тарылу дәрежесі және түріне байланысты
  • Жиі кездесетін:
    • Жамбастың көлденең тарылуы – 45.2 %
    • Жамбастың кең бөлігінің тік өлшемінің кішіреюі – 21.8 %
    • Жай жалпақ жамбас – 13.6 %
    • Жалпы бірегей тарылған жамбас – 8.3%
    • Жалпақ рахиттік жамбас – 6.8%
    • Қалғандары – 4.1 %

2.Сирек кездесетін

2.Сирек кездесетін

Көлденең тарылған жамбас:

  • Сегізкөз ромбының үзаруы — көлденеңіне қарағанда тігінен.
  • Жамбастың шыға берісінің көлденең өлшемінің азаюы
  • Мықын сүйегі қанатының тік орналасуы
  • Аздаған лонный бұрыш
  • Қынаптық зерттеу кезінде шынайы конюгата қалыпты көлемді
  • Жалпы бірегей тарылған жамбас-жамбас қуысының бірегей 1.5 см-ге тарылуы

    Жай жалпақ жамбас:

  • Барлық тік өлшемдерінің кішіреюі
  • Мықын қанатының кең иілген
  • Сегізкөз ромбының вертикальді өлшемі 11 см-ден кіші
  • Жалпақ рахиттік жамбас:

  • Бұндай жамбас рахиттің нәтижесінде пайда болады.
  • Рахиттің бастан өткізудің басқа да көріністері:
  • бас сүйегі квадрат тәрізді
  • маңдай, шүйде бөмпегі, төбе сүйегінің айқындығы
  • бұғанасы S-тәрізді болуы
  • аяғы О-, Х- тәрізді болуы

Диагностика

  • Анамнез : сәби кезінен бастап дамуы, жыныстық жетілу кезеңі, өмірдің барлық бойындағы аурулары жайлы сұрастыру.
  • Сыртқы қарау, жамбасты өлшеу, ұрықтың өлшемі
  • Қынаптық зерттеу
  • Рентгенопельвиометрия
  • УЗИ

Нәрестенің көлденең және қиғаш орналасуы.

Нәрестенің ұзынша білігі жатырдың ұзынша білігімен тік бұрыш жасауын ұрықтың көлденең орналасуы деп атайды.

Нәрестенің ұзынша білігі мен жатырдың ұзынша білігі бір-бірімен үшкір бұрыш жасауын ұрықтың қиғаш орналасуы деп атайды.

  • Қиғаш орналасуда ұрық білігі мен жатырдың білігі өткір бұрышта жанасады. Нәрестенің позициясы деп оның арқасының жатырдың оң және сол жағына қатынасын айтады. Нәрестенің көлденең және қиғаш орналасуы да нәрестенің басының орналасуымен анықталады: егер нәрестенің басы солға қараса – ол бірінші айқындама, егер нәрестенің басы оңға қараса – ол екінші айқындама. Айқындама нәрестенің арқасының орналасуымен анықталады. Айқындаманың алдыңғы және артқы түрлері бар. Егер нәрестенің арқасы жатырдың алдыңғы қабырғасына қарап орналасса ­ алдыңғы, артқы қабырғасына қарап орналасса ­ артқы түрі дейді. 

Нәрестенің көлденең және қиғаш орналасуы дұрыс емес болып аталуы мына жағдайға байланысты ­нәрестенің білігі жатырдың және жамбастың білігіне сәйкес келмегенде, әйел өз бетінше босана алмайды, оған міндетті түрде медициналық көмек бетінше керек, өйтпеген жағдайда ана мен нәресте өміріне қауіп төнеді.

Нәрестенің көлденең және қиғаш орналасуы дұрыс емес болып аталуы мына жағдайға байланысты ­нәрестенің білігі жатырдың және жамбастың білігіне сәйкес келмегенде, әйел өз бетінше босана алмайды, оған міндетті түрде медициналық көмек бетінше керек, өйтпеген жағдайда ана мен нәресте өміріне қауіп төнеді.

  • 1. Ұрықтың көлденең (қиғаш) орналасуының пайда болуы көп жағдаймен байланысты. Осындай жағдайларға мыналар жатады: судың көп болуы, көп ұрықты жүктілік.
  • 2. Ұрықтың көлденең (қиғаш) орналасуы тар жамбаста, бала жолдасының жатуы жатырдың төменгі сегментінде орналасқан жағдайда болғанда және басқа нәресте басының жатырдың төменгі сегментіне түсуіне кедергі болатын жағдайларда қалыптасады.
  • 3. Жатырдың дұрыс емес формасы, мысалы, ер-тоқым іспеттес жатыр да ұрықтың көлденең (қиғаш) орналасуының себебі болады.

Жүктілікті және босандыруды жүргізу.

  • Ерте кезде анықталған (ҮІІ-ҮІІІ айда) ұрықтың көлденең (қиғаш) орналасуы өздігінен дұрыс қалыпқа келуі мүмкін. Көлденең (қиғаш) орналасқан нәрестені әйелдің өзі бүйірімен жатып, дұрыс қалыпқа келтіруге келтіре алады. Мысалы, егер ұрықтың басы сол жақта орналасса, жүкті әйелге сол қырымен жатуы керек. Осы кезде жатыр түбі мен нәрестенің жамбасы солға ығысады. Ал егер нәрестенің басы оң жақта орналасса, онда жүкті әйелге оң жақ қырымен жатады. Нәресте қиғаш орналасқанда ұрықтың құйымшағы төмен жатса, жамбасқа бұрылу жеңілірек болады. Кей кездерде нәресте арнайы жаттығулар нәтижесінде (күніне 3-4 рет 1 сағат бойында 10 минуттан сол және оң жақ бүйірге жату) дұрыс қалпына келеді.

Жүктіліктің 35-36 аптасына дейін ұрықтың дұрыс орналаспауы сақталатын болса, онда әйелді аудандық аурухананың перзентханаға немесе қалалық перзентханаға жібереді, ол сол жерде босануға дейін болады.

Жүктіліктің 35-36 аптасына дейін ұрықтың дұрыс орналаспауы сақталатын болса, онда әйелді аудандық аурухананың перзентханаға немесе қалалық перзентханаға жібереді, ол сол жерде босануға дейін болады.

  • Босану кезінде нәрестені сыртынан ауыстыру нәтижесіз болғанда, ішінен ауыстырып, нәрестені шығарып алады. Ішкі бұрылысты жатыр мойны толығымен ашылғанда және су кетпегенде (су қабығы ауыстыру кезінде жарылады) немесе су кеткеннен кейін бірден жүргізеді. Сол себепті босану кезінде қағанақ қабығын жатыр мойнын толық ашылу кезеңіне дейін сақтау маңызды болып саналады. Босанатын әйелге төсектен тұру рұқсат етілмейді, жамбасқа жақын жатқан басы немесе жамбасы орналасқан бүйіріне жату ұсынылады. Судың ерте кетуін қынап ішіне резеңке баллон – кольпейринтерді салу арқылы алдын алуға болады. Ашылу аяқталысымен, қабықты жарып, нәрестені бұрып алып шығады.
  • Кейбір нәрестенің көлденең (қиғаш) орналасуы басқа патологиямен (тар жамбас, жасы ұлғайған алғаш рет босанушы) қабаттасқан жағдайларда босану әрекетінің басында кесар тілігін жасайды.

Тар жамбас қуысының алдын алу шаралары.

Тар жамбас қуысының алдын алу шаралары.

  • Тар жамбас қуысты алдын ала анықтап, босану тәсілін дер кезінде дұрыс шешу керек. Әйелдер кеңесінде жамбас қуысы тар әйелдерді ерекше есепке алып, 2-3 апта бұрын перзентханаға жатқызу керек. Рахиттің профилактикасын дұрыс ұйымдастыру. Инфекциялық, жарақаттық жағдайлардың алды алу 


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...