Өндірістік сараман бойынша бағдарлама



бет2/2
Дата12.06.2022
өлшемі96.33 Kb.
#268165
1   2
Байланысты:
Практика Сизо

Есеп
Сараман жетекшісі: Теректі аудандық сотының
Бас маман – сот мәжілісінің хатшысы Кусанова Г.О.

Орал қаласы – 2022 жыл


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 2 курс студенті Ахметова Анара Якупқызы Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық сотында 2021 жылдың 03 - мамыр мен 22 - мамыр аралығында оқу - танысу тәжірибесінен өту кезіндегі


ЕСЕБІ

Ахметова Анара Якупқызы – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Тарих, экономика және құқық» факультетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша күндізгі оқу бөлімінің 2 курс студенті. Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық сотынан 03.05.2021 – 22.05.2021 ж.ж аралығында оқу – танысу сараманынан өтуге қабылдандым. Сараман жетекшісі ретінде Теректі аудандық сотының Бас маман – сот мәжілісінің хатшысы Кусанова Г.О. бекітілді.


Сараманның алғашқы күні аудандық соттың жалпы жұмысымен, оның соттылығына жататын және қаралатын істер мен материалдардың тізімімен таныстым. Сонымен қатар сот атқарушысының, сот приставының, сот отырысы хатшысының, сот кеңсесінің жұмыстарымен, олардың іс жүргізу ерекшеліктерімен танысып шықтым.
Жалпы (кіріс, шығыс) кеңсесінің жұмысымен танысып, кіріс хат-хабарларды Қазақстан Республикасының Сот органдарының «Төрелік» Ақпараттық жүйесі арқылы тиісті журналдарға электронды түрде тіркеуді үйрендім. Сот мұрағатына тапсыру үшін азаматтық істерді дайындауға көмектестім, құжаттарды хронологиялық тәртіппен іске тігіп, құжаттардың тізімін жасақтап, анықтама парағын толтырдым. Ішкі құжаттарды (сот төрағасының өкімдері, жұмыс жоспарлары, жедел кеңес хаттамалары, т.б.) «Төрелік» АЖ-де электронды түрде дайындап тіркеудің тәртібімен таныстым. Қаралып болған істер бойынша сот актілерінің көшірмелерін жолдау туралы хаттардың жобасын дайындадым.
Сараман кезінде 3 сот процесіне қатыстым:

  • ӘҚБтК-нің 440- бабы 3 бөлігі бойынша қозғалған ісі бойынша сот процесіне қатыстым, нәтижесінде сот қаулысымен құқық бұзушыға әкімшілік жаза ретінде 5 тәулік мерзімге қамаққа алу тағайындалды;

  • Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодекстің 19 – бабына сәйкес некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу туралы сот процесіне қатыстым. Нәтижесінде сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды, талапкер мен жауапкер арасындағы неке бұзылды, жауапкерден талапкер пайдасына кәмелетке толмаған баласын асырау үшін жалақысының немесе басқа табысының 1\4 бөлігі мөлшерінде алимент өндірілді.

  • Әкімшілік істі жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде сот процесіне қатыстым, бірақ сот отырысы судьяның ұйғарымымен кейінге қалдырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы