Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету

Loading...


Дата19.03.2020
өлшемі19.46 Kb.
Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету

Дәріс жоспары:

1. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау

2. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындауда орындалатын жұмыстар

 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау ғылыми және ұйымдық-техникалық кешенді шараларды ұсынады, өнім сапасының талап етілетін дәлдік көрсеткіштерін анықтауды қамтамасыз етеді, жабдықтардың технологиялық процесстердің параметрлері мен көрсеткіштерін сипаттайды. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау бұл озық технологиялық процестерді қолдануға бағытталған, ғылыми-техникалық деңгейдің өсуі нәтижесінде өңделген және қолданылатын нормативті-техникалық, технологиялық және конструкторлық құжаттарды, сонымен қатар механикаландырылған және автоматтандырылған құралдарды өндірістік процестерде қолдану өндірістің технологиялық дайындығының бірыңғай жүйесінің бөлігі болып табылады.

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындығы өнімнің өмірлік циклінің келесідегідей кезеңдерін қарастырады:

- Жоспарлау және тексеру кезеңі ( озық жаңа технологиямен жасауға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстары, өлшеу құралдарының технологиялық параметрлері мен сапа көрсеткіштерін анықтау әдістері, болашағы бар кешенді механикаландырылған және автоматтандырылған жабдықтарды жасауға арналған тәжірибелі- конструкторлық жұмыстар);

- Дайындау кезеңі (өндірісті дайындау, массалы өндірісте өнімді дайындау, өндірістен шығару);

- Айналдыру кезеңі (өнімді тиеу, тасымалдау, сақтау);

- Тұтыну кезеңі(өнімнің медициналық биологиялық құндылығы, органолептикалық бағалау).

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау кезінде жаңа және модернизацияланған технологиялық процестерді орынды қолданып жетілдіруге болады. Өндірістерде жаңа және модернизацияланған технологиялық процестерді қолдану нәтижесінде отандық және шетелдік өндірістердің деңгейінен төмен емес өнім сапасының жоспарланған жоғары дейгейде шығуына әсерін тигізеді. Мұндай процестер, қазіргі заманға сай ғылым мен техниканың дамуына үлес қосып, жоғары дәрежеде табыс табуға негізделеді және өнім сапасының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ете отырып, жоспарланған өзіндік құнға байланысты қиындықтардың төмендеуіне ықпал етеді, еңбек өнімділігінің артуын, техникалық қауіпсіздік және гигиеналық талаптардың орындалуын сонымен қатар экологиялық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Салалық өндірісті заманауи дамыту кезеңі өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау барысында мыналарды өзіне қосады:

- Өлшемдердің дәлдік нормасын жетілдіру және өлшенетін параметрлердің номенклатурасының анықталуы, шикізатты, жартылай дайын және дайын өнімдерді бақылағанда олардың дұрыстығын қамтамасыз ету;

- Өндірісте өлшеу құралдарын қамтамасыз ету, өлшеу құралдарын арнайы салалары бойынша жобалау және жасау;

- Микропроцессорлық техникалардың базасында өлшегіш-есептегіш кешенінде өндірісті қамтамасыз ету;

- Өлшемдердің дәлдік нормаларын анықтауды қамтамасыз ету;

- Өлшемдердің орындалуы үшін номативті құжаттарда қойылған талаптардың жүзеге асуы;

- Өлшемдерді орындау әдістемелерін жетілдіру және қоршаған ортаны қорғау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындауда негізгі аспектісінің бірі объектілерді тексеруді анықтау. Өндірісінте объектілерді тексеру болып, шикізат, жартылай дайын өнім, дайын өнім, қосымша материалдар, технологиялық процесс пен жабдықтар жатады. Технологиялық процесті бақылағанда технологиялық құралдардың жабдықтардың параметрлерін тексеруге рұқсат етіледі, соның нәтижесінде өлшеу құралдарын бақылау, технологиялық тәртіпті орнату, технологиялық процестің тұрақтылығын қамтамасыз ету, сонымен қатар шикізат пен дайын өнімнің сапа көрсеткіштерін анықтау болып табылады.

Техникалық бақылау нормативті—техникалық құжаттарға орнатылған талаптарға сәйкес келесідегідей түрлерге бөлінеді:

- Өндіріс кезеңі бойынша: кіріс, операциялық, қабылдау;

- Толық қамту бойынша: бірыңғай, ішінара, үздіксіз және периодты;

Бұлар салаларда қолданыс тапты: кіріс бақылау - шикізатқа және қосымша материалдарға жүргізіледі, операциялық бақылау – технологиялық параметрлерді, сонымен бірге сапа көрсеткіштерін бақылауды іске асырады, қабылдау бақылауы – нормативті-техникалық құжаттарға сәйкес өнім сапасын бағалауды орындайды.

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау ГОСТ 15.001-98 бойынша «Өндірісте өнімді өңдеу. Негізгі ережелер» мемлекетаралық стандарт талаптарымен ережелеріне сәйкес іске асады. Ұйымдар өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау жұмыстарын өткізуді орындайды және ұйым белгілі бір мерзімде өндірісте жаңа өнім өндірілген кезде технологиялық дайындықтан өткізуді немесе жаңа және модернизациялық технологиялық процестерді енгізуді іске асырады. Комиссия құрамында өндірісті технологиялық дайындықтан өткізу бойынша ұйым және кәсіпорында шыққан бұйрық бойынша арнайы мамандар, өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуде дайындауға жауапты тұлға тағайындалады. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуді дайындауға жауапты тұлға жұмыстарды ұйымдастырады бірақ басқа кәсіпорындардың қызметін жетілдіріп өнімді өңдеуде өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жоспарларды құрады және онда бас метрологтың келісімі болуы керек, бас метрологтың орындайтын функциялары анықталынып, оны бас инженер бекітеді. Жоспарда жұмыстың тізімдемесін, өндірісті метрологиялық дайындықтан өткізудің мерзімдерін жауапты тұлға анықтап орындайды.

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау жұмыстарын өткізу үшін мынадай нормативті-техникалық құжаттар қолданылады:

- Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесіндегі негізгі талаптарға сәйкес жабдықтардағы конструкторлық құжаттаманың жиыны;

- Технологиялық процестерді жүргізу бойынша технологиялық нұсқаулар;

- Өнім өндірісінде технологиялық процестің техникалық деңгейінің картасы;

- Өлшем әдістемелеріне кіретін шикізаттар, жартылай дайын өнімдер мен дайын өнімдердің сапа көрсеткіштерін операциялық бақылау әдістерінің жиынтығы;

- Технологиялық процесс параметрлерін өлшеу әдістемесі;

- Өлшеу құралдарының тізімдемесі, орнатылған технологиялық сұлба және олардың метрологиялық сипаттамалары;

- Өлшеу құралдарын алдын—ала жоспарлы және ағымдағы жөндеу жұмыстарында орнатылған графиктің көшірмелері;

- Өндірісте жаңа өнімді шығару немесе жаңа және модернизацияланған технологиялық процесті енгізу арқылы ұйымдастыру және тағы басқа нормативті-техникалық құжаттамалар.

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындауға - бастапқы технологиялық және конструкторлық құжаттарды метрологиялық сараптау, техникалық талаптарда бақыланатын параметрлер және номенклатуралар, ұйымдық—әдістемелік және конструкторлық-өндірістік құжатар, өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуде орнатылған ержелер мен талаптар кіреді.

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау жұмыстары кәсіпорынның конструкторлық технологиялық және метрологиялық қызметтері өнім өндіру туралы алғашқы құжаттарды алған мерзімнен бастап жүргізіледі. Бұл жұмыстың ұйымдастырылуы мен басталуы туралы құжаттарды салалық стандарттар белгілейді. Метрологиялық қамтамасыз ету процесіне мемлекеттік және ведомствалық метрологиялық қызмет органдары басшылық етеді.

Өндірісті дайындауда метрологиялық қамтамасыз етудің жоспарын кәсіпорынның метрологиялық қызметі немесе метрологиялық қызметпен келісе отырып, өндірістің технологиясын жоспарлайтын бөлімшесі жасайды. Бұл жоспар өндірісті техникалық әзірлеудің жалпы жоспарына кіреді.


Сұрақ:

  1. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындығы өнімнің өмірлік циклінің қандай кезеңдерін қарастырады?

  2. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау жұмыстарын өткізу үшін қандай нормативті-техникалық құжаттар қолданылады?

  3. Техникалық бақылау нормативті—техникалық құжаттарға орнатылған талаптарға сәйкес қандай түрлерге бөлінеді?


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...