3.Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогы арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің кемелдеуіне көп үлес қосқан көрнекті ақындардың бірі. Ол өзінің шығармаларында, өз заманындағы жағдайды түбегейлі жеткізе отырып, халықтың шырқын бұзған болыс-билердің кейіпін көрсетіп, сынап жазған. Ақынның қай өлеңін карамасаңыз да, адамгершілік, әділдікті насихаттап, халқын ғылым мен білімге шақырған.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев өлеңдерінің басым бөлігі адам өмірінде болып жатқан құбылыстарды барынша астарлай жеткізе білген. Сол өлеңдерінің бірі «Ғибратнама». Бұл эсседегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы, ақын, жүрегіндегі барлық ойды жеткізгісі келген . Сол заманда отаршылдық езгіні көрген ақын, патшаның отаршылдық саясатына деген наразылығын мына өлең жолдарындағы бұлбұл сөздері арқылы көрсете білген:
Қызыл гүл мен ұйықтамай ашылмайды,
Көзімше аузы ашылып шашылмайды.
Оянсам ұйықтап кетіп, ашылады,
Қасіретім бір көре алмай басылмайды.
Бұл шумақтағы қызыл гүлді, ақын тәуелсіздік сөзімен алмастыра отырып жазған. Сол заманда,ы отаршылдықтан ауыр азап шегіп, қиындық көрген қазақ халқының тәуелсіздікке деген орындалмай кеткен арманын мына бір өлең жолдарында да жеткізгісі келген:
Өткіздім мен әрбір түнді сайрауменен,
Басымды тікенекке байлауменен,
Көрем деп қызыл гүлдің ашылғаның,
Ұзын түн зығырданым қайнауменен.
Қызыл гүл мен ұйықтамай ашылмайды,
Көзімше аузы ашылып шашылмайды.
Оянсам ұйықтап кетіп, ашылады,
Қасіретім бір көре алмай басылмайды.
Осы жазылған өлең шумақтарын оқи отырып астарында қанша мән мағына жатқанын түсінуге болады. Ал қаршығаның бұлбұлдың айта келген уәжіне жауабы туралы айтсақ, қаршыға оны өзі сияқты болуға шақырады. Қаршыға болса үндемей қалған, біреудің айтқандарына көніп жүре беретін біреу болады. Оның дәлелі ретінде мына жолдарды айтсақ болады:
Құс ішінде сен ақымақ, ақылың жоқ,
Бір гүлге пайдасы жоқ болған ғашық.
Аузыңды, ақылың болса, жабар едің,
Үндемей, сабыр қылып бағар едің.
Тілі жоқ мен секілді мылқау болсаң,
Бір күнде мың мұратты табар едің.
Ей, бұлбұл, ақылың жоқ неткен ерсің,
Аузыңды жаппағаннан опық жерсің! – деп ақыл айтады. Бірақ бұлбұл бұл сөздеріне қарсылығын білдіреді. Себебі бұл жерде бұлбұл кейіпінде қазақ халқы болады. Ал біз - қазақ халқы, ешқашан берілмейтін, ар-намысты әрқашан жоғары қоятын халықпыз. Қазақ халқының қандай ұлы халық екенін жәй ғана 2 шумақ өлеңмен жеткізе білген ақынның шеберлігін, мына өлең шумақтарынан байқауға болады:
Бір ұрттам қан ішерсің бір құс алсаң,
Сен ақымақ, тамақ үшін болған сарсаң.
Арбакеш сарттарға құл болғанша,
Онан да жақсы емес пе өле қалсаң.
Жаратқан бір Құдайға жетер дәтім,
Зарлаған ұзақ түндер мінәжатым,
Бітпесе бір мұратым, кетсін, барсың,
Ғаламға дастан болған бұлбұл атым! – дей отырып қазақ халқының ұлылығын көрсеткен. Осы өлең жолдарына сай келетін Бауыржан атамыздың мына сөздерін осыған дәлел ретінде алсақ болады: «Тізе бүгіп тірі жүргенше, тік тұрып өлген артық».
Қорытындылай келе, «Ғибратнама» өлеңінде ақын өз ойын астарлы түрде жеткізіп, сол кездегі жағдайды бүгінгі ұрпаққа тарихи шежіре ретінде қалдырған. Жәнеде бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы ақынның тәуелсіздікті аңсап, қол жеткізгісі келетінін, сонымен қатар азатсүйгіш екенін көруге болады. Осы сөздерге дәләл ретінде Б. Кенжебековтың айтқан мына сөздерінен аңғаруға болады: «Мәшһүр Жүсіп Көпеев өз өлеңдерінде қазақ халқының жай-күйін, заман жайын дұрыс аңғарады, оқығандардың арманын мақсатын дәл түсінеді, айқын білдіреді».
Достарыңызбен бөлісу: |