Он тоғызыншы қарасөзіндегі


Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ащудағы автор тәсілін талдап жазыңыз



бет26/49
Дата11.04.2022
өлшемі95.37 Kb.
#220011
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49
Байланысты:
ЭССЕЛЕР ретімен
Педагогический опыт-1, жаңа эссе тақ
25. Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ащудағы автор тәсілін талдап жазыңыз.

Ақбілек – қазақ әдебиетіндегі алғашқы эпикалық роман. «Ақбілек» романындағы еліміздің шығыс өңіріндегі әлемге аян Алтай өңіріндегі ауыл көріністері, Ертіс-Күршім сипаты, Марқакөлдің мөлдір суы мен оның айналасындағы аң-құс, жануарлар әлемі, алуан түсті адам портреттері, этнографиялық этюдтер, яғни қазақ тұрмысы мен заман көріністерінен, адамдар арасындағы қатынастарды шебер бейнелеген. Шығарма Ақбілектің солдат қолына түскен қыр қазағынан қала қазағы болған уақытқа дейінгі аралықты қамтиды.

Жүсіпбек Аймауытовтың Ақбілек обрызын жеткізуін үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Олар: ақтардың қолына түскен сәті, ауыл ішіндегі күйі, қаладан тапқан жан тыныштығы. Ақбілектің өмір арнасын басқа сарынға түсірген елеулі оқиға ол – ақтардың оны аяулы әке мен шешенің жылы құшағынан суырып әкеткен сәті болды. Ақбілектің шарасыздығын, дәрменсіздігін, басына түскен ауыртпалыққа көндіккендігін жазушы түрлі теңеулер арқылы жеткізеді. Мысалы, «қара мұрттың» қолына барып тиген сәтін « Әуелгі кезде Ақбілек қолға түскен құралайдай, екі көзі мөлдіреп, көп ит анталағандай құнысып, маңайындағы жанның бәрін жан алғыштай көріп, үркіп, елегізіп, жүрсе де, анасын, ауылын ойлап, ауызына дәм салмай, аштан қатып, бүк түсіп көрсе де, әрі – беріден соң шыбын жаны түскір шыдатпады, мезгілсіз өле алмады.»

Қасқырға жем болып қала жаздап, арып – ашып, ажал тырнағынан әрең дегенде құтылып шығып, өліп – талып, туған ауылына жеткен Ақбілекті бұрынғыдан да сорақы азап, мазақ, қорлық тұрды. Орыстан тапқан баласы, ел ішіндегі өзі туралы өсек – аяң, әкесінің тоқал алуы – барлығы кейіпкерге психикалық ауырлық болды. Жазушы Ақбілектің басынан өткен алуан түрлі оқиғаларды суреттеуде метонимия, эпитет, теңеу секілді әртүрлі тіл көкемдегіш құралдарды пайдаланған.Мысалы, «Енді Ақбілек қайтсін? «Екі қабат болғам жоқ, бала тапқам жоқ» деп, не бетімен айтсын?.. Кешегі «өлегнім жақсы еді» деген ойы тағы келді. Өзін бұл дүниеге керексіз, артық адамдай, жұртта қалған бұралқы, жұрын күшіктей көріп, табан тірерлік, сүйенерлік аяқ астында алақандай жер қалмаған адамша жаны түршігіп, жүрегі аузына тығылып, көзініің жасы көл болып аға берді, аға берді...»

Алдымен есіркеп, мүсіркеу, аяу, артынан қорлық, мазақ, табалау атаулының тозақ отына өртенген Ақбілек бәрібір тірі қалады. Ағасы Төлегеннің соңынан іздеп барып, оқуға түседі. Семей, Омбы қалаларын көреді, келер күннен үміт күтіп, әрекет жасайды. Қала қазағына айналған Ақбілектің бойындағы жаңа қасиеттерді Жүсіпбек Аймауытов эпитеттерді қолдану арқылы жеткізеді. Мысалы, «Ақбілек баяғы емес. Өзгерген, өнер тапқан, жетілген, ысылған... Бұрынғы бұйығы, ұялшақ, сызылған, мұңайған Ақбілектің ізі де жоқ... Қалайда Ақбілек жат, Ақбілек өнерлі! Ол енді ақсақалдың ғана баласы емес, көптің баласы.»

Қорыта келе, «Ақбілек» романын ұлттың таным мен парасатты, ұлтық болмыс – бітімін көрсететін тәрбиеік мәні зор салт – дәстүр, әдет ғұрыптар деуге болады. Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» бейнесін жазу барысында әдебиеттің тіл көркемдегіш құралдарын өте шебер қолдана алған деп айтуға болады. Роман арқылы ұлтымыздың бүгінгі, ертеңі болашақ ұрпағымызға ой салары анық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы